ҚҰҚЫҚ негіздері


) белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу



Pdf көрінісі
бет304/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   389
5) белгiлi бiр жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу.  

6) жер учаскесiне құқықты куəландыратын құжаттарды да-йындау жəне 

беру.  Жер  учаскесiне  құқықты  куəландыратын  құжаттар  дегенiмiз – жер 

учаскесiнiң  сəйкестендiру  сипаттамаларын  көрсететiн  жəне  жер  қатынастары 

жөнiндегi  уəкiлеттi  органның   құқық  белгiлейтiн  құжаттардың  негiзiнде  жер 

учаскелерiнiң  меншiк  иелерi  мен  жер  пайдаланушыларға  беретiн  құжаттары. 

Құқықты куəландыратын құжаттарға жер учаскесiне жеке меншiк құқығы актiсi, 

тұрақты  жер  пайдалану  құқығы  актiсi  жəне  уақытша  (өтеулi,  өтеусiз)  жер 

пайдалану  құқығы  актiсi  жатады.  Облыстардың  (республикалық  маңызы  бар 

қаланың,  астананың),  аудандардың  (облыстық  маңызы  бар  қалалардың) 

уəкiлеттi органдары беретiн мынадай құжаттар:  

жер  учаскесiне  жеке  меншiк  кезiнде – жер  учаскесiне  жеке  меншiк  құқығы 

актici;  

тұрақты  жер  пайдалану  кезiнде – тұрақты  жер  пайдалану  құқығы  актiсi; 

уақытша өтеулi жер пайдалану кезiнде – уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа 

мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы актiсi;  

уақытша  өтеусiз  жер  пайдалану  кезiнде – уақытша  өтеусiз  жер  пайдалану 

құқығы  актiсi  жер  учаскесiне  құқықты  куəландыратын  құжаттар  болып 

табылады.  

Жер  учаскесiне  құқықты  куəландыратын  құжаттарда  жер  жəне  құқық 

кадастрларын  жүргiзу  мақсаттары  үшiн  қажеттi  сəйкестендiру  мəлiметтерi 

болуға тиiс.  

Егер  атқарушы  органның  жер  учаскесiн  беру  туралы  шешiмiнде  өзгеше 

көзделмесе,  жер  учаскесiнiң  нақтылы  (белгiлi  бiр  жердегi)  шекарасы 

белгiленгенге  жəне  жер  ресурстарын  басқару  жөнiндегi  аумақтық  орган  жер 

учаскесiне  құқықты  куəландыратын  құжаттарды  бергенге  дейiн  жер  учаскесiн 

пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше 

иеленiп  алу  деп  танылады  жəне  Қазақстан  Республикасының  əкiмшiлiк  құқық 

бұзушылық туралы заңдарына сəйкес əкiмшiлiк жауапкершiлiктi көздейдi.  

Құқықты  куəландыратын  құжаттары  ресiмделмеген  жер  учаскелерiне 

қатысты мəмiлелер жасасуға жол берiлмейдi. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет