1.Ғұндардың діни наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптарын, әскери өнері.
Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда
қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің
қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім
болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне
қардай борап үрейін алатын.
Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде
бұқа, бұғы, аққудың бейнелері салынған. Олардың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал
аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен
байланысты келеді.
Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениеті мен әскери өнерінің жетілдірген техникасы мәлім
болды . Ғұндар қару-жарақтарды, жылқы тұқымдарын, көлікті және әскери бекіністерді дамыта отырып, Шығыс Европа,
Византия, Ресей, Иран және Қытай елдеріндегі әскери өнерінің даму үрдісіне ықпал тигізген болатын. Әйгілі
Шыңғысханның тұсында болған әскердің ондыққа, жүздікке, мыңдыққа, он мыңдыққа бөлінуі ғұндар кезінде пайда
болды. Бұл тәсілді Аттила (Еділ патша) ойлап тауып, оны Еуропаға жеткізген. Еуропадағы рыцарлық, яғни мұздай
қаруланған атты жауынгерлік те ол жаққа Аттиламен жеткен еді.Аттила бастаған ғұн әскерлерінің шабуылы туралы
бүкіл Европа аңыз етіп айтатын.Атты-әскер құйғытып шауып келе жатқан бетінде самсаған сансыз жебелерден оқ
жаудырып, жау әскерінің есін кетіріп барып шайқасты бастайтын. Ғұндардың аттары бөлекше еді, ыстық-суыққа бірдей
төзімді бұл жануарлар иесінің айқайынан, тізесін қағуынан-ақ ойындағысын жасай беретін, ғұндардың екі қолы дәйм
бос болатын, жекпе-жек шайқас кезінде әлгі аттар дұшпанды тұяғымен таптап тұратын. Ғұн жауынгерлері ұзындығы бес
футтай ауыр садақтан шіреп кеп тартқанда 100 метрде жердегі қалқанды қақыратып кете беретін. Әсіресе, атты әскердің
артынан ілесіп жүріп, жауынгерлерге жебе жеткізіп беріп тұратын ат арбалар сол кез үпгін ерекше жаңалық еді.
Достарыңызбен бөлісу: