Байланысты: Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1
2. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларға арналған мекемелер жүйесі Мектеп жасына дейінгі сөйлеу тілінде ауытқуы бар балалар арнайы бала бақшаларда және жалпы бала бақшалардағы арнайы топтарда түзетушілік педагогикалық, логопедиялық көмек алады. Бұл бала бақшалардың негізгі міндеттер -
тілі кемістіктерін түзету;
жалпы мектепте білім алуға дайындау;
сөйлеу тілінде ауыр кемістігі бар балаларды арнайы мектепте білім алуға дайындау.
Арнайы топтар сөйлеу тілінің фонетико-фонематикалық жетіспеушілігі бар, сөйлеу тілінін жалпы жетіспеушілігі бар, тұтықпасы бар балалар үшін ашылады. Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балалар тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны арнайы бағдарламаларда көрсетілген, олардың негізгі тараулары:
ойын,
еңбек,
дене және ән күй тәрбиесі,
қарапайым математикалық түсініктерді дамыту,
қоршаған айналамен таңыстыру,
сүрет салу және құрастыру,
сөйлеу тілін дамыту.
Сөйлеу тілінде ауытқуы бар балаларға арналған бала бақшалардын тәжірибесі жүргізілетін әрекеттің жоғары нәтижсін көрсетеді, мысалы, тәрбиеленушілердің 80 пайызы жалпы мектепте білім алуын жалғастырады.
Келесі мекеме ол логопедтік пунктер - логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабак жүргезетін білім беру ұйымы. Логопедтік пунктті білім беруді басқару органы ашады. Әрбір логопедтік пункте топтардың (сыныптардың) белгілі бір саны бекітіліп беріледі. Бұл ұйымның қызметі "Логопедтік пунктің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережесінде" көрсетілген ( "Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламентгейтін нормативтік құқыктық актілерді бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2004 ж. 03.09. № 712 бұйрығына 2 қосымшасында).
Сөйлеу тілінде ауытқушылақтар бар тұлғалар үшін денсаулық сақтау жүйесінде, нақты емханаларда логопедтік кабинеттер қызмет етеді. Бұл кабинеттерде логопед жүйелі сабақтар өткізу арқылы тіл кемістіктерін түзету жұмысын атқарады, халыққа кеңес береді және сөйлеу тілінде кемістердің алдын алу шаралары туралы білімді насихаттайды.
Мұғалім – логопед болып дефектологиялық білімі ("логопедия" мамандығы, қайта даярлық курсынан өткен жағдайдағы "олигофренопедагог" пен "сурдопедагог"), "логопедия" мамандығы бойынша қайта даярлықтан міндетті түрде өткен "орыс (қазақ) тілі мен әдебиеті мұғалімі", "бастауыш сыныптарының мұғалімі" мамандығы бойынша жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.
Мұғалім-логопед жалпы білім беретін мекемелер мұғалімдері үшін белгіленген тәртіппен тағайындалады және жұмыстан босатылады.
Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу бұзылыстарын уақтылы анықтауға, пунктті жинақтауға түзете оқытудың сапасына жауап береді.
Мұғалім-логопедтің жұмысына басшылықты және бақылауды логопедтік пункттің қарамағындағы білім беруді басқару органы, сондай - ақ, логопедтік пункт базасында ашылған мектепке дейінгі ұйымның, мектептін әкімшілігі жүзеге асырады.
Бұл топтағы балалар кейбір ереше жағдайларда емханаларда дәрігерлік көмекті қажет етеді (операция, оңалту мен сауықтыру). Ал негізгі мекеме - ол сөйлеу тілінде ауытқушылақтар бар балаларға арналған мектептер жүйесі.