I сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер


Қоймалық ғимараттарда гигиенаны және адам денсаулығының қорғалуын



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата10.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#136139
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
sn rk 302292012 skladskie zdaniia

5.3
Қоймалық ғимараттарда гигиенаны және адам денсаулығының қорғалуын 
қамтамасыз етуге қатысты талаптар 
 
5.3.1
 
Адамдардың ғимараттарда болу қауіпсіздігі
 
санитарлық-эпидемиологиялық 
және микроклиматтық жағдайлар: жҧмыс аймақтарының ауасында зиянды заттардың 
шекті мҥмкіндіктегі шоғырлануынан жоғары болмауы, ҥй-жайларға жылу мен ылғалдың 
барынша аз бөлінуі; шуылдың, дірілдің, ультрадыбыс деңгейінің, электромагнитті 
толқындардың, радиожиіліктердің, статикалық электр мен иондаушы сәулеленулердің 
мҥмкін болатын мәндерден жоғары болмауы, сондай-ақ дене жҥктемелерінің, зейін 
қоюдың шектелуі және санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес жҧмыс істеушілердің 
шаршауына жол бермеу арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. 
 
5.3.2 Конструкцияларда қолданылатын материалдар пайдалану барысында шекті 
мҥмкіндіктегі шоғырлануынан асатын көлемде зиянды, өрт және жарылыс қаупі бар, 
жағымсыз иіс шығаратын заттарды, сондай-ақ ауру тудыратын бактерияларды, 
вирустарды және зеңдерді бөлмеуі тиіс.
5.3.3 Тамақ өнімдерін сақтауға арналған қоймалық ҥй-жайлардың едендерін жабуда 
қара майды, шайырды және басқа да экологиялық тҧрғыдан зиянды материалдарды 
қолдануға болмайды.
5.4
Пайдалану кезінде қауіпсіздік пен қолжетімділікті қамтамасыз етуге 
қатысты талаптар 
 
5.4.1 Қоймалық 
ғимараттардың көлемдік-жоспарлық және конструкциялық 
шешімдері олардың ішіндегі адамдардың қозғалу, жҧмыс істеу, жылжымалы 


ҚР ҚН 3.02-29-2012 
 

қҧрылғыларды, технологиялық және инженерлік жабдықты пайдалану кезінде жарақат 
алу мҥмкіндігін болдырмауға септігін тигізулері тиіс.
5.4.2 Мҥгедектер ҥшін қолжетімді ғимараттар мен қҧрылыстардың жобалық 
шешімдері: 
- олардың мақсатты жерлерге қол жеткізулерін және ғимараттар мен қҧрылыстардың 
ішінде кедергісіз жылжуларын; 
- қозғалу (соның ішінде эвакуациялау) жолдарының, сондай-ақ қызмет көрсету және 
жҧмыс жасау орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етулері тиіс. 
5.4.3 Адамдардың электр тогынан зардап шегулерін болдырмау ҥшін жобалық 
шешімдерде: 
- электр қондырғыларын сенімді оқшаулау және жерге тҧйықтау шаралары; 
- қорғаныстық өшіру қҧрылғыларының болуы; 
- электрмен жабдықтау жҥйесінің қолмен ҧстауға болатын бөліктерінде электр 
жҥктемесінің пайда болуын болдырмау шаралары қарастырылуы тиіс. 
5.4.4 Жобалық қҧжаттамада жарылыстар нәтижесінде сәтсіздіктерге ҧшырап, 
жарақат алуды болдырмау шаралары, соның ішінде:
- жылыту жҥйелерін орнату кезінде қауіпсіздік ережелерінің сақталуы; 
- жылу генераторларын дайындайтын кәсіпорындар талаптарының сақталуы,
- ыстық сумен жабдықтау және жылыту жҥйелеріндегі қыздыру температурасы мен 
қысымның реттелуі; 
- ҥй-жайлардың ауасында жарылыс қаупі бар заттардың шамадан тыс жинақталып 
қалуын болдырмау қарастырылуы тиіс. 
5.4.5 Қоймалық ғимараттарды жобалау кезінде адамдарды: 
- сыртқы көздер (қҧрылыстың сыртынан) тудыратын ауа шуылынан; 
- ғимараттың немесе қҧрылыстың басқа бөлме-жайларындағы ауа шуылынан; 
- соққы шуылынан; 
- жабдық шығаратын шуылдан; 
- ҥй-жайда шамадан тыс жаңғырық шығаратын шуылдан қорғау қамтамасыз етілуі 
тиіс. 
5.4.6 Бір уақытта көп адам бола алатын және олардың қауіпсіздігі дыбыс айыру 
мҥмкіндіктеріне байланысты болатын ҥй-жайлар мен ашық алаңдарда оңтайлы 
акустикалық жағдайлар жасалуы тиіс.
5.4.7 Су бҧру объектілерін сырттан жарықтандырудың келесі тҥрлері қабылдануы 
тиіс:
- жалпы, біркелкі жҧмыс жарықтандыруы;
- кҥзет жарықтандыруы; 
- кезекші жарықтандыру.
 
Нақты объект ҥшін қажетті жарықтандыру тҥрлері жобада белгіленеді және 
тапсырыс берушімен келісіледі.
5.4.8 Апатты және басқа да төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету ҥшін 
жобалық қҧжаттамада апатты және эвакуациялық жарықтандыру қарастырылуы тиіс.
Апатты жарықтандырудың жҧмыс жарықтандыруы өшкен кезде, автоматты тҥрде 
қосылатын дербес қоректену көзі болуы тиіс.
Қоймалық ғимараттарда ҥй-жайлардан апатты және эвакуациялық шығу 
жолдарының көрсеткіштері қарастырылуы тиіс.
5.4.9 Қоймалық ғимараттар тҧрақты және ҧялы байланыс тҥрлерімен жабдықталуы 
тиіс. 
5.4.10 Рҧқсатсыз енуден қорғануды қамтамасыз ету ҥшін: 
- қоймалық ғимараттарда қылмыстық әрекеттер мен олардың салдарының болу 
мҥмкіндігін азайтуға бағытталған шаралар қарастырылуы тиіс; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет