І нұсқа Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары


Грамматикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары



бет4/6
Дата18.10.2023
өлшемі26,43 Kb.
#117978
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ДКСО тест мәтінмен

Грамматикалық сауаттылық бойынша тест тапсырмалары

5. Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді табыңыз.


A) Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізді.
B) Оспан – Амангелді батырдың жолдасы.
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.

6. Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді белгілеңіз.


A) Уақыт біз үшін, еңбек адамдары үшін, істейді.
B) Айқындық – сөздің басты артықшылығы.
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
7. Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз.
A) Мен сендерге көргенімді айтамын.
B) Жел соқпай, құс шуламай – бәрі жым-жырт.
C) Тыңда, дала, Жамбылды.
D) Дүниеде, сірә, сендей жар жоқ маған.

8. Жақсыз сөйлемді табыңыз.


A) Ауылдың малы өсті.
B) Асан ұйықтап қалды.
C) Досанның тауға барғысы келді.
D) Бұл - үлкен сыйлық.

9. Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді табыңыз.


A) Мен оны тыңдадым.
B) Сен оны ұнатпайсың.
C) Менің тыңдағым келеді.
D) Көп оқисың.

10. Жақсыз сөйлемді табыңыз.


A) Менің оқуға түсуім керек
B) Ұлжан ойлана қарап отыр.
C) Асан әдемі.
D) Олар келді.

11. Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.


A) Мен елдің жіберген емшісімін.
B) Ол еш уақытта қуанған емес.
C) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.
D) Ораз отыр.

12. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.


A) Сәуле кешікті.
B) Алтын асылдығымен қымбат.
C) Алматы көркеюде.
D) Ұялмас бетке талмас жақ беру керек.

13. Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарына ықпал ететін жұрнақтар.


А) –қы, -кі, -ғы, -гі.
В) –а, -е, -й.
С) –атын, -етін.
D) –лы, -лі.

14. Баяндауыштың бір өзі сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің түрін белгілеңіз.


А) Жақсыз сөйлем.
В) Құрмалас сөйлем.
С) Жай сөйлем.
D) Толымды сөйлем.

15. Жақты сөйлемді көрсетіңіз.


А) Енді сізге айтуға тура келді.
В) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
С) Ол дос жүрегіне сенеді.
D) Нені айтып отырғанын түсініп болмайды.
16. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
А) Бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ.
В) Бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты.
С) Ізденіс түбі - жеңіс.
Д) Танк өз - өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң - топырақ бұрқ ете қалды.

17. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Ол қызына 2 түрлі нәрсені үйретуге тырысты: бірі - тұрақтылық, бірі - махаббат.
В) Халықтардың жарқын өмірінің кепілі - бірлік пен береке.
С) Өтірікші өзін алдайды.
Д) Дүниеде айнымайтын қорғаушың - ақыл.


18. Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
В) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті.
С) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді.
Д) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, оның уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ.
19.Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
А) Құрамындағы жай сөйлемдерінің біреуінің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, екіншісіне бағына байланысқан құрмаластың түрі
В) Құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты тұлғада келіп, бір- бірімен өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі
С) Құрамындағы жай сөйлем сыңарлары сабақтасып та, салаласып та байланысатын құрмаластың түрі
Д) Іс- оқиғаның жайын баяндамай, соған қатысты мекен, мезгіл, құбылысты атап көрсететін сөйлемнің түрі
20. Сабақтас құрмаласты ажыратыңыз.
А) Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған.
В) Ұлттық ойындардың, әсіресе, жасөспірім балаларға арналған түрлері өлеңмен өрнектеліп отырған.
С) Шоқан Семейден шыққанда, май айының алғашқы бір әсем күндері еді.
Д) Дүниеде адам баласының ұлы қасиеті екеу- ақ: ой ұлылығы, сұлулық ұлылығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет