ҚҰҚЫҚ негіздері


Уақытша  жер  пайдалану  құқығы



Pdf көрінісі
бет294/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   389
 Уақытша  жер  пайдалану  құқығы  алдын  ала  мерзiмiн  белгiлей  отырып 

пайдалану. Уақытша жер пайдалану құқығы екi түрге бөлiнедi:  

1. Қысқа мерзiмдi, ол бес жылға дейiн пайдалану; 

2. Ұзақ мерзiмдi, ол бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiн. 

Уақытша  жер  пайдалану  құқығын  табыстау  мерзiмдерi  жер  учаскесiне 

берiлетiн құқықты, оның нысаналы мақсатын жəне аумақты аймақтарға бөлудi 

ескере отырып белгiленедi. 

Өтеулi  жер  пайдалану  құқығы  дегенiмiз – жер  пайдалану  құқығы 

мемлекеттен  сатып  алынатындығын  бiлдiредi.  Жер  учаскесiне  уақытша  өтеулi 

(қысқа  мерзiмдi  жəне  ұзақ  мерзiмдi)  жер  пайдалану  (жалдау)  құқығы 

азаматтарға,  мемлекеттiк  емес  заңды  тұлғаларға,  сондай-ақ  халықаралық 



400 

 

ұйымдарға  табысталуы  мүмкiн.  Жер  кодексiне  сəйкес,  жер  учаскесiн  жеке 



меншiкке сатып алудың төрт түрлi жағдайы көрiнiс тапқан. Олар: 

  Бiрiншiден,  жердi  жер  учаскесiнiң  кадастрлық  бағалау  құнына  сəйкес 

сатып алу;  

  Екiншiден,  жер  учаскесiн  кадастрлық  бағалау  құнына  сəйкес,  сатып  алу 

сомасын төлеу мерзiмiн он жылға дейiн ұзарту арқылы;  

  Үшiншiден,  жер  учаскесiнiң  кадастрлық  құнына  қарай  ай-қындалатын 

жеңiлдiктi бағамен;  

  Төртiншiден,  жер  учаскесiнiң  кадастрлық  құнына  қарай  айқындалатын 

жеңiлдiктi бағамен сатып алу сомасын төлеу мерзiмiн он жылға дейiн создыру 

арқылы сатып ала алады. 

 Өтеусiз жер пайдалану құқығы, керiсiнше мемлекеттен сатып алынбайтынын 

бiлдiредi. Оларға мыналар жатады: 

– шалғайдағы мал шаруашылығы, маусымдық жайылымдар үшiн; 

– тұрғын халықтың мал жаю мен шөп шабуы үшiн; 

– мемлекеттiк жер пайдаланушыларға; 

– бақша өсiру үшiн; 

– қызметтiк жер телiмi; 

–  ортақ  пайдаланатын  жолдарды  салу,  мемлекеттiк  меншiгi  жəне  əлеуметтiк 

мəдени мақсаттағы обьектiлер құрылысы кезеңiне; 

– тозған жəне бүлiнген жерлердi қалпына келтiру кезiнде; 

–  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгiленген  тəртiппен  үйлердi 

жəне ғимараттарды уақытша өтеусiз пайдалануға берiлген кезде, 

– Ғибадат объектiлерi үшiн дiни объектiлер; 

Қызметтiк  жер  телiмi  ұзақ  мерзiмдi  уақытша  өтеусiз  жер  пайдаланудың 

ерекше  бiр  түрi  болып  табылады.  Қызметтiк  жер  телiмi  Қазақстан 

Республикасының  Үкiметi  белгiлеген  тiзiмге  сəйкес,  осы  телiмге  құқығы  бар 

адамдар жұмыс iстейтiн мемле-кеттiк заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы 

жерден  бөлiнедi.  Ол  қызметтiк  тұрғын  үйдi  күтiп-ұстау,  ауыл  шаруашылығы 

дақылдарын өсiру, шөп шабу жəне мал жаю үшiн берiледi.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет