2. Аутизм жағдайындағы балаларға түзету - педагогикалық көмек көрсету
Ресей ғалымдардың мәліметтері бойынша уақытмен түзетушілік көмек көрсетілген жағдайда аутист балалардың 60% жалпы білім беру бағдарламалар бойынша, 30% арнайы білім беру бағдарлама
бойынша оқуға қабілетті, ал 10% отбасында әлеуметтенуге мүмкіндіктері бар. Бірақ түзетушілік көмексіз қалған жағдайдағы балалардың 75% әлеуметтік ортаға бейімделе аламайды, 22-23%
шамалы бейімделеді, тек 2-3% әлеуметтік бейімделудің жеткілікті деңгейіне жетеді.
Аутист балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі өткен ғасырдың 60 жылдарында алғаш рет АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінде қалыптуын бастаған. Еуропада ең бірінші аутист балаларға арналған мектеп Дания елінде 1920 жылы ашылған.Кейін кейбір жекеменшік мекемелер аутист балаларға көмек көрсетуді бастаған,
бірақ ол кезде, нақты оқыту мен түзетудің әдіснамалық, ғылыми негіздемесі болмаған.
Қазіргі уақытта балалық ерте шақтағы аутизмді түзетудің әдістемелік негіздері әр түрлі. Жиі кездесетін бихевиористік психологияның негізінде операнттік оқыту (мінез-құлықтық емдеу).
Бұл түзету әдісі АҚШ - та және баска да елдерде кеңінен тараған. Әдістің
негізі - қажетті қылықты, әрекетті қалыптастыру үшін сыртқы жағдайларды арнайы қамтамасыз ету,
әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу, сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе еңбек ету дағдыларына үйрету. Бұл әдіс бойынша оқытылған балалардың 50-60% жалпы мектеп
бағдарламасын менгере алады, кейін орта, жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырады.
Операнттік оқыту әдістен басқа шет елдерде ТЕАССН атты бағдарлама (Э.Шоплер, Р.Райхлебер), холдинг-терапия (М.Уэлш), күнделікті өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету арқылы емдеу (К.Китахара) т.б. тәжірибеде жиі пайдаланады.
Ресейлік тәжірибеде ең танымал К.С. Лебединская мен О.С. Никольскаяның аутизмді түзетудің кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық әдістемесі. Бұл әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер (психиатр), педагог
пен психологтардың бірлесе, тығыз байланыста жұмыс жасау.