І нұсқа кемпірқосақ Сұрақ 1: кемпірқосақ



бет4/4
Дата01.10.2023
өлшемі223,63 Kb.
#112169
1   2   3   4
Байланысты:
Тесттер Физикадан PISA есептері

VІ нұсқа
ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ ЖАНУАР
Түйенің екі аптадай су ішпеуі мүмкін екендігі белгілі. Бұл оның суды үнемді пайдалатындығымен түсіндіріледі. Түйе 40º-тық ыстықта да терлемейді. Қырқылған түйенің терлеуі 50%-ке дейін ұлғаяды. Түйе ешқашан, тіпті аптап ыстықта да аузын ашпайды. Оның демалу жиілігі өте төмен –минутына 8 рет. Түйе өз өркештерінен керегіне қарай су ала алады (100 г майдан 107 г су).

Сұрақ 10: ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ ЖАНУАР


Булану процесі кезінде денеде қандай өзгеріс болады?
A Дене қызады
B Дене салқындайды
C Дененің көлемі артады
D Дененің ішкі энергиясы артады

Сұрақ 11: ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ ЖАНУАР


Түйенің ыстыққа төзімділігінің себебі неде?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз

Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Оның денесі қалың және тығыз жүнмен жабылған. Жүн оны қызудан құтқарады, ылғалдың шығуына бөгет жасайды

Иә/ Жоқ

Түйе өз өркешінен керегіне қарай су ала алады

Иә /Жоқ

Түйенің салмағы көп болғандықтан ыстыққа төзімді келеді

Иә / Жоқ


Сұрақ 12: ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ ЖАНУАР


Түйе өз өркешінен жарты центнерге дейін су ала алады. 100г майдан 107 г су алса, түйенің бір өркешінің салмағы неше килограммға тең?
A ͌ 25 кг
B ͌ 24 кг
C ͌ 23 кг
D ͌ 22 кг
Сұрақ 13 : ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ ЖАНУАР
Булану процесінің нәтижесі нені береді?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз

Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Булану процесі температураның азаюына әкеледі

Иә/ Жоқ

Ыдыстың бетінің ауданы үлкен болса, булану процесі қарқынды жүреді

Иә /Жоқ

Булану құбылысы ағзаны реттеуде маңызды емес

Иә / Жоқ


V нұсқа
СОЛТҮСТІК БҰҒЫСЫ
Бұғы – аша тұяқты жануар. Ол солтүстікте, таулы жерлерде өмір сүреді. Солтүстік бұғысы суыққа төзімді, қарға көп батпай жүре береді. Сондықтан оны шанаға шегіп, көлік ретінде пайдаланады. Бұғылар мүк, қына сияқты шөптермен, суда өсетін өсімдіктермен, ағаштың қабығымен және бүрлерімен қоректенеді.
Мүйіз өскен сайын сезімтал «бархат» деп аталатын терімен қапталады. Оның үстінен мүйізді қоректендіретін және сүйегін қатайтатын қан тамырлары өседі. Мүйіз толығымен өскенде қан айналымы тоқталып, оның бастамасында сақиналар пайда болады. Содан кейін бұғының мүйізі құрғай бастайды да, соңында түсіп қалады. Көбінесе, бұғы мүйізімен ағашқа сүйкеледі. Бұғының мүйізі өте пайдалы. Одан әртүрлі дәрі- дәрмектер жасайды. Әсіресе, жүрек, бауыр, қантамыр, қаназдық ауруларына қолданады
- Пантокрин дәрісі қанқұрамын жақсартып, қаназдықты емдеуге жақсы. Үнемі қолданса қаназдықты жойып адам өмірін ұзартады.
- Бұғының етін тамақ ретінде пайдалануға болады.



Сұрақ 14 : СОЛТҮСТІК БҰҒЫСЫ
Бұғының суыққа төзімділігінің сыры неде?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз

Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Әрбір жүн қылшықтарының арасы ауаға толы, сондықтан ол суыққа төзімді

Иә/ Жоқ

Бұғының терісі жылуды нашар сақтайды

Иә / Жоқ


Сұрақ 15 : СОЛТҮСТІК БҰҒЫСЫ


Бұғының адамға қандай пайдасы бар?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз

Төмендегі пайымдаулар дұрыс па?

Иә немесе Жоқ

Бұғының мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, үнемі қолданса қаназдықты жойып адам өмірін ұзартады

Иә/ Жоқ

Бұғының етін тамақ ретінде пайдалануға болмайды

Иә / Жоқ


Сұрақ 16 : СОЛТҮСТІК БҰҒЫСЫ


Пантокрин дәрісін алуды көбейту үшін, бұғы өсіру шаруашылығын дамытудың қандай жолдарын ұсынар едің?
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет