6. ЕСЕПТІ БЕЗЕНДІРУ
Өндірістік тәжірибе жайлы есепті студент тәжірибе бағдарламасына сай әдістемелік нұсқау және тәжірибе жетекшісінің қосымша нұсқаулары бойынша жасайды. Тәжірибе бойынша есептемені жазуға дайындықты студент тәжірибеден өтудің алғашқы күндерінен бастап айналысуы тиіс. Есептеме материалдарын мазмұндау тәжірибе бағдарламасына сәйкес болуы керек. Материал анықталып, талданып және сәйкес сұрақтар бойынша есептемеде бейнеленеді. Тәжірибенің аяқталуымен студент есептемені кафедраға 2 күн ішінде тапсыруға міндетті. Тәжірибе бойынша есептеменің жалпы көлемі машиналық жазба түрінде 10-15 бет құрау керек. Есептеме стандартты қағаз бетінде орындалып, нөмірленіп, тігілуі керек. Әрбір сұраққа мазмұнды атау беріліп, қажет жағдайда алғашқы кездеріне сілтеме жасалуы керек.
Есептеме материалдарын келесі тәртіппен орналастырады:
Мұхаба бет
мазмұны
есептеме мәтіні:
кіріспе,
жеке тапсырма,
қорытынды
әдебиеттер тізімі
Қосымшалар (тәжірибе кезінен суреттер, видео, т.б.)
Есептеме түзетулерсіз, таза, анық қолмен жазылуы керек және парақ айналасының мөлшері келесі түрде болады: сол жақтан – 30 мм, оң жақтан – 15 мм, жоғарыдан – 20 мм, төменнен – 20 мм , қаріп көлемі -14 (KZ Times New Roman)., горизонталь жол ара қашықтығы -1 интерваль.
Жетекшінің қолы қойылған, рәсімделген есептеме кафедраға тапсырылады. Есептеме қорғау бойынша қабылдау мерзімі белгіленіп, студенттерге ескеріледі. Тәжірибе бойынша есептемені қорғау нәтижелері комиссиямен бағаланады. Өндірістік тәжірибе бағасы теориялық курс бойынша қойылған емтихан бағасына бара-бар болып есептеледі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:
Маханова З.А., Ельбергенова Ғ.Ж. «Java-дағы таралымды жүйелер» пәнінен зертханалық практикум. – Алматы: «Эверо» баспасы, 2015, 60 б.
Ибрагимов О.М. Web-бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы. – Алматы: Эверо, 2018–152 б.
А.Курушин, www.inethelp.ru
Семикопенко А.А., www.webremeslo.ru
https://jamboard.google.com/d/1tGznZC1wuTP1m_n3ySaR_IHPTg33Hqcwd5a5vPz4NI/viewer?f=0
W3schools - https://www.w3schools.com/html/default.asp
SublimeText
Сулейменова Б.Б. «НTML тіліндe WEB-бeтін құpу» атты oқу құpалы-Ақтау,2020.-104б.Страуструп Б. Программалау. С++ тілін пайдалану қағидалары мен тәжірибесі. –Алматы, 2014. -688 б.
Д. Силен, А. Мейсман, М. Али. Python и наука о данных. /- СПб.:Питер,2020. - 336 c.
11. Самаликова, А. М. Инновациялық әлеуетті зерттеудің теориялық негіздері / А. М. Самаликова, С. Ж. Баймуратов. —// Молодой ученый. -2016.- № 8.9 (112.9). — С. 19-22. — URL:
https://moluch.ru/archive/112/292261.
Гараедаги Д. Системное мышление: Как управлять хаосом и сложными процессами: Платформа для моделирования архитектуры бизнеса. - Минск: Гревцов Паблишер, 2019, -251с.
Достарыңызбен бөлісу: |