ҚҰҚЫҚ негіздері


Қызметкерге  келтірген  зиян  үшін    жұмыс  берушінің  материалдық



Pdf көрінісі
бет182/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   389
Қызметкерге  келтірген  зиян  үшін    жұмыс  берушінің  материалдық 

жауапкершілігі. 

Жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі туындайтын жағдайлар: 

- Зиянды құқыққа қайшы түрде келтіру; 

-  Құқыққа  қайшы  əрекет  (əрекетсіздік)  пен  туындаған  зиянның  арасындағы 

себепті байланыс; 

- Кəсіпорынның кінəсі. 

Бұл  жағдайда  құқыққа  қайшылық  қауіпсіз  еңбек  жағдайларын  қамтамасыз 

етпеуді  білдіреді.  Құқыққа  қайшы  болып  нəтижесінде  денсаулығына  зақым 

əкелген  əрекет  те,  əрекетсіздік  те  танылуы  мүмкін.  Себепті  байланыс 

қызметкерге  келтірілген  зиянның  жұмыс  берушінің  құқыққа  қайшы  əрекетінің 

(əрекетсіздігінің)  нəтижесінде  туындауын  білдіреді.  Кəсіпорынның  кінəсі 

жəбірленген  тұлғаға  қауіпсіз  еңбек  жағдайларымен  қамтамасыз  етпеген  оның 

қызметкерлерінің кінəсін білдіреді. 

Қызметкердің  еңбек  міндеттерін  атқаруына  б-ты  оның  өміріне  ж\е  (н\е) 

денсаулығына  зиян  келтірілгенде  жұмыс  беруші  қызметкерге  келтірілген 

зиянды  ҚР  Азаматтық    заңнамаға  сəйкес  өтеуі  тиіс,  қызметкерде  сақтандыру 

төлемдері болмаған жағдайда толық көлемде өтеледі, ал сақтандыру төлемдері 

болған  кезде  жұмыс  беруші  қызметкерге  сақтандыру  сомасы  мен  зиянның 

нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті. 

Қызметкер басқа  жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына жіберілмеген, 

еңбек  шартының  талаптары  біржақты  өзгертілген,  қызметкер  жұмыстан 

шеттетілген,  еңбек  шарты  негізсіз  бұзылған  жағдайда,  жұмыс  беруші 

қызметкердің    алмай  қалған  жалақысы  мен  оған  тиесілі  өзге  де  төлемдерді 

өтеуге міндетті. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет