ҚҰҚЫҚ негіздері


Тарихи-материалистік  теория



Pdf көрінісі
бет34/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   389
Тарихи-материалистік  теория.    Мемлекет  пен  құқықтың  шығуын 

түсіндіретін  бұл  теорияның  негізін  салушылар  К.Маркс  пен  Ф.Энгельс  жəне 

В.И.Ленин,  Г.В.Плеханов  т.б.  болып  тбылады.  Материалистік  теория  өзінің 

бастауын,  Л.Морганның  идеяларынан  алатындығын  баршамыз  жақсы  білеміз. 

Тарихи-материалистік  теорияны  көп  жағдайда  таптық  теория  деп  те  айтып 

жатады.  бұл  теорияға  сəйкес  мемлекет  əлеуметтік-экономикалық  дамудың 

негізінде  алғашқы  қауымдық  құрылыстың  ыдырауымен,  жеке  меншіктің 

қалыптасуымен  өмірге  келеді  деп  түсіндіріледі.  Мемлекет  қанаушы  таптың 

мүддесін  білдіретін  заңды  органдарды  көрсететін  болса,  құқық  сол  қанаушы 

топтың  қаналушы  топты  езіп  жаншуға  бағытталған  заңды  құралының  көрінісі. 

Мемлекет  пен  құқық  та,  бұл  теорияға  сəйкес  экономикалық  дамуға  негізделе 

отыра, қалыптсқанмен таптық қайшылықтың жемісі болып табылады. Көбінесе, 

бұл  теорияның  осы  бағыты  Кеңестік  заң  ғылымында  кеңінен  дəріптелді. 

Тарихи-материалистік  теорияның  екінші  сипаттамасына  мəн  берілмеді.  Оған 

сəйкес  тарихи-материалистік  теория  бойынша  мемлекет  пен  құқық 

экономикалық  дамудың  нəтижесінде  қоғамның  күрделенуі  барысында  өмірге 

келеді.  Сонымен  қатар,  жалпы  қоғамдық  мəселелерді  шешудің  құралы  ретінде 

пайда  болады.  Көп  жағдайда  тарихи-материалистік  теория  мемлекет  пен 

құқықтың  пайда  болуының  шынайы  табиғатын  ашуға  бірден-бір  жақындаған 

теориялардың бірі болып табылады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет