I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет35/94
Дата18.11.2023
өлшемі7,69 Mb.
#124603
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы 2023-2024 оқу жылы-1

§ 30.Қазақ билері

Қазақ хандығында XVI-XVIII ғасырларда би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің шеберлігі жағынан ерекшеленетін өкілдер болды. Олар қазақ елінде ғана емес, Ресейде, Хиуада, Жоңғарияда, Цин империясында танымал болған. Сондай-ақ, мемлекет және халық арасында көп қызмет атқарған. Қазақ ханы Тәукенің «Жеті жарғысын» жасауға көмектескен. Мемлекеттік істерді, жүздер арасындағы ірі дауларды шешуге қатысқан. Қазақта бірнеше билер болған олар мыналар:



Төле би
Ұлы жүз биі Әлібекұлы Төле би 1663-1756 жылдары өмір сүрген. Ол дулат жұртының Жаныс руынан шыққан. Қазіргі Жамбыл облысының Жайсаң деген жерде туған. Төле би сауатты, ақындық-шешендік өнерінен тәлім алған. Ол 15-20 жасында билікке араласып әділдігімен, шешендігімен елге танылды. Ол кезде қазақ пен жоңғар хандықтары ұдайы жауласуда еді. Төле би басқа атақты билермен бірге Әз Тәукенің сенімді көмекшісі және кеңесшісі болып «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысады. Төле бидің есімі тек Ұлы жүзге ғана емес, Орта жүз бен Кіші жүздегі ірі-ірі тарихи оқиғалармен тығыз байланысты. Тәуке, Болат, Жолбарыс, Әбілмәмбет, Абылай хандар тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан қоғам қайраткері, ойшыл дана, шешен. Халық оны «Төбе би» атаған. Төле бидің денесі Ташкент қаласына, Бабырдың нағашы атасы Жүніс ханның жанына қойылған. Онда Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған.

Қазыбек би
Орта жүздің биі Қазыбек би Келдібекұлы 1667-1764 жылдары өмір сүрген. Қазіргі Қарағанды облысында туған. Қазыбек би - Орта жүз арғын ішіндегі Қаракесек. Өз әкесі Келдібек, ұлы әкесі (атасы) абыз атанған Шаншар, бабасы-Бұлбұл шетінен тілге шешен білікті адамдар болыпты. Қазыбек би Тәуке хан мен Абылай хандардың кеңесшісі болып, мемлекетті басқаруға араласқан. «Жеті жарғы» заңын жасауға қатысқан. Абылай ханның тұсында дипломатиялық өкілдік атқарып, жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырған. ХVІІІ ғ. 40 жылдарында Абылай сұлтанды жоңғар тұтқынынан босатуға қатысқан басты қайраткер. Қазыбек ел дауын шешуді өз басына міндет етіп алып, бала би деген аттан, дана би деген атаққа дейін көтерілді. Қазыбек би Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесіне жерленген.

Әйтеке би
Ал Кіші жүз биі Әйтеке би Бәйдібекұлы 1666-1722 жылдары өмір сүрген. Мемлекет және қоғам қайраткері. Кіші жүздегі Әлімұлы тайпасының Төртқара руынан шыққан. Атақты Жалаңтөс батыр Әйтеке бидің үлкен атасы болып келеді. Ұлықбек медресесінде оқып, білім алған Әйтеке әкесі Ақша ханның (Қоқан ханы) және Жалаңтөс батырдың тәрбиесінде болып ел басқаруды үйренеді. Әбілхайырға дейін ол кіші жүздің барлық руларын басқарған. Тәуке ханның кеңесшісі болған. Тәукенің хан кеңесіне еніп «Жеті жарғыны» жасауға, мемлекеттік істерді, жүздер арасындағы ірі дауларды шешуге қатысқан. Артына аталы сөз қалдырған, есімі ел жадында сақталған қазақ шешендерінің бірі. Қазақ руларының басын біріктіріп, бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып, жоңғар-қалмақ шапқыншылығына қарсы бірыңғай халық майданын құрған.
Атақты үш би-Төле, Қазыбек, Әйтеке бір ананың тетелес үш ұлындай қатар аталып, қатар қадірленіп, ел жадында бірдей сақталған. Төле, Қазыбек, Әйтекелердің қазақ халқына сіңірген өлмес еңбегі де осы үштік бірлікті нығайтқандығында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет