ҚҰҚЫҚ негіздері


  Арнаулы  құқықтан  айыру



Pdf көрінісі
бет206/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   389
5.  Арнаулы  құқықтан  айыру – тек  сот  тəртібімен  қолданылатын  жəне 

құқықты  пайдалану  тəртiбiнiң  өрескел  немесе  үнемi  бұзылғаны  үшiн 

қолданылатын,  тұлғаның  белгілі  бір  құқықтарынан  айырды  көздейтін  жазалау 

шарасы болып табылады.  

 Арнаулы  құқықтар  ретінде  ооны  алу  жəне  пайдалану  үшін  мемлекеттік 

органдардың  арнайы  рұқсаты  қажет  құқықтар  танылады.  Ондай  құқықтарға 

ƏҚБтК мыналарды жатқызады: 

- көлік құралдарын жүргізу құқығы; 

- аң жəне балық аулау құқығы; 

- оқ-дəрiлерiн жəне балық аулау құралдарын сақтау мен алып жүру; 




245 

 

Көлік  құралдарын  жүргізу  құқығын  қоспағанда,  арнаулы  құқықтан  айыру 



мерзімі бір айдан кем болмауға жəне екі жылдан аспауға тиіс.  

Көлік  құралдарын  жүргізу  құқығынан  айыру  мерзімі  алты  айдан  екі  жылға 

дейін болуы мүмкін, ал алкогольден, есірткіден жəне (немесе) уытқұмарлықтан 

мас  күйінде  көлік  құралдарын  жүргізгені  үшін  құқықтан  айыру  мерзімі  екі 

жылдан он жылға дейін болуы мүмкін. 

Көлiк құралын масаң күйде жүргiзу, масаң күйдi куəландырудан белгiленген 

тəртiппен  өтуден  жалтару,  сондай-ақ  аталған  адамдардың  белгiленген 

ережелердi  бұза  отырып,  өздерi  қатысушысы  болған  жол-көлiк  оқиғалары 

болған  жерден  кетiп  қалу  жағдайларын  қоспағанда,  көлiк  құралдарын  жүргiзу 

құқығынан  айыруды,  бұл  құралдарды  мүгедектiгiне  байланысты  пайдаланатын 

адамдарға қолдануға болмайды. 

Аң  аулау,  балық  аулау  құқығынан,  аң  аулау 

қаруларын,  оның  оқ-дəрiлерiн  жəне  балық  аулау  құралдарын  сақтау  мен  алып 

жүру  құқығынан  айыруды,  осы  құқықты  пайдалану  тəртiбiн  үнемi 

бұзушылықты  қоспағанда,  аң  аулау  (балық  аулау)  өмiр  сүруiнiң  негiзгi  заңды 

көзi болып табылатын адамдарға қолдануға болмайды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет