I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде



бет43/94
Дата18.11.2023
өлшемі7,69 Mb.
#124603
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы 2023-2024 оқу жылы-1

Қолөнер бұйымдары. Ертеден қазақтар алтыннан, күмістен, асыл тастардан, сүйектен әр түрлі зергерлік бұйымдар жасаған. Зергерлер қыз-келіншектердің сәндік – сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, аптырма, шашбау, бұйымдарын, ұсталар ерлердің қару-жарақ, ер-тұрмандарын, айбалта, қылыш, қанжар, дулыға, семсер, ер-тоқым, ауыздық, қамшы жасаған. Жекелеген ұсталардың қолынан шыққан заттар көпшіліктің сұранысына ие болған. Қазақтың хас шеберлері мен зергерлерінің, жекелеген ұсталардың қолынан шыққан бұйымдар көпшіліктің сұранысына ие болған. Сондай-ақ, әр бұйымдар көздің жауын алатындай өте керемет жасалған.


§ 38.Қазақ халқының рухани мәдениеті

Қазақтың рухани мәдениетінің қалыптасуы жалпы тарихи үрдістің бір бөлігі болды. ХІХ ғасырдан бастап қазақ қоғамының рухани құндылықтарының, дәстүрлі қазақ мәдениетінің біртіндеп тоқырауы басталды. ХVІІІ ғасырдағы қазақ мәдениетінде Еуразияның ортағасырлық көшпелі құрылымдарына тән барлық дәстүрлер сақталып қалды. Бұл материалдық мәдениет пен рухани мәдениетте айқын көрініс тапты. Ауыз әдебиетінің қазыналарын жасап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген жыраулар, бақсылар мен күйші-сазгерлер болды.


ХV-ХVІІІ ғасырлардағы толғаулар, өлеңмен жазылған ой-тұжырым мен өсиеттер кеңінен таралды. Оның авторлары белгілі жыраулар Қазтуған Сүйенішұлы, Доспамбет, Шалкиіз, Бұқар, Үмбетей, Ақтамберді және тағы басқалар. Жыраулар суырып салма ақындар болды. Жыраулардың көрнекті саяси қайраткерлер, хандардың кеңесшілері, рубасылары, әскербасылары болғандары да аз емес.
Қазақтардың арасында неғұрлым белгілі және әйгілі жыраулардың бірі Қазтуған Сүйенішұлы болды. Қазтуған Сүйенішұлының туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Ол ХV ғасырдың 20 жылдарында Еділдің төменгі ағысында, Ноғай ұлысы биінің отбасында дүниеге келді. Оның жырлары көшпелілер поэзиясының жарқын үлгісі еді. Халық арасында Қарға бойлы Қазтуған атанып кеткен. Қазақтың ХV ғасырдағы айтулы жорық жырауы. Әскербасы, батыр болған. Қазтуған жырау жорық жыршысы және халық эпосын жасаушылардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен әдеби үлгі ретінде санамыздан орын алды. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қоштасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның халық жыраулары арқылы жеткен бірқатар толғаулары И.Березиннің «Түрік хрестоматиясында» (1862), Ғабдолла Мүштақтың 1910 жылы шыққан «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында, М.Мағауиннің «Алдаспан» кітабында (1970) жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет