Шаруашылығы мен мәдениеті. Наймандар мен керейлердің шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болды. Себебі олардың мекен еткен жерлері шаруашылықтың бұл түрімен айналысуға өте қолайлы болған. Төрт түлік малдың барлығы да өсірілген. Әсіресе жылқы өсірудің маңызы ерекше саналды. Қойдың да маңызы жылқыдан кем түспеді. Мал шаруашылығынан басқа олар аң аулауды және балық аулауды кәсіп еткен. Қолөнер де гүлденді. Сонымен қатар, қолөнершілері ат әбзелдерін, арба, қару-жарақ жасай білген. Күнделікті тіршілікке қажетті заттардың барлығын дерлік аталмыш тайпалар өздері жасаған. Наймандар Орталық Азия шығысындағы көшпелілердің ең өркениеттісі болды. Орхоннан Алтай, Іле, Жетісу, Ұлытауға дейінгі кең өлкеде Ақбалық, Шамбалық, Қаялық (Қойлық), Бесбалық, Найман Сум қатарлы қалалар салды. «Тамғалы тас» ескерткіші олардың жазу мәдениеті болғандығын дәлелдейді. Олар ежелгі ұйғыр жазуын қолданған.
§ 18.VI-XIIІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті
Ерте орта ғасырларда Қазақстан жерін мекендеген халықтар – негізінен түркі тілдес халықтар. Түркі тілдес халықтармен қатар Қазақстан жерінде басқа тілдік топтар да өмір сүрді. Сонымен қатар Қазақстан жерінде Иран (соғды) тілдес, Сирия тілдес, Араб тілдес халықтар тобы өмір сүрді. VІ ғасырлардан бастап түркі тілдес тайпалардың өз жазулары болды. Бұл жазу ғалымдардың пікірінше соғды жазуына ұқсас. Көне түрік жазуларының ескерткіштері Монғолия жерінен табылды.
VІ-Х ғасырларда Қазақстанда соғды жазуы мен тілі кең қолданылған. Бұл жазу Тараз, Баласағұн, Испиджаб қалаларында кең тараған. Оңтүстік Сібір, Алтай-Саян, Қазақстан жерлерін ежелгі түрік тайпалары мекендеген. Олар түрік тілінде сөйлеп, көне түрік жазуымен жазған. Көне түрік әліппиі 35 әріптен тұрған. Түріктердің әліппиі өздерінің ру-тайпаларының таңбалары негізінде жасалған. Көне түріктердің негізгі жазуы «руна» жазуы деп аталған. Ал аса бағалы тарихи ескерткіш болып саналатын руна жазуы бар құлпытасты ХІХ ғасырда Солтүстік Монғолиядағы Орхон өзенінің маңынан Н.М.Ядринцев тапқан. Құлпытастағы жазуды түркітанушы В.В.Радлов пен дат ғалымы В.Томсон ажыратқан.
Қорқыт
Бұл жазу «Орхон-Енисей тас жазуы» деп аталады. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері «Күлтегін» және «Тоныкөк» жазулары. Бұлар-нағыз тарихи дастандар. Мұнда түрік қағанатының құрылуы мен дәуірленуі, ақырында күйреуі жайында айтылады. Дастандардағы тарихи суреттер әдеби-көркемдік тәсілдермен өрнектелген.
VІІІ-ІХ ғасырларға жататын әдеби шығармалар «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастаны. Бұл шығармалар алғаш VІІІ ғасырда ауызша айтылып, ел ішінде кең таралса, тек ХІ ғасырдан бастап қағазға түсе бастаған. «Қорқыт ата» кітабы 12 жылдың қосындысынан тұрады. Бұл шығарма аты аңызға айналған атақты ақын, қобызшы Қорқытқа байланысты. Қорқыт есімі түрік тілдес халықтар арасында кеңінен мәлім. Қорқыт күмбезі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында тұрғызылған.
Ал, «Оғызнама» біздің дәуіріміздің ІІ ғасырындағы тарихи оқиғаларға байланысты туған. Бұл әдеби шығарма VІ ғасырда парсы тіліне, ІХ ғасырда араб тіліне аударылған. «Оғызнаманың» ескі нұсқасын ХІІІ ғасырда бірінші жазып қалдырған тарихшы Рашид ад-Дин. Одан кейін ХVІІ ғасырда толық жазған – Әбілғазы хан.Шығарманың идеясы ерлікті, бірлікті уағыздайды. Сонымен қатар, ерте орта ғасырда түрік тіліндегі ауыз әдебиетінің әртүрлі жанрларының (мақал-мәтел, жоқтау, тағы басқалар) дамуына байланысты әдеби тіл мен жазба әдебиеттің дамығандығын көруге болады.
Х ғасырдан бері қарай Оңтүстік Қазақстанда ислам діні кең дами бастады. Сайрам, Отырар, Түркістан тағы басқа қалаларда діни медреселер салынып, ғылым-білімге кең жол ашылады. Әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды.
Достарыңызбен бөлісу: |