I тарау. Арнайы педагогиканың жалпы теориялық негіздері дәріс №1-4 Арнайы педягогиканың жалпы негіздері Жоспары



бет42/98
Дата30.09.2023
өлшемі1,43 Mb.
#112043
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98
Байланысты:
Арнайы педагогика оқулық Байтұрсынова 1

Бақылау сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Арнайы мектептегі сабақтың жалпы мектептегі сабақтан айырмашылығы қандай?

  2. Арнайы мектепте қандай сабақ түрлері жүреді?

  3. Сабақты өткізу үшін қандай арнайы жағдалар қажет?

  4. Арнайы педагогтың сабаққа дайындығы туралы айтып беріңіз.

  5. Арнайы мектептегі бір сабақтың конспектісіне талдау жасаңыз.



Әдебиеттер:

  1. Специальная педагогика /Под ред. Н.М.Назаровой -М.- 2001.

Дәріс № 20-21
Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу


Жоспары:

  1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері.

  2. Тәрбие принциптері мен әдістері.

  3. Арнайы мектептегі тәрбие жұмысының мазмұны.

  4. Арнайы мектептегі сабақтан тыс жұмысы.

  5. Тәрбиелеу жұмысында мектеп пен кемтар баланың отбасының байланысы.



Түсініктер: тәрбие, тәрбие әдістері, тәрбие мазмұны, отбасындағы тәрбие


1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Тәрбие бұл жалпы ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты, әрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында тұлғаны қалыптастыру, ол үшін рухани байлығы мен эмоциялық құндылықтарды тәрбиелеу максатын көздейтін әлеуметтік процесс.
Қазіргі уақытта тәрбие келесідей мақсаттарды көздейді:

  • қоғамда және білім беру саласында тәрбиенің мәртебесін көтеру;

  • тәрбиелік жүйелерді қалыптастыру;

  • білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын нығайту, жетілдіру, отбасымен байланысты дамыту, кеңейту;

  • отандық тәрбие дәстүрлері мен қазіргі тәрбиелеу тәжірибені біріктіру;

  • балалар үшін психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік оңалту жүйесін әзірлеу, енгізу.

Арнайы білім беруде тәрбиені ұйымдастыру принциптері ұлттық білім беру стратегиясы мен саясатымен анықталады, соның ішінде тәрбиелік ұйымдардың мен жүйлерді, әдістер мен жүйелердің көптүрлігін қажет етеді.
Сонымен бірге тәрбиені дұрыс жүзеге асыру үшін тәрбиешілерді дайындау жүйесін жетілдіру қажеттілігін білдіреді. Бұл жерде жаңа арнайы білім беру технологиялармен таңыстыру, үйрету мақсаты өзеісті болып табылады.
Ал оқу және тәрбие өзара байланысты, бір бірімен ажырамас ұштасқан күйде бір уақытта қатар жүріп отырады, бірақ ұйымдасу әдістері және формалары тұрғысынан өзгеше. Оқу мен тәрбиенің ортақ белгілері:
- тәрбие процесі өз ішіне оқу элементерін қамтиды: қандай да ережені орындауды талап етуден бұрын оның іске асырылу жолдарын үйрету қажет;
- оқу процесі мұғалім мен оқушы арасындағы ықпалдасты іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасына сәйкес өтеді. Өз қызметі барысында мұғалім оқушыға тәрбиелік ықпал жасайды;
- оқу мен тәрбие ироцестерінде бірдей әдістер пайдаланылады.
Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:
- мақсатты бағыттылық (мақсаттын түсінікті болуы нәтиже тиімділігінін кепілі);
- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы кызметтестіктің көрсеткіші);
- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);
- көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тәрбие барысында олар реттеледі;
- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады);
- үздіксіздігі (отбасынан басталады, үнемі жүреді);
- кешенділігі (тәрбие мақсаты мен міндеттерінің мазмұн, форма және әдістерінің бірлігі);
- екі тараптылығы ( тәрбиелік ықпалды жүргізуші - мұғалім, тәрбиеші, ықпалды қабылдаушы - бала, оқушы).
- тәрбиеші тұлғасы - тәрбие барысында ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі - мұғалім ептілігі , шеберлігі , кұндылықты бағыт-бағдары , қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);
- қарама-қайшылықты болуы (қарама-қайшылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).
Тәрбие түрлі әрекеттер арқылы жүзеге асуына қарамастан, жетекші орында мектеп екені анық. Қазіргі уақытта тәрбиенің жаңа көрінісін байқауға болады, нақты адам баласының кұндылығы және окыту мен білім беру тәрбие құралдары ретінде қарастырылады. Тәрбиенің негізгі көрсеткіші-мақсаттылығы. Арнайы білім беруде мүмкіндіктері шектеулі балаларды, кемістіктеріне қарамастан, жаң жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу негізгі мақстат. Жан-жақты дамыту өмір барлық салаларына белсенді қатысуын қамтиды, зият, кұндылықты бағдарлау, қоғамдык, еңбек ету, көркем өнер, спорт, ойын, коммуникативті т.б. әрекеттер арқылы, қоршаған ортамен байланыста болуынан көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет