I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет21/94
Дата18.11.2023
өлшемі7,69 Mb.
#124603
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы 2023-2024 оқу жылы-1


Әбу Насыр әл-Фараби(870-950 жж.) Отырар қаласында туған. Осы қалада қыпшақ тілінде білім алған. Толық аты-жөні әл-Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан. Яғни әкесінің аты – Ұзлағ, ал арғы атасының аты – Тархан. Асқан білімділігімен «Шығыстың Аристотелі» атанған. Араб тілін Исфахан, Бағдат, Дамаск (Шам) қалаларында игерген. Сондай-ақ, Бұхара, Самарқан, Александрия қалаларында өз білімін жетілдірген.
Ол – философ, математик, тарихшы, физик, астроном, бір сөзбен айтқанда асқан дарын иесі. Араб, парсы, грек тілдерін еркін меңгерген. Сол себепті Әбу Насыр әл-Фараби өз шығармаларында араб, парсы, грек, үнді, түрік мәдениетінің жетістіктерін талдап, жақындастыра білді. Мұны «Үлкен музыка кітабы» атты еңбегінен де байқауға болады. Сайып келгенде, әл-Фараби «Қайырлы қала тұрғындарының кітабы», «Дүниедегі қозғалыстардың тұрақтылығы», «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдардың шығуы», «Жұлдыздар бойынша болжаулар» тағы басқа еңбектері жарық көрген.
әл-Фараби Архимед, Аристотель, Евклид, Пифагор еңбектерін зерттеген. Білімнің әр түрлі салаларын қамтитын 160 трактат жазған. Ол 80 жасында Дамаск (Шам) қаласында қайтыс болады.

Қожа Ахмет Яссауи

Қожа Ахмет Яссауи(1103-1167 жж.) Сайрам қаласында туған. Әкесі Ибраһим атақты ғұлама адам болған. Шешесі-Мұса шайқының қызы Айша. (бір деректерде – Қарашаш). Алғаш әкесінен оқып сауатын ашып, кейінірек ислам дінінің шариғат-қағидаларын үйренген. Бала кезінен Ясы қаласын мекен етеді. Бұхара қаласында Юсуф Хамаданидан діни білім алып, Ясыға оралады. Мұнда ол сопылық ілімнің насихатшысына айналады. Ахмет Яссауи өзінің ұстазы Арыстан бабты пір тұтады. Өмірінің көбі Сайрам мен Ясы (Түркістан) қаласында өтеді. Қожа Ахмет Яссауи 17 жасынан бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жазған. Ал, Қожа Ахмет Яссауиден қалған мұра оның «Диуан-и хикмет» («Даналық кітабы») болып табылады. Кітап түрік тілінде араб әліппиімен жазылған. Бұл еңбекте адамды даналыққа, адалдыққа, кіші пейілділікке, имандылыққа шақырады. Түпнұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені ХV-ХVІ ғасырлардағы көшірмесі ғана. Ондай нұсқалар өте көп. Олардың көбі Стамбул, Қоқан, Ташкент, Мәскеу, Алматыда сақталған.
Қожа Ахмет Яссауи Түркістанда қайтыс болды, ХІV ғасырда оның басына Әмір Темір зәулім кесене салғызды. Сондықтан бұл жер мұсылмандардың «екінші Меккесі» аталған. «Мединеде Мұхаммед, Түркістанда Қожа Ахмет» деген сөз содан қалған. Ахмет Яссауидің жолын қуған шәкірттерінің бірі-ел ішінде Хакім ата аталған Сүлеймен Бақырғани.

Жүсіп Баласағұн



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет