ҚҰҚЫҚ негіздері


Сақтандыру  құқығының  объектілері  мен  субъектілері



Pdf көрінісі
бет353/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   389
Байланысты:
treatise19737 (1) (1)

 Сақтандыру  құқығының  объектілері  мен  субъектілері.  Сақтандыру 

қатынастарының  обьектісі  ретінде  ақша  қаражаттары  мен  материалдық 

құндылықтар,  сондай-ак  материалдық  емес  адамның  жеке  басына  байланысты 

игіліктер  көрініс  табады.  Мəселен,  ақшалар  мен  материалдық  құндылыктарға 

табыс,  мүлік,  кəсіпкерлік  кызметтің  тəуекелдері,  залал  келтіру  мүмкіндігіне 

орай  азаматтық  жауапкершілік  жəне  т.б,  ал  адамның  жеке  басына  байланысты 

игіліктерге- еңбек қаблеттілігі, өмірі, денсаулығы жатады.  

Ал  сактандыру  қатынастары  белгілі  бір  мүдделерді  көздеуге  байланысты 

туындайтындықтан біршама - баламалы, толығымен баламалы сипатта болады. 

Бұл      жерде  де  сақтандыру  мүдделерінің  тек  зиян,  залалды  қалпына 

келтіруге  қажетті  өтемдік  сомаларды  алуға  ғана  бағытталмағанын,  сонымен 

бірге  осы  аяда  басқа  да  сақтандыру  мүдделерінің  мол  пайда  табу,  бар  екенін 

білуіміз қажет. Сақтандыру қатынастары сақтандыру төлемін төлеу, сактандыру 

өтемін  өтеу  міндеттерін  жүзеге  асырушы,  сақтанушы  мен  сақтандырушы 

арасында  туындайтындықтан  бұлар,  материалдык  сақтандыру      қатынастары 

болып саналады 

Мемлекеттік  тиісті  нормативті  құқықты  актілерді  шығару  арқылы 

материалдық  жəне  сактандыру  ұйымдастыруға  байланысты  қатынастардың 

қатысушыларының  жүріп-тұру  қағидаларын  белгілейді.  Олардың  дұрыс 

атқарылуын жəне сақтанылуын көздей отырып мамандандырылған мемлекеттік 

уəкілетті  органдарды  құрады.  Сондай-ақ  басым  бөлігі  мемлекеттік  емес 

сақтандыру  аясы  болғандықтан  осы  аядағы  заңдылықтың  сақталуы  үшін 

қадағалау жəне лицензиялау қызметтерін арнайы органдарының күшімен жүзеге 



463 

 

асырылады. Сонымен, сақтандыру əралуан қатынастарын жан-жақты құқықтық 



реттеу  құралы  ретінде  сақтандыру  құқығы  өз  алдына  қызмет  етеді.  Егер  оның 

түсінігін айқындап көрсек, ол былайша сипатталады. 

Сақтандыру  құқығы  деп,  мемлекет  аумағында  сақтандыру  ісін 

ұйымдастыру  жəне  оны      жүргізу,  сондай-ақ  сақтандыру  кызметін      жүзеге 

асыру процесінде  туындайтын қоғамдық   қатынастарды реттейтін   құқықтық 

нормалардың жиынтығын айтамыз. 

Сақтандыру 

құқығының 

ішкі 

құрылысын 



құрайтын 

құқықтық  

нормалардың  бір  келкі  болмайтыны  анық.  Азаматтық - құқықтык  нормалар 

сақтандыру  аясындағы  екі  тараптың  сақтандыру  мүддесіне  сай  туындайтын 

сақтандыру қатынастар реттейтін болса, қаржылық - құқықтық нормалар өктем 

-  билік  сипатында  бола  тұрып  мемлекет  мүддесін  тисінше        атқаруға 

атсалысады.  Осыған  қарап,  сақтандыру  құқығының  əдістері  өктем  ықпалды, 

мəжбүрлі  билік,  яғни  императивтік  əдістерден  жəне  біршама-икемді,  шартты-

келісімді  диспозитвтік  əдістерден  тұратынын  байқаймыз.  Сақтандыру 

құқығының  нормалары  белгілі  бір  тəртіппен,  өздері  реттейтін  бір  тектес 

қатынастар 

мен 


белгілейтін 

жүріп- 


тұру 

қағидалары 

бойынша 

шоғырландырылады.  Осыған  орай  сақтандыру  құқығының  өзіне  тəн  жүйесі 

болады  жəне  ол  жалпы,  ерекше  бөлімдерден  тұрады.Бұл  жерде,  егерде 

сақтандыру  құқығының  жүйесін  екі  тұрғыдан  көрсетсек  онда  олар  мынадай 

келесідей көрініс табады. 

1. қаржылық - сақтандыру құқығының жалпы бөлімі мына институттардан 

құралады: 

1.  мемлекеттің сақтандыру жүйесі 

2.  мемлекеттік сақтандыру қаржылық саласындағы басқару 

3.   сақтандыру қаржылық жоспарлаудың құқықтық негіздері 

4.   қаржылық - сақтандыру бақылауын құқықтық реттеу 

2.  ерекше бөлімнің институттарына мыналар жатады: 

1.  міндетті  сақтандыру  қорларын , резервтік  қор,  қалыптастыруды 

құқықтық реттеу 

2.  сақтандыру  резервтерінен  сақтандыру  өтемдерін  төлеуді  құқықтық 

реттеу 


3.  сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз етуді 

құқықтық реттеу 

4.  кездейсоқ  ақпараттардың  алдын  алу  жəне  қалпына  келтіру  шараларын 

жүзеге асаруды  құқықтық реттеу 

Сақтандыру  құқығы  кешенді  құқықтық  құрылым  болғандықтан  оның 

жүйесінің  кең  мағынада  көрініс  тапқаны  негізді  əр  орынды  болады.  Сонымен 

сақтандыру  құқығының  жүйесіне  былайша  сипаттама  береміз  оның  жалпы 

бөліміне мына институттары жатқызылады. 

1.  мемлекеттің сақтандыру құрылысы 



464 

 

2.  сақтандыру ақшалай қорлары саласындағы басқару 



3.  сақтандыру баланстары мен тарифтерін құқықтық реттеу 

4.  мемлекеттік сақтандыру қадағалауын құқықтық реттеу 

5.  сақтандыру заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік  

Ерекше   бөлімі мына институтардан тұрады: 

1.  мүлікті,  жеке  басты  жəне  жауапкершілікті  міндетті  сақтандыру 

құқықтарын реттеу 

2.  мүлікті  жеке  басты  жəне  жауапкершілікті  ерікті  сақтандыруды 

құқықтық реттеу 

3.  сақтандыру ұйымының   каржылық орнықтылығын    қамтамасыз етуді 

құкықтык реттеу 

4.  сақтандыру  қалпына  келтіру  жəне  алдын  алу  шараларын 

каржыландыруды   кұкықтык реттеу. 

Бұл  жерде  айта  кететін  бір  жайт,  сақтандыру  рыногының  ойдағыдай 

қалыптасуына 

жəне 

сақтандыру 



құқығының 

жетілдіріліп, 

даму 

тенденцияларына  қарай  осы  аталған  институттардың  да  жаңаша  мағына-



мазмұнды өзгерістерге ұшырап отыратыны белгілі. 

Мүліктік  емес  игіліктер  өзіндік  мүліктік  емес  қатынастардың  объектілері 

болады. Сақтандыру құқық нормалары реттеген коғамдық қатынастар құқықтық 

қатынастар, атап айтқанда, сактандыру құқығы қатынастар сапасына ие болады. 

Сақтандыру кұқық қатынастар дегеніміз - азаматтық құкық нормалары реттеген 

қоғамдык  қатынастар.Сақтандыру  қатынастардың  ерекшелігі  азаматтық-

құқықтық  реттеудің  объектісі  мен  əдістеріне  байланысты.  Сақтандыру 

қатынастардың  аса  маңызды  белгісі,  ең  алдымен,  оған  катысушылардың  заң 

жүзіндегі  теңдігі.  Сақтандыру  қатынастардың  субъектілері  билік  пен  өзара 

бағыну қатынастарында болмайды, өзара міндеттермен жəне құқықтармен ғана 

байланысты  болады.  Сақтандыру  құқығы  қатынастарға  қатысушылардың 

бірінің  екіншісіне  міндеттерін  орындау  жөнінде  талап  коюы  биліктің 

өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйене отырып 

орындалады. 

Сақтандыру  катынастардың  нормалары  реттейтін  объектіге  қарай 

азаматтық-құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады: 

1)  мүліктік катынастар; 

2) мүліктік катынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар; 

3)  мүліктік  қатынастармен  байланысы  жоқ  мүліктік  емес  өзіндік 

қатынастар.                             

Сақтандыру  құқығын  реттеудің  обьектісі,  ең  алдымен,  мүліктік  қатынастар 

болғандықтан, сақтандыру құқық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта 

болады.  Мүліктік  сақтандыру  құқық  қатынастардың  обьектісі  материалдық 

игіліктер  мен  құқық  (мүлік)  болып  табылады.  Меншік  қатынастары,  мүліктің 




465 

 

бір  тұлғадан  екінші  тұлғаға  өтуіне  делдалдық  жасайтын  қатынастар  мүліктік 



сақтандыру  құқық қатынастарына жатады.  

Демек,  сақтандыру    құқығының  құкықтық  реттеу    пəні  сақтандырудың 

кəсіпкерлік  қызметтің  бір    түрі  ретінде    жүзеге  асырылуын  ұйымдастыру, 

сақтандыру қызметін лицензиялау талаптарын орындау,  ерікті жəне міндетті 

сақтандыру  шарттарын  жасасу,  тиісті  заңнамалық  актілердің  ережелері  мен 

принциптерін, халықаралық шарттар мен сақтандыру стандарттары ережелерін 

іске асыру, мақсатты сақтандыру қорларын жəне сақтандыру резервтерін құру, 

сақтандыру  қағидалардағы  тұлғаларға  (сақтанушыларға)  қатысты  сақтандыру 

жағдайы басталған кезде, оларға келтірілген мүліктік залалды өтеу мақсатында 

сақтандыру  қорғауын  қамтамасыз    ету,  сақтандыру    қызметін  мемлекеттік 

реттеу, қадағалау жəне инспекциялау барысында дамып, қалыптасатын кешенді 

мазмұнды қоғамдық қағидалар жүйесін білдіреді. 

                  «Принцип» (қағидат)  термині латынның сөзі - бастау, негіз дегенді 

білдіреді. Сақтандыру принциптері (қағидаттары) - ол нормативтік сипаты бар, 

қоғамдық қатынастарды сақтандыру кұқықтық реттеу бастамасын басшылыққа 

алатын      негіз.  Сақтандыру    құкығының    принциптері    деп      оның    негізгі 

бастауларын,  яғни    заңмен  тұжырымдалған    немесе  оның    ұйғарымының 

мағынасынан    туындайтын,  азаматтық  құкықтық  нормалардың  мазмұны  мен 

мəтінін    дұрыс  түсінуге,  оларды  бара-бар  түсіндіруге,  арасындағы  қарама-

қайшылықтарды    шешуге  септігін  тигізетін  іргелі  идеялар.Ол  Қазақстан 

Республикасы  сақтандыру  заңының    мейлінше  маңызды  тұстарын  көрсетеді. 

Демек  сақтандыру  заңды  түсіну  мен  оны  қолдану  сақтандыру  кұкықтық  тек 

жалпы принциптері (қағидаттары) арқылы мүмкін болады. 

                  Қағидаттар    сақтандыру  құқық  жүйесінде  əрқашанда    бастапқы  норма 

болып  саналады.  Сондықтан  да  басқа  нормалар  онымен  жанама  түрде  көрініп, 

жалпы  сипат  алады,  демек  принциптер  өзгелерден  басым  түседі.  Принциптер 

сақтандыру-құқық өзгелерден басым түседі. 

        Принциптер сақтандыру - құқық нормаларының  барлық жүйесін қамтып, 

басшылыққа    алынады.  Принциптер  нормативтік  мəнге  ие  болды  жəне  оны 

қолдану    міндеттілікке  айналды.  Бұрын-соңды    сақтандыру  принциптер    заң 

нормаларында    арнайы    термин    немесе    тиянақты    тұжырымдама  ретінде 

бекітілмеген  еді,  тек    «сақтандыру    заңдардың  жалпы,  негіздері  мен  мəнісіне 

байланысты»  деген  жалпылама  тұжырымдарымен  шектелетін.  Қазіргі  кезде 

сақтандыру құқық принциптері нормативтік роль атқарады.  

        А.И.Худяков сақтандыру құқық принциптерінің рөлі мен маңызы туралы 

былай  деп  тұжырымдайды: «Біріншіден,  олар  тікелей  əрекет  ететін    нормалар 

түрінде  кездеседі.  Екіншіден,  ол    жаңа  заңды    жасау  немесе  бұрыңғы    заң 

құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі. Үшіншіден, құқық ұқсастығын қолдану 

қажет  болған  жағдайда  заң  принциптері  басшылыққа  алынады.  Төртіншіден, 

мұндай  принциптер  құқықтық  нормалардың  бастапқы  мазмұнының немесе 




466 

 

шарт    талаптарының  тиісті  жағдайларының  мазмұнының  түсіндірілуі  жүзеге 



асырылғанда  назарға    алынуы  тиіс.  Бесіншіден,  заң  принциптеріне  сүйене 

отырып,  заң  нормалары  арасындағы  қарама  қайшылықты  жоюдың  жолдарын 

табуға    болады,  əрине,  мұның      өзі    аталған      жағдай    кездескенде    ғана 

қолданылады». 

                Осы    мəселелерге    орай    оған    екі    жағдайды  қосып    айтуға  болар    еді: 

біріншіден, принциптер тек заң актілері жүйесінің сипатын көрсетіп қоймайды, 

сонымен    қатар  ол    заңгерлердің    сақтандыру    құқықтағы    құқықтарын    да 

белгілейді.  Екіншіден,  сақтандыру    құқық  принциптері  өзінің    реттеу  жүйесі 

арқылы  бірқатар  мемлекеттік  құқықтық  институттар  мен  нормаларды,  яғни 

бірінші  кезекте  азаматтардың  Конституциялық  құқығын  азаматтық  құқықтар 

арқылы өзіне тəн тəсілдермен қорғауды нақтылай түседі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет