ҚҰҚЫҚ негіздері


 Мұрагерлік құқығының əдістері. Мұрагерліктің негіздері



Pdf көрінісі
бет99/389
Дата16.05.2022
өлшемі3,62 Mb.
#34605
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   389
7.5 Мұрагерлік құқығының əдістері. Мұрагерліктің негіздері 

Қазақстан  Республикасы  Азаматтық    Кодексінің 1039 бабына  сəйкес 

мұрагерліктің    негіздері    заң  бойынша  немесе    өсиет  болып  табылады.  Əлемдік  

тəжірибеде басқа мұрагерлік  негіз жоқ. Заң бойынша мұрагергерлік  өсиет болмаса 

ғана  жүзеге    асырылады.  Ал  тəжірибеде  заң    бойынша  мұрагерлік  өсиеттен    жиі 

кездеседі.  Кейде  мұрагерлік    заң  бойынша  да,  өсиет  бойынша    да  өтеді.  Мысалы, 

мұра  қалдырушы      өсиетінде  өз  қызына    пəтерін    қалдыратынын  жазады,  ал  басқа  

мүліктер  туралы  жазбайды.  Сонда    пəтер  өсиет  бойынша  өтеді    де,  басқа  мүліктер 

заң  бойынша    өтеді.  Өсиет  немесе  заң  бойынша    мүлікті  мұра  ету  үшін  бірқатар  

заңды  фактілер  қажет.  Заң  бойынша    мұрагерлікке  кем  дегенде  екі    факт  керек. 

Біріншіден,  мұраны    қабылдайтын  тұлға  заң  бойынша    мұрагерлердің  қатарында 



139 

 

болу    керек,  екіншіден  мұра  ашылу    керек.  Өсиет  бойынша  мұра  қалдырушы    өз 



өсиетінде мүлікті кімге  қалдыратынын көрсетеді. Сондықтан,  өсиет жоқ болса да

бар  болса    да,  оның  мазмұнына  қарамастан    мұрагерлік  заңда  қарастырылған  

фактілер бар жағдайда ғана  жүзеге асады. 

Мұра  дегеніміз мұра қалдырушыдан мұрагерге құқық мирасқорлығы тəртібінде 

өтетін  мүлік.  Мұра  түсінігін  анықтау  үшін  мұрагерлерге  немене  жəне  қалай  өтеді 

деген  сұраққа  жауап  беру  керек.  Мұрагерліктің  жалпы  ережесі  қиын  емес.  Мұра 

қалдырушының  барлық  мүліктік  құқықтары  мен  міндеттері  мұрагерге  өтеді.  Мұра 

құрамына кейбір ерекше жағдайлардан басқа бар мүліктік құқықтары мен міндеттері 

кіреді. Мұрагерліктің келесі өзгешеліктерін бөліп көрсету қажет: 

біріншіден,  мұра  не  мұралық  мүлік  құрамына  қайтыс  болған  азаматтың 

құқықтары (актив) мен қарыздары (пассив) кіреді. 

екіншіден,  мұрагерлік  бойынша  тек  мұра  қалдырушы  тірі  кезінде  иеленген 

құқықтар  ғана  өтеді.  Сондықтан  мұра  қалдырушы  тірі  кезінде  ие  болмаған,  ол 

қайтыс  болған  кезде  пайда  болған  құқықтар  мұра  құрамына  енбейді.  Мысалы  өз 

жанұясының  пайдасына  жасалған  өмірді  сақтандыру  шарты.  Бұл  мұрагерлік 

мирасқорлығы  емес,  өйткені  сақтандыру  ақшасын  алу  мұра  қалдырушы  қайтыс 

болған  жағдайда  ғана  беріледі.  Осындай  жағдайларда  мұрагер  мұра  қалдырушы 

иеленбеген құқықтарға ие болады. 

үшіншіден,  мұра  қалдырушының  кейбір  құқықтары  мен  міндеттері  өз 

табиғатына байланысты мұрагерлерге өте алмайды.  Мұрагерлік мүліктің құрамына 

жеке  сипаттағы  құқықтар  мен  міндеттер  кірмейді.  Ең  алдымен,  бұл  алименттік 

құқықтар  мен  міндеттер,  пəтерді  пайдалану  құқы,  қоғамдық  мекемеде  жəне  т.  б. 

мүшелік құқы. 

төртіншіден,  мұрагерге  өтетін  кейбір  құқықтар  мен  міндеттер  заң  бойынша 

өтпеуі мүмкін. 

бесіншіден, мұрагерлік бойынша тек мүліктік ғана емес, мүліктік емес мазмұны 

бар  құқықтар  мен  міндеттер  өтеді.  Мұрагерлік  бойынша    атқа  ие  болу  құқығы, 

авторлық құқық өтпейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   389




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет