I тарау. Ежелгі қазақстан § Қазақстан тас дәуірінде


§ 46.Ресей империясының қоныстандыру саясаты



бет54/94
Дата18.11.2023
өлшемі7,69 Mb.
#124603
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар жиынтығы 2023-2024 оқу жылы-1

§ 46.Ресей империясының қоныстандыру саясаты

Қазақстанды жаулап алудың аяқталуы ХІХ ғасырдың ортасындағы Ресейдегі буржуазиялық реформаларға сай келді. ХІХ ғасырдың соңы орыс шаруаларының қазақ жеріне көптеп қоныс аударуымен сипатталады. Бұл процестің кейін одан әрі жалғасын тапқаны белгілі. Бір ғана 1871-1897 жылдар аралығында Қазақстанға қоныс аударғандар саны - 328 мыңға жеткен. Патша үкіметінің орыс шаруаларын Қазақстан сияқты шет аймақтарға қоныс аударту саясатындағы басты мақсаттарының бірі Ресейдің ішкі губернияларындағы шаруалардың революциялық толқуларын шектеу, сонымен қатар жер тапшылығын жою болды. Осы қоныс аударушыларға арқа сүйей отырып, патша үкіметі өзінің жоспарлы саясатын жүргізді десек болады. ХІХ ғасырдың 60 жылдары басталған қоныс аудару саясаты, ХІХ ғасырдың соңына қарай жаппай жүзеге асырылды. Патша үкіметі Сібірді, Қазақстанның солтүстігін, батысы мен оңтүстік-шығыс аудандарын отарлау арқылы бұл жерлерге орыс шаруаларын қоныстандырып, ұлттық, әлеуметтік қолдау табуға тырысты. Орыс және украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70 жылдары басталса, 80 жылдары қарқынды жалғасты. Алғашқы қарашекпен қоныстары 1879 жылы Көкшетау уезінде пайда болды.


Жетісу облысының әскери губернаторы Колпаковскийдің ұсынысы бойынша 1868 жылғы «шаруалардың Жетісуға көшуі туралы Уақытша ережелер» қабылданып, ол 1883 жылға дейін қолданылды. Бұл «Уақытша Ережелер» бойынша қоныстанушыларға, әрбір ер адамға 30 десятина жер беру, 15 жылға дейін салықтан босату, 100 рубль көлемінде қарыз беру сияқты жеңілдіктер берілді.
1886 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының көші-қонды басқару ережесі қабылданды. Бұл құжат бойынша әрбір ер адамға 10 десятина жер берілді, қоныстанушылар 5 жылға дейін салықтан босатылды, кейін 5 жылда салықтың жартысын ғана төледі.
«Ауыл тұрғындарын өз еріктерімен жаңа жерге көшіру және бұрынғы көшірілген топтар туралы арнайы ережесі» 1889 жылдың 13 шілдесінде қабылданып. қоныстандыру тек алдын ала Ішкі істер министрлігінің және мемлекеттік жер иеліктері министрлігінің рұқсаты арқылы іске асырылды. Бірақ патша үкіметі жаппай қоныстандыру үрдісін бақылай алмады. Шаруалардың өздігінен көшу жалғаса берді. 1891-1892 жылдары егіннің шықпауынан орыс шаруалары еуропалық Ресейден шығысқа қашып, қазақ жерлеріне қоныстанып алды. Осы уақытта Орал тауынан шамамен 30 мың шаруа бері асып, Жетісу мен Сырдария облыстарына 12 мың шаруа қоныстандырылды.
Ережеде қоныстанушылардың аудандары нақты Томск және Тобыл губерниялары, Жетісу, Ақмола және Семей облыстары деп көрсетілді. 1891-1892 жылдары заң Торғай және Орал облыстарына да тарады. 1893 жылғы «Уақытша Ереже» 1889 жылғы ережені нақтылады. Мысалы, қоныс аударушылардың жан басына 15 десятина жер берілді. Шаруалардың қоныс аударуы қазақ көшпелілерінің жерлерін тартып алу есебінен жүрді. 1885 жылдан 1893 жылға дейін Ақмола облысының жергілікті халқынан 251779 десятина жер тартып алынып, 10940 ер адамнан тұратын халқы бар 24 поселка салынды. Ал Семей облысында бұл уақытта қазақ шаруаларынан егіншілікке қолайлы 33064 десятина жер тартылып алынды.
Нәтижесінде орыс шаруалары құнарлы жерлерге қоныстанса, қазақтар сусыз, нашар жерлерге көшірілді. Қазақ өлкесінің демографиялық жағдайы да өзгерді. 1897 жылғы жалпы санақ бойынша өз жерінде қазақтардың жалпы мөлшері 87,1 пайызға кеміді. 4471,8 мың адамның 3399,5 қазақтар болса, орыстар мен украиндар 532,7 мың, татарлар 55,4 мың, өзбектер 73,5 мың, ұйғырлар 56 мың болды. Қоныс аударушылар көбінесе стратегиялық маңызды аудандарға көшіріліп, мылтықпен қаруландырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет