ҚҰҚЫҚ негіздері


 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі



Pdf көрінісі
бет43/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   389
4.5.3  Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 

Конституциялық  бақылау  (конституциялық  қадағалау) – бұл  актілер  мен 

бұқара  биліктің  (мемлекеттік  органдардың),  сонымен  қатар  бұқаралық  қызмет 

атқарушы  (азаматтардың  санаттары  мен  топтардың  басқа  да  мүдделерін 

білдіруге  құрылған)  қоғамдық  бірлестіктер  əрекетінің  Конституцияға 

сəйкестігін тексерудің кез-келген нысаны.  

Конституциялық бақылау идеясы 17 ғасырда Ұлыбританияда пайда болған 

жəне  Құпия  Кеңестің  егер  отарларға  немесе  жалпы  құқыққа    арналып 

шығарылған  заңдары  легислатур  заңдары  (заңнамалар  жинағы)  ағылшын 

Парламентінің  заңдарына  қайшы  келсе,  легислатур  заңдарын  (заңнамалар 

жинағы) жарамсыз деп танитын қызметімен байланысты болған деп есептеледі.   

Алайда, конституциялық бақылау қазіргі түсінік бойынша ең алғаш АҚШ-

та 1803 жылы  Мэдисонға  қарсы  Мэрбэри  ісінде  пайда  болды.   Маршаллдың 

басшылығымен  Жоғарғы  Сот  федеративті  Конституция – елдің  жоғары  заңы 

жəне  Конституцияға  қайшы  келуші  кез-келген  заң  сотпен  жарамсыз  деп 

танылуы мүмкін деп жарялады. Бұл мысал кейінірек латынамерикасы елдерінде 

(1891  жылы  Бразилияда, 1917 жылы  Уругвайда  жəне  т.б.)  жалғасын  тапқан 

болатын.  Бірінші  Дүниежүзілік  соғысқа  дейін  оған  кейбір  еуропалық  елдер - 

Норвегия, Греция, Швейцария қосылды.  

Еуропада  Бірінші  Дүниежүзілік  соғыстан  кейін  қазіргі  уақытта  бұрынғы 

КСРО  территориясы  мен  басқа  да  континенттерге  тараған  конституциялық 

қадағалаудың өзіндік үлгісі жасап шығарылды. Оны барлық посткеңестік елдер 

қабылдады.  еуропалық  үлгі  идеясының  авторы - 1920 жылғы  австриялық 

Федеральдық  заңды  дайындауға  қатысушы,  кейін  Конституциялық  соттың 

мүшесі, австриялық заңгер Ганс Кельзен.   

Конституциялық қадағалаудың негізгі міндеттері: 

Атқарушы  жəне  заңнамалық  биліктер  арасындағы  жəне  басқа    да  əртүрлі 

билік  тармақтары  арасындағы  қақтығыстарды  (конфликтарды)  болдырмау. 

Қазіріг  жағдайда  бұл  міндетті  шешпейінше  биліктің  бөлінуі  қағыдасының 

əрекетін  тиімді  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Мұндай  қақтығыстар 



87 

 

құқықшығармашылық  қызметте  жəне  мемлекеттік  басқару  аппаратының  билік 



құзіреттілігін  жүзеге  асыру  кезінде  туындайды  жəне    билік  органдары  мен 

басқару  тарапынан  өте  жоғары  деңгейде  потенциалды  қауіпті  билікіті  кері 

пайдалану  мен  бұзу  тұлғалардың  бостандығы  саласында  маңызды  болып 

саналады.    

Азаматтардың  құқықтары  мен  бостандығын,  азаматтардың  теңдігін 

қамтамасыз етілуіне кепілдік берумен қамтамасыз ету. 

Актілердің  барлық  нормаларының  Конституцияға  сəйкестігін,  заңдардың 

тиісінше қолдануын қамтамасыз ету. 

Конституция нормаларын түсіндіру.  

Олар əртүрлі негіздер бойынша жіктелуі мүмкін.  

Конституцялық  бекітуге  байланысты  Конституциялық  қадағалауды 

органдары:  

а)  арнайы  немесе  өз  қызметтері  бойынша  немесе  өздерінің  кейбір 

қызметтерін  жүзеге  асыру  кезінде  конституциялық  бақылауды  атқаратын - 

мемлекет басшысы, үкімет, Парламент, соттар, əкімшілік соттар 

б) 


сот 

немесе 


квазисоттық 

конституциялық 

бақылаудың 

мамандандырылған органдары  

  Президентпен,  Парламентпен,  Үкіметпен  жəне  басқа  да  органдармен 

жүзеге асырылатын конституциялық бақылау кейде саяси органдар деп аталады 

немесе  аталған  органдар  саяси  қызмет  атқарады.  Олар  белгілі  бір  уақыт 

аралығына сайланады, сайлау олардың құрамын толықтай өзгерту мүмкін жəне 

саяси  курстың  ауысуына  əкелуі  мүмкін.  Сондықтан  олармен  жүзеге 

асырылатын  конституциялық  бақылау  ағымдағы    саяси  міндеттермен 

теңестіріледі жəне тұрақсыз деп есептеледі. 

  Соттық  талаптар  негізінде  айқындалған  Конституцияның  соттық 

қорғауының екі негізгі жүйесі болып табылатын конституциялық қадағалаудың 

сот  жəне  квазисоттық  органдары  тұрақтылыққа  ие.  Біріншіден,  бұл  қорғау 

жалпы  соттар  жүйесі  арқылы  оларың  бір  немесе  бірнеше  қызметтерімен 

байланысты  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Екіншіден,  ол  ерекше  органға - жалпы 

соттар жүйесіне кірмейтін Конституциялық Кеңеске тапсырылуы мүмкін.   

Конституциялық Кеңес қызметі мен ұйымдастырылу қағидалары:  

Конституциялық  Кеңестің  тəуелсіздігі  мен  дербестігі.  Конституциялық 

Кеңес  өз  уəкілеттілігін  жүзеге  асыру  кезінде  дербес  жəне  мемлекеттік 

органдардан,  ұйымдардан,  лауазымды  адамдар  мен  азаматтардан  тəуелсіз,  тек 

Конституцияға бағынады. 

Конституциялық  Кеңес  құзіреттілігі  қағидасы.  Ол  өз  өкілеттілігін 

Конституция  мен 1995 жылғы 29 желтоқсандағы  Президент  Жарлығын 

басшылыққа ала отырып жүзеге асырады, соттардың немесе басқа мемлекеттiк 

органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мəселелердi анықтау 

мен  зерттеуге  бармай-ақ  өз  өкiлеттiгiн  жүзеге  асырады.  Осыған  байланысты 



88 

 

мəні  бойынша  өз  құзыретіне  кірмейтін  өтініштер  келіп  түскен  жағдайда 



Конституциялық Кеңес конституциялық өндіріске қабылдаудан бас тартады.  

Конституциялық  Кеңес  Төрағасы  мен  мүшелерінің  тəуелсіздігі. 

Конституциялық  Кеңес  Төрағасы  мен  мүшелері  өз  міндеттерін  атқару  кезінде 

тəуелсіз  жəне  Конституция  мен 1995 жылғы 29 желтоқсандағы  Президент 

Жарлығына  бағынады.  Басқа  актілердің  оларға  міндетті  күші  жоқ.  Олардың 

қызметіне кез-келген араласу, сонымен қатар күш көрсету немесе басқа да кез-

келген нысандағы əсер ету рұқсат етілмейді жəне заң бойынша жауапкешілікке 

тартылады.   

Конституциялық  Кеңес  Төрағасы  мен  мүшелері  қызметі  конституциялық 

өндіріс  мəселелері  бойынша  есеп  берілмейді.  Олардан  ешкім  өз  уəкілеттілігін 

жүзеге асыру мəселелері бойынша есеп талап етуге құқығы жоқ.  

Қорытынды  шешiм  шығарылғанға  дейiн  Конституциялық  Кеңестiң 

қарауына  арқау  болып  отырған  мəселелер  бойынша  ешкiмнiң  де  пiкiр  немесе 

кеңес  сұрауға,  ал  Конституциялық  Кеңес  Төрағасы  мен  мүшелерiнiң, 

Конституциялық  Кеңестiң  отырысынан  басқа  кезде,  пiкiр  айтуға  немесе  кеңес 

беруге хақы жоқ. 

  Конституциялық 

Кеңестiң 

мүшелерi 

өкiлеттiк 

мерзiмi iшiнде 

ауыстырылмайды.  Олардың  өкiлеттiгiн,  Конституциялық  заңда  көзделген 

жағдайларды қоспағанда, тоқтатуға немесе тоқтата тұруға болмайды.  

  Егер  Конституциялық  Кеңестiң  қарауындағы  мəселеге  тiкелей  жеке 

немесе  жанама  мүдделiлігiне  байланысты  өзiнiң  əдiлдiгiне  күмəн  тууы  мүмкiн 

болса,  Конституциялық  Кеңестiң  Төрағасы  немесе  мүшесi  бұл  мəселенi 

қараудан  бас  тартуға  мiндеттi,  мұны  Конституциялық  Кеңес  қанағаттандыруға 

тиiс.  


Конституциялық  Кеңес  мүшесiнiң  сотта  немесе  өзге  құқық  қолдану 

органдарында,  заңды  өкiлдiктен  басқа,  қорғауды  немесе  өкiлдiктi  жүзеге 

асыруға,  құқықтарды  жүзеге  асыру  мен  мiндеттерден  босату  iсiнде  қандай 

адамдарға болса да қамқоршылық жасауға хақы жоқ.  

Конституциялық  Кеңес  мүшелеріне  ешкiмнiң  тиiспеуi.  Конституциялық 

Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, 

күштеп əкелуге, оған сот тəртiбiмен белгiленетiн əкiмшiлiк жазалау шараларын 

қолдануға,  қылмыс  үстiнде  ұсталған  немесе  ауыр  қылмыс  жасалған  реттердi 

қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.  

Конституциялық  Кеңестiң  Төрағасына  немесе  мүшесiне  қатысты 

қылмыстық  iстi  анықтау  мен  тергеудi  жүзеге  асыратын  республикалық 

мемлекеттiк  органның  басшысы  ғана  қозғай  алады. Iстi  тергеу  барысында 

заңдылықтың  сақталуын  қадағалауды  Республиканың  Бас  Прокуроры  жүзеге 

асырады, ол Парламентке Конституциялық Кеңестiң Төрағасын немесе мүшесiн 

қылмыстық  жауапқа  тартуға  келiсiм  беру  туралы  ұсыныс  енгiзедi. 



89 

 

Конституциялық  Кеңестiң  Төрағасына  немесе  мүшесiне  қатысты  қылмыстық 



iстi Республика Жоғарғы Соты қарайды. 

Конституциялық 

Кеңестiң 

Төрағасы 

мен 

мүшелерi 



тəртiптiк 

жауапкершiлiкке тартылмайды.  

Конституциялық Кеңестiң мүшесiн, егер осы Конституциялық заңға сəйкес 

оның  өкiлеттiгi  тоқтатыла  тұрмаған  болса,  Конституциялық  Кеңестiң 

отырысына қатысудан шеттетуге ешкiмнiң хақы жоқ.  

Конституциялық  Кеңес  Төрағасы  мен  мүшелерi  құқықтарының  теңдiгi. 

Конституциялық  Кеңестiң  Төрағасы  мен  мүшелерi  Конституциялық  Кеңес 

жүргiзiп  жатқан  мəселелердi  қарауда  жəне  олар  бойынша  шешiмдер 

қабылдауда, Егер шешiм қабылдау кезiнде Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң 

дауыстары тепе-тең бөлiнген болса, Конституциялық Кеңес Төрағасының даусы 

шешушi  дауыс  болып  табылатын  жағдайды  қоспағанда,  тең  құқықтарға  ие 

болады.  

Конституциялық  Кеңестің  құрамы,  сайлау  тəртібі  жəне  уəкілеттілік 

мерзімдері.  

Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  Кеңесi 7 мүшеден  тұрады, 

олардың  өкiлеттiгi 6 жылға  созылады.  Республиканың  экс-Президенттерi 

құқығы  бойынша  ғұмыр  бойы  Конституциялық  Кеңестiң  мүшелерi  болып 

табылады. 

Конституциялық  Кеңестің  құрылу  тəртібі.  Конституциялық  Кеңестiң 

Төрағасын  Республиканың  Президентi  тағайындайды  жəне  дауыс  тең  бөлiнген 

жағдайда оның даусы шешушi болып табылады.  

Конституциялық Кеңестiң 2-мүшсін Сенат, 2-мүшсін Мəжiлiс, 2 мүшесiн - 

Республика  Президентi  тағайындайды.  Конституциялық  Кеңес  мүшелерiнiң 

жартысы əрбiр 3 жыл сайын жаңартылып отырады. 

Конституциялық  Кеңестiң  құрамына    30  жасқа  толған,  Республика 

аумағында  тұратын,  жоғары  заң  бiлiмi,  заң  мамандығы  бойынша  кемiнде  бес 

жыл  жұмыс  стажы  бар  Республика  азаматы  тағайындала  алады. 

Конституциялық  Кеңестiң  Төрағасы  мен  мүшесiнiң  қызметi  депутаттық 

мандатпен,  оқытушылық,  ғылыми  немесе  өзге  шығармашылық  қызметтердi 

қоспағанда,  өзге  де  ақы  төленетiн  жұмысты  атқарумен,  кəсiпкерлiкпен 

айналысумен,  коммерциялық  ұйымның  басшы  органының  немесе  байқаушы 

кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет