ҚҰҚЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет359/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   389
 

 


512 

 

20.3  Қаржылық құқық жүйесі 

Бүтін  зат  бөлшектерінің  өзара  орналасу  тəртібін  жүйе  деп  атаймыз. 

Құқық  жүйесі  бұл  мемлекетте  орын  тапқан  барлық  құқық  нормаларының 

бірлігі  мен  біріңғайлығымен,  құқықты  жеке  элементтерге  бөліп  тұруымен 

көрініс  табатын  құқықтың  ішкі  құрылымы.  Өзара  біртекті  қоғамдық 

қатынастарды  реттейтін,  құқықтық  нормалар  тобын  институт  дейміз.  Дəл 

осындай құқықтық нормалар тобы қаржы құқығының жалпы жəне ерекше 

бөлімдерін құрайды. 

Қаржы  құқығының  жалпы  бөлімі  туралы  сөз  бастасақ,  бұл  бөлімге 

пəні,  əдістері,  жүйесі,  құқық  қайнар  көзі,  құқықтық  нормалар  мен 

қатынастар кіретіндігі туралы айтуымыз керек. Алайда, бұл элементтерден 

бөлек жалпы бөлімге:  

- «мемлекеттің  қаржылық  қызметі  (мемлекеттік  қаржылық  қызметті 

ұйымдастыруға, мемлекеттік қаржылық қызмет субъектіларіне байланысты 

туындайтын  қоғамдық  қатынастар  реттейтін  нормалардан  тұрады)» 

институты;  

- «мемлекеттің  ақша-қаражат  жүйесін  құру  (мемлекеттік  қаржылық 

қызмет  аясында  ақша-қаражаттар,  ұлттық  жəне  шетелдік  валютаға 

байланысты  туындайтын  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  нормалардан 

тұрады)» институты;  

- «қаржылық ұйымдастыру (мемлекеттің қаржылық жүйесін құру жəне 

ұйымдастыру нормаларынан тұрады)» институты; 

-  «қаржылық бақылау» институты; 

- «қаржылық  жоспарлау  (мемлекеттің  қаржылық  жоспарлау  қызметін 

құқықтық  реттеуге  байланысты  туындайтын  құқықтық  қатынастарды 

реттейтін нормалар жиынтығы)» институты; 

- «қаржылық-құқықтық жауапкершілік» институты кіреді. 

Қаржылық құқықтың ерекше бөліміне келесі институттар кіреді: 

- Бюджеттік құқық; 

- Салық құқығы; 

- Мемлекеттік табыс; 

- Мемлекеттік несие; 

- Мемлекеттік шығыс; 

- Ақша айналымы мен есеп; 

- Валюталық бақылау. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет