І нұсқа КЕМПІРҚОСАҚ Сұрақ 1: КЕМПІРҚОСАҚ Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің нәтижесінде пайда болады. Күннің жарық шоғының түрлі түстерге жіктелуі- әр түрлі түстегі шоқтар әр түрлі сынатынымен түсіндіріледі. Бұл жарықтың таралу жылдамдығы, оның түсіне тәуелді екенін білдіреді.
Кемпірқосақ пайда болғанда қандай құбылыс жүреді?
Әрбір пайымдауда «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз
Ақ жарықтың құрама бөліктерге жіктелгендегі жолақтарды 1666ж ағылшын физигі Исаак Ньютон тәжірибе жүзінде анықтап, спектрлер деп атады. Ақ жарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.
Қандай жағдайда біз қара денені көре аламыз?
A Егер дене оған түскен барлық жарықты жұтатын болса
B Егер дене оған түскен қызыл және көк түсті жұтатын болса
C Егер дене оған түскен қызыл және көк түсті шағылдыратын болса
D Егер дене ақ жарықтың барлық құрама бөліктерінен біркелкі шағылатын болса