I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


Жүсіп Баласағұни (1021-1075 жж.)



бет22/94
Дата18.11.2023
өлшемі7,69 Mb.
#124603
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы 2023-2024 оқу жылы-1

Жүсіп Баласағұни (1021-1075 жж.) толық есімі Жүсіп Хас Хажип Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Білімді Фараб (Отырар), Қашғар, Бұхара қалаларынан алады. Араб, парсы тілдерінде еркін сөйлеген. Өзінің атақты философиялық-диалектологиялық «Құтты білік» дастанын Қарахан әулетінен шыққан Тағаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хажип (Сарай министрі) атағы берілді. Ол өзінің атақты «Құтты білік» атты еңбегімен белгілі. Бұл еңбек алғаш рет түрік тілінде жазылған. «Құтты білік» – ХІ ғасырға дейінгі түрік тілді халықтардың қоғамдық ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Онда әдеби тілдің тамаша үлгілері көрініс тапқан. Поэманы 1896 ж. К.Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 ж. Н.Гребнев «Бақытты болу ғылымы» деген атпен еркін аударма жасады. Ал 1983 ж. С.Н.Иванов «Благодатная знание» деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 ж. бұл дастанды ақын А.Егеубаев қазақ тіліне аударды.
Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген. Жүсіптің ақын ретінде де, ғалым ретінде де атын шығарған еңбегі «Құтты білік», «Құтадғу білік» атты дидактикалық поэмасы. Шығармада философия, астрономия, медицина, тіл білімдері жайында да мәліметтер кездеседі. Түрлі кәсіп иелерінің өмірлері де суреттеледі. Автор еңбегін 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашғар қаласында аяқтаған. Жалпы «Құтты білік» поэмасы түрік тіліндегі энциклопедиялық шығарма болып табылады.

Махмұд Қашғари

Махмұд Қашғари (1030-1090 жж.) шын аты Махмұд Хусейн ибн Мұхаммед Қашғари. Ол Қашғар қаласында туып Баласағұн қаласында өмір сүрген. Махмұд алғаш Қашғар қаласында, кейіннен Орта Азия мен Иранның ірі қалаларында білім алды.
Араб тілін жетік білген.Түрік филологиясы мен философиясының ғұлама білгірі. Махмұд Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрк» деген әйгілі еңбегі бар. Кітапта ХІ ғасырда өмір сүрген түркі тайпалары жайында мәліметтер көптеп жазылған. Бұл кітапта бүгінгі ғалымдар сол кездегі түріктердің мекен-жайларының аты-жөні, олардың тарихы, этнографиясы, ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар алады. Бұл еңбекте тарихшылардың назарын өзіне аударған шығармадағы дүние жүзінің түрікше картасы. Кітапта 400 мақал-мәтел бар. Махмұд Қашғари оны 1072-1074 жылдары Халиф Әл-Мұқтадиға арнап құрастырған. Бұл кездегі әдеби шығармалардың дамуына жаңадан тарай бастаған ислам дінінің әсері мол болды.

Ахмет Йүгінеки



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет