Құқық негіздерінің қайнар көздері


Азаматтық істерді сотта талқылау



бет49/75
Дата28.03.2023
өлшемі1 Mb.
#76786
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75
Байланысты:
Ëåêöèÿ ?àçà?ñòàí Ðåñïóáëèêàñûíû? ???û? íåã³çäåð³ êóðñûíû? ï?í³ æ

Азаматтық істерді сотта талқылау
Сотта істі талқылау 1-инстанциядағы сот өндірісінің бір сатысы ретінде, соттың және іске қатысушы тұлғалардың азаматтық істерді қарауға және мәні бойынша шешуге бағытталған процессуалдық әрекеттерінің жиынтығы. Бірінші инстанциядағы сотта істі қарау АІЖК-ң 173 -бабы бойынша істі сотта қарауға тағайындау туралы сот ұйғарымы шыққанан бастап тиісті сот актісі шығарылғанға дейін жалғасады. (сот шешімі, сот ұйғарымы.)АІЖК-ң 175-бабына сәйкес соттық талқылау сот отырысында жүргізіледі.Сот отырысын төрағалық етуші басқарады. Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады. Төрағалық етуші жан-жақты тәртіптің сақталуын, істің мән-жайының толық анықталуын, процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің орындалуын қамтамасыз етеді, қажет болса шаралар қолданады.Судья сот отырысы залына кіргенде қатысушылар орындарынан тұруы тиіс. Іс соңында шығарылған сот актісін сот отырысы залындағы қатысушылар түрегеп тұрып тыңдайды.Сот отырысында тәртіп бұзушыларға АІЖК-ң 179-бабына сәйкес шаралар қолданады.Бірінші инстанциядағы сотта істі талқылау 4 бөліктеп тұрады:
1) Дайындау бөлігі.
2) Істі мәні бойынша қарау бөлігі.
3)Сот жарыссөзі және прокурордың қорытынды беруі.
4) Сот шешімін шығару және жариялау.
АІЖК-ң 180-191-бабының арасында көрсетілген әрекеттер сотта істі қараудың дайындау бөлігіне кіреді. Оған: Сот отырысын ашу, процеске қатысушылардың келуін тексеру, куәларды сот отырысы залынан шығару, сот құрамын жария ету және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру, іске қатысушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру іске қатысушылардың, өкілдерінің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеу салдарлары, істі қарауды кейінгі қалдыру тағы басқа мән-жайлар жатады.Істі сотта мәні бойынша қарау АІЖК-ң 192-210-баптары аралығында көзделген. Істі мәні бойынша қарау төрағалық етушінің талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын - қолдамайтындығы, жауапкер талапты мойындайтындығы-мойындамайтындығы, тараптардың істі бітімгершілікпен аяқтауы немесе аралық сотқа беруді қалайтындығы туралы мәселелерді анықтауынан басталады. Одан әрі іске қатысушы адамдардың түсініктемелері тыңдалады, дәлелдемелердің зерттеу тәртібі белгіленеді, куәлерден жауап алынады, заттай дәлелдемелер зерттеледі, сотқа ұсынуы қиын құжаттар мен заттай дәлелдемелер орналасқан дерінде қаралады, сарапшылардың қорытындысы зерттеледі, маманның консультациясы тыңдалады, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындылары тыңдалады.Сот жарыссөзі соттық талқылаудың жеке бір бөлігі ретінде қарастырылады. (211,212-ст.)
Сот жарыссөзі іске қатысушы адамдар мен өкілдердің сөздерінен тұрады. Бірінші болып сөз кезегін талап қоюшы және оның өкілі алады, содан соң жауапкер және оның өкілі сөйлейді. Дербес талаптарын мәлімдейтін 3-тұлғалар тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз кезегін алады. Дербес талаптарын мәлімдемейтін 3- тұлғалар талапкерден соң немесе өзі қатысатын жақтағы жауапкерден кейін сөйлейді.Сот жарыссөзі аяқталғаннан кейін іс бойынша тарап болып табылмайтын іске қатысушы прокурор жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді.Сот жарыссөздері кезінде немесе одан кейін іске маңызы бар жаңа мән-жайлар анықтау қажет болса істі мәні бойынша қарауды қайта жалғастыру туралы ұйғарым шығарады.Сот талқылауының соңғы бөлігі шешім шығару және жариялаумен аяқталады. Сот жарыссөзінен кейін және прокурор қорытынды бергеннен соң сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетеді. Кеңесу бөлмесінде өзге адамдардың болуына жол берілмейді. Сот шешімге қол қойғаннан кейін сот отырысы залына келіп шешімді жариялайды, соңынан шешімге шағымдану тәртібі мен мерзімін түсіндіреді және шешіммен қашан танысуға, оның көшірмесін қашан алуға болатынын хабарлауға міндетті. Осы әрекеттердің барлығы аяқталғаннан кейін төрағалық етуші сот отырысын жабық деп жариялайды.Істі қарауды кейігі қалдыру-істі мәні бойынша қарауды жаңа сот отырысында қарау үшін соттың белгіленген уақыт пен орнын тағайындауы.
Істі қарауды кейінгі қалдыру:
а) заңмен көзделген жағдайларда
б) сот таныған жағдайда жүргізіледі.
Заңмен көзделген жағдайларға:

  • АІЖК-ң 187-бабының 2-тармағы бойынша іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмесе, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса;

  • АІЖК-ң 187-бабының 3-тармағы бойынша тиісті түрде хабарланған қатысушылар дәлелді себептермен сот отырысына келмесе;

  • АІЖК-ң 187-бабының 5-тармағына сәйкес қатысуға міндетті деп танылған тараптар келмей қалса;

  • АІЖК-ң 187-бабының 6-тармағы бойынша іске қатысатын адамның өтініші бойынша оның өкілінің дәлелді себептермен келмеуіне байланысты.

  • АІЖК-ң 187-бабының 1-тармағы бойынша сот отырсына куә, сарапшы, маман келмеген жағдайда, істі олардың қатысуынсыз қарау мүмкін болмаса.

  • АІЖК-ң 188-бабының 2-тармағы бойынша сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, оны ауыстыру мүмкіндігі болмаса ;

  • АІЖК-ң 179-бабының 6-тармағы бойынша іске қатысушылар жаппай тәртіп бұзғанда;

  • Неке және Отбасы заңының 19-бабы 2-тармағы бойынша некені бұзуға ерлі-зайыптылардың біреуі қарсы болғанда татуласу үшін үш ай мерзімге кейінге қалдырылады.

  • Сотқа қарсылық білдірілгенде, басқа судья іс материалдарымен танысқанша.

Мына жағдайларда сот істі қарауды кейінге қалдырады:

  • Процестің қатысушыларының келмей қалуына байланысты

  • Жаңа дәлелдемелерді табыстау қажеттілігі туындағанда

  • Қарсы талап қойылуына байланысты.

  • Тиісті емес тарапты ауыстыруға байланысты.

  • Осы отырыста істі қарауға мүмкіндік бермейтін өтініштерді қанағаттандыруға байланысты.

Істі қарау кейінге қалдырылғаннан кейін жаңа сот отырысы дайындау бөлімінен бастап жүргізіледі, бірақ бұрынғы сот отырысында қабылданған дәлелдемелер заңды күшін сақтайды.Тараптардың қатысуымен куәлерден жауап алынса істі қайта қарағанда куәлерді шақырмай-ақ жауаптары жарияланады.Істің ары қарай жылжуына кедергі келтіретін заңда көзделген мән-жайларға байланысты соттың іс-жүргізу әрекеттерін белгісіз мерзімге тоқтатуын-іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру деп айтамыз.Істі қарауды тоқтата тұру, істі қарауды кейінге қалдыру сияқты істі осы сот отырысында қарау белгілі жағдайларға байланысты мүмкін болмау салдарынан пайда болады.Бірақ іс жүргізуді тоқтата тұруды істі кейінге қалдырудан өзіндік айырмашылықтары арқылы ажыратып қарауға болады:
1) Іс жүргізуді тоқтата тұру кейбір мән-жайларды қоспағанда белгілі бір процессуалдық іс-әрекет жасау үшін тоқтатылмайды, ал кейінге қалдыруда керісінші белгілі процессуалдың әрекеттерін жасау үшін тоқтатылады.
2) Істі тоқтата тұруға негіз болатын заңда көрсетілген мән-жайлар соттың немесе тараптардың еркінінен тыс пайда болады. Істі қарауды кейінгі қалдыру объективті және субъективті сипаттағы әртүрлі мән-жайларға байланысты пайда болады және олардың тізімі тұрақты емес.
3) Істі тоқтата тұру белгісіз мерзімге тоқтатылады, ал кейінге қалдыруда сот белгілі бір мерзімге істі қарауды кейінге қалдырады.
4) Істі тоқтата тұру істі сотқа қарауға әзірлеу сатысында және істі сотта қарау сатысында жүргізілуі мүмкін, ал кейінге қалдыруға тек істі сот отырысында қарау басталғаннан кейін ғана жол беріледі.
5) Істі тоқтата тұру туралы сот ұйғарымына шағымдануға болады, ал кейінге қалдыру туралы сот ұйғарымына шағымдану құқығы берілмеген.
Істі тоқтата тұру туралы сот ұйғарым шығарады және оны 5 күннен кешіктірмей іске қатысушыларға жібереді.
Іс жүргізуді тоқтата тұруды 2 топқа бөліп қарауға болады:
а) Міндетті тоқтату (АІЖК-ң 242-бабы)
б) Факультативті тоқтату (АІЖК-ң 243-бабы)
Міндетті тоқтатуға:

  • Егер құқық мирасқорлығына жол берілетін болса тарап қайтыс болғанда немесе заңды тұлға тарағанда.

  • Тарап әрекет қабілеттілігінен айырылғанда;

  • Жауапкер ҚР қарулы күштің қатарында болған жағдайда талап қоюшының өтініші бойынша.

  • Азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмаса;

  • Іс бойынша қолдануға тиісті заңның конституцияға сай еместігін тану туралы ҚР конституциялың кеңесіне өтініш жасағанда;

  • Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасаған жағдайда.

Факультативті тоқтатылу кезінде нақты істің мән-жайын есепке ала отырып сот өз бастамасымен істі белгісіз мерзімге тоқтатуы мүмкін. Жалпы тәртіп бойынша егер тараптар істі өзі жоқта қарауды жазбаша нысанда өтініш жасау арқылы өтінсе немесе істі өкілдері арқылы жүргізуді сұраса факультативті негіздер бойынша істі тоқтата тұруға соттың құқығы жоқ.АІЖК-ң 243-бабына сәйкес:
1.Тарап ҚР-ң қарулы күштерінде немесе басқа да мемлекеттік міндетті орындауға тартылған жағдайда.2. Тарап қызметтік іссапарда болғанда.3. Тарап медициналық мекеменің құжатымен расталған емдеу мекемесінде болғанда.4. Жауапкер іздеуде болғанда .5. Сот сараптама тағайындағанда.6. Сот тапсырмалары берілгенде.7. Қамқоршы органға іс бойынша қорытынды беру үшін зерттеу белгіленгенде. Сот өз бастамасымен немесе іске қатысудың өтініші бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады. Іс жүргізуді тоқтата тұру туралы сот ұйғарымына жеке шағым наразылық келтірілуі мүмкін.Істі тоқтата тұруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысушылардың өтініші бойынша немесе соттың бастамасымен іске қатысушыларға хабарлана отырып іс жүргізу қайта басталады.
Қылмыстық іс қозғау сатысы.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңы арасындағы арақатынасты түсіну жалпы құкық пен заң арақатынасын түсінумен байланысты.Егер құқық мемлекет күшімен қорғалатын жалпыға міндетті әлеуметтік нормалар жүйесі болса, заң осы "мемлекет күшінің" аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жағдайда заң, бір жағынан, нормативтік-құқықтық актілердің түгелдей бәрі деп түсінілсе, екінші жағынан ол мемлекеттік өкіметтің ең жоғары өкілетті органы қабылдаған нормативтік акті. Заңдар мемлекеттің құқық жүйесінің негізін қалайды.Сонымен, қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңы бір нәрсе емес. Заң құқықтың құрамдас бөлігі. Құқық пен заңның ажыратылуын жақтаушылар В. С. Нерсесянц, В. Д. Зорькин, Д. А. Керимов, Л. С. Мамут, В. А. Туманов, Р. 3. Лившиц құқық пен заң өзара байланысты, бірақ бір мағыналы емес құбылыстар екенін дәлелдеді. Атап айтқанда, Р. 3. Лившиц былай деп атап көрсетті: "Мән қолда бар заң, тиісті нәрсе заңның қандай болуға тиіс екені. Тиісті нәрсені іздеу теория тұрғысынан алғанда құқық мәнін іздеу болып табылады.
Құқықты адамзат қоғамының бүкіл тарихы қалыптастырады, ал заң қоғамдық дамудың нақты кезеңіндегі қоғамдық қатынастардың жайын норма түрінде бейнелейді. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізу құқығын тектік ұғымына, яғни бірқатар құрамдас беліктерден тұратын неғұрлым кең ауқымды ұғымға, ал қылмыстық іс жүргізу заңын көріністі, яғни қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі болып табылатын ұғымға жатқызу қажет. Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық іс жүргізу заңының бір мағыналы еместігін мынадай факторлар аңғартады.
1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы өз дамуында қылмыстық іс жүргізу заңынан озық келеді.Қылмыстық іс жүргізу құқығы нормалар жиынтығымен қатар реттелетін қызметтің және ол қызмет нәтижесінде туындайтын құқық қатынастарының негізгі бағыты, идеялық өзегі деп түсінілетін тұжырымды қамтиды. Бұл идея жалпы заң рухын белгілей отырып, нақты норма шеңберіңдегі іске асыру процедурасында нақты көрінісін таба алмауы мүмкін.Мәселен, қылмыстық іс жүргізу құқығында қылмыстық сот ісін жүргізу шеңберіне тартылатын адамдардың занды мүдделерін қорғау идеясы қылмыстық процестің дербес сала ретінде қалыптасуының әуел басында өз негіздемесін тауып, дамытылды. Бұл идея ҚІЖК бірқатар ережелерінің мазмұнынан объективті түрде туындады, бірақ оны заң шығарушы түпкілікті тұтас норма ретіңде кабылдамады. Бұл идея алғаш рет заң жүзінде 1991 жылы бұрын қолданылған ҚазКСР ҚІЖК-нің "Анықтама алу органдарының, тергеушінің, прокурордың және соттың процеске қатысушылар мен өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану жөніндегі міндеті" деген 30-2 бабына енгізу жолымен орнықтырылды. Кейінірек бұл құқықтық ереже Қазақстан Республикасының қазіргі кезде қолданылатын ҚІЖК-нде, атап айтқанда, "қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау " деген қылмыстық іс жүргізу принципі түрінде (15-бап) дамытылып, өз бейнесін тапты. Бұл принцип ҚІЖК-нің "Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" деген 12-тарауында орнықтырылған іс жүргізу кепілдіктері жүйесімен қамтамасыз етілген. Көріп отырмыз, әуел баста қылмыстық іс жүргізу құқығына тән болған, теоретиктер мен практиктер саланың ажыратылмас элементі деп қабылдаған процеске қатысушылардың занды мүдделерін қорғау идеясын заң шығарушы азаматтардың құқықтарын сақтау мен заңды мүдделерін қорғау туралы Қазақстан Конституциясы кепілдік берген талаптардың бұзылуларына байланысты теріс тәжірибе жинақталғаннан кейін ғана қабылдады.
2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы адамзаттың құқықтық ойының игілігі болып табылатын құқық институттарына сүйене алады, ал ұлттық қылмыстық іс жүргізу заңында сол құқық институттарына негізделген нормалар болмауы мүмкін.Азаптауларға тыйым салу туралы конвенция қылмыстық іс жүргізу құқығының бірқатар институттарын дамытқан; КСРО, осы Конвенцияға 1986 жылдан қатысушы бола отырып, Конвенцияға катысудың аса маңызды шарттарының бірі болып табылса да, қылмыстық іс жүргізу заңына қажетті түзетулер енгізген жоқ. Қазақстан Республикасы сабақтастық принципіне сәйкес, өздігінен-ақ осы Конвенцияға қатысушы болып отыр. Алайда бұрын қолданылып келген ҚІЖК-ке қаралып отырған осы бөлікке қатысты ешқандай өзгерістер енгізілген жоқ. Қылмыстық сот ісін жүргізуде азаптауларға тыйым салу туралы Конвенцияда айтылған идеяға келетін болсақ, қылмыстық іс жүргізу құқығы оны жалпы құқық ізгілігі принципіне сай келетін идея ретінде кабылдайды.Қаралып отырған ереженің Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқаны назар аударарлық, оның 17-бабында былай делінген: "Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір керсетуге не жазалауға болмайды". Ал ҚІЖК-де азаптауға тікелей тыйым салатын нормалар жоқ. Алайда оңдай тыйымның бар екені туралы ой адамның жеке басына тиіспеушілік (14-бап), жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу (13-бап) туралы Кодексте барлығы тұтастай қамтылған сот ісін жүргізу принциптерінен объективті түрде туындайды.Әр қылмыс бойынша іс жүргізу осы сатыдан басталады. Бұл сатының мәнісі — өкілетті органдардың, олардың лауазымды адамдарынын қылмыстың белгілері ашылған әр кезде іс жүргізуді бастау туралы тез арада шешім (қаулы) шығарулары қажет. Қылмыстық іс қозғау туралы шешім болса ғана одан әрі қылмыстық іс жүргізу қызметі толық көлемде атқарылады, яғни алдын ала тергеу немесе анықтама жүргізу арқылы істелген қылмыстың мән-жайларын ашу мүмкін болады. Қылмыстық іс қозғау өкілеттігі прокурорға және алдын ала тергеу жүргізу органдарына (тергеуші, анықтама органдары) берілген. Бірақ, заңға сәйкес, кейбір ауыр емес қылмыстар жөнінде іс қозғау жәбірленушінің шешуіне берілген, яғни жәбірленуші арыз берген жағдайда ғана қылмыстық іс қозғалады. Мұндай істер жеке айыптау істері деп аталады және ондай істерге жататын қылмыстардың тізбегі заңда көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет