І тарау. ҒАбит мүсіреповтің Өмірбаяны және шығармашылық Қызметі 9


ІІ.2. Ғ.Мүсірепов шығармашылық мұрасындағы оқу–тәрбие мәселелері



бет6/19
Дата14.03.2023
өлшемі399 Kb.
#74059
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
stud.kz-97533 2

ІІ.2. Ғ.Мүсірепов шығармашылық мұрасындағы оқу–тәрбие мәселелері


Ғабит Мүсірепов- күнделікті өмірде болып жатқан әрбір саяси-әлеуметтік, қоғамдық-мәдени мәні бар мәселелер жөнінде жиі толғанатын, әрдайым өзі өмір сүрген кезеңнің іргелі, келелі жайттарын тереңнен тербеп, жалпы жұрттың, қалың қауымның назарына шығарып отыратын. Оның шығармашылық мұрасында қамтылған тақырыптар сан алуан. Сондай өзекті мәселелердің бірі – оқу-тәрбие тақырыбы. Жазушы бүкіл елінің, туған халқының рухани мәдениетінің дамуында оқыту мен тәрбиелеу ісінің маңызы зор екендігін терең сезінген. Сондықтан да оның бар саналы ғұмырында, жалпы шығармашылығында оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі пайымдаулар, тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер ерекше орында тұрады десек, қателеспейміз.


Сол арқылы жазушы ұлттық педагогика мен психология ғылымдарының салаларына үлкен үлес қосқаны сөзсіз. Ол күнделікті өмірдің өзінде оқу-білім, халықты сауаттандыру, көкірек көзін ашу жөнінде көптеген құнды ойлар айтып, осы игілікті іске өзі де белсене араласып отырды. Оның айтуынша «... ең ауыр майдан – надандықпен күресу майданы: әрі ұзақ, әрі ызасы көп!».
Қаламгер қараңғылықтан халық көзін ашудың қаншалықты қиын екенін ашық, әрі дәл, дөп басып айтқан. Әрине, ол заманда елдің жағдайы қиын, тұрмысы ауыр болғаны белгілі. Баршаның білім алуы оңайға соқпады. Ал елдің материалдық, экономикалық жағынан өсуі халықтың сауаттылығына, жоғары білімділігіне, рухани мәдениеттілігіне, имандылық, қайырымдылық ізгі қатынастарына, саяси саналылығы мен өмірге бейімділігіне, ынта-жігеріне тікелей байланысты. Міне, мұның бәрі де білім беру, тәрбиелеу жұмысының биік мәнін көрсетеді және ол білім балаға дер кезінде, жастық шағынан бастап берілуі керек. Оқу-тәрбие жұмысының пәрменділігі мен тиімділігінің, қадір-қасиеті мен пайдалылығының ерекше маңызы осында жатыр. Бұл жердегі ұлы Абайдың қара сөздеріндегі: «Ғылым – білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпен яки алдауменен үйір қылу керек. Үйрене келе өзі іздегендей болғанша. Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады» - деген педагогикалық қорытындысымен, тағылымдық мәні бар тұжырымымен үндес келгендей.
Ана тақырыбы – жазушының басты тақырыптарының біріне айналған. Өйткені ана - өмір тірегі, әрбір үйдің ұйытқысы, отбасынң берекесі, өмірдің жалғастырушысы. Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ұлттық дәстүрін баласынан немересіне, немересі-нен шөбересіне жеткізуші, дарытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, ағайын-туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана.
Батылдықтың, батырлықтың, шыдамдылықтың, тұрақтылықтың, даналықтың, инабаттылықтың, әсемдіктің көзі де, өзі де тағы да осы - әйел-ана.
Ғабит Мүсірепов шығармашылығын оқып-үйренуде осы секілді тәрбиелік мәні орасан зор мүмкіндіктер мол. Әсіресе, патриоттық тәрбие, яғни жас жеткіншектерді өз Отанын, туған жерін, ұлтын, мемлекетін сүюге, оларды азаматтық рухта тәрбиелеуге үндеген ой-пікірлері жиі кездеседі.
Оқу-білімге құмарлық, имандылық иірімдері, адамгершілік қасиет, адал еңбек, патриоттық әуен, елжандылық сезім, ақыл-ой тәрбиесі, табиғатты қорғау секілді тәлім-тәрбие салалары Ғабит Мүсіреповтің романдарында көрініс тапқан. Ел қорғау жолындағы соғыс – қасиетті соғыс. Жауынгерлер осы қастерлі шайқас жолындағы өздеріне жүктелген міндетті жете түсінді, өздерінің Отан алдындағы ардақты борышын абыроймен орындап, батырлық даңқын жер жүзіне әйгілі етті.
Суреткердің кез келген көркем еңбегінен кем түспейтін, оның бүкіл шығармашылық шеберханасын, адами-азаматтық тұлғасын, пендеуи парасатты ғұмырын танытатын тәлімдік мәні орасан зор туындысының бірі – «Күнделік» атты кітабы. «Күнделік» кітабы жазушының ұлы жүрегінің діріл қаққан лүпілі. Мұнда оқырман бас алмай қызыға оқитын өмір өрнектері, қазақ қауымының болмысы, өнегелі өткен тағдыр тарихы, келешек тыныс-тіршілігі туралы кемеңгер ақыл иесінің еркін ой-толғамдарры, тапқыр таным-түйіндері, сыншыл пайым-пікірлері, өмірінің өсиеттері орын алған.
«Күнделіктің» «Қойын дәптерден» атты бөлімінде: «Шеше мінезінен сезік алса, бала жүрегі суына береді, қатулана береді. Әке-шешенің өтірігі баланың жүрегін суындыра береді. Бір кезде сол өтірікті бала да айтады.
Әке-шеше ішкен арақ, мақтаныш – бәрі балаға жұғады. Бір кезде бала соны істеуге талпынады: ішеді, темекі тартады, бұзылады. Бала көзінде үлкендер тіпті сақ емес», - дейді жазушы. Сондықтан да, ол бала тәрбиесінің қайнар көзі үлкендерден бастау алатынына өз дәлелдерін ұсынады.
Қаламгер жазбаларында адам, қоғам, еңбек, тәрбие, махаббат, достық, бауырмалдық, ақын-жазушылар шығармашылығы, әдебиет, тіл, өнер секілді сан алуан тақырыптарға байланысты көл-көсір ой-пікірлер орын алған.
«Қай халықтың болса да қоғамдық өсу, өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілік болып, ана тілінде сақталып отырады. Қай халықтың болса да ақыл-ой тереңдігі, сана-сезім сергектігі көп салалармен тармақтана молыға келіп, тағы да сол ана тілінің алтын қорына қосыла береді. Ана тілі ғасырлар бойында жасала да береді, жасара да береді. Тіл диалектикасы – жасаған сайын жасара беруінде. Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың баяғысын да, бүгінгісін де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгілігінің мәңгілік мәселесі. Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады», - деп түйіндейді қаламгер.
Жазушы тіл байлығын пайдалануда үнемі есте болатын үш түрлі мәселені қадап айтады. Ол – сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу мәселелері. Тілдің өсіп-өркендеуінің аталған жайттарға байланысты екендігі және бұл үшеуінің бір де бірінің ескерілмей қалуы – болашақ алдында үлкен қылмыс екендігіне назар аударады. Ана тілінің көркейе түсуінде әліппе, емле, оқыту, үйрету, сөйлеу, жазу – бәрінің орны орасан зор екеніне көңіл бөледі.
Жазушы шығармашылығындағы келесі маңызды тақырыптардың бірі – имандылық тәрбиесі. Бұл оның жеке басының, өмірден көрген тәрбиесінен, адамгершілік қасиеттерінен, білім-білік сауатынан, исламдық пікір-пайымынан, жалпы діни таным-сауатынан туындап жатады. Қаламгер шығармаларындағы оқушы назарына ұсынылған діни ұғымдар, наным-сенімдер, дінге қатысты мақал-мәтелдер, айшықты сөздер, діни терминдер, фразеологизмдер шәкірттердің имандылық көзқарастарының қалыптасуына жағдай жасайды. Мұндағы мұғалім міндеті де сол дінді жалпы адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде саралай отырып, оның қоршаған ортаны, төрткүл дүниені танып-білудің, оны рухани меңгерудің құралы екендігін; дін – діни сана, діни сенім-наным, діни ұғымдардан тұратын әлеуметтік-рухани жүйені құрайтынын түсіндіру болуы тиіс. Өйткені күллі адам баласының даму тарихы, өсіп-өркендеуі, қалыптасып жетілуі дінмен етене байланысты. Сондықтан діни наным бұрын да, бүгін де, бұдан былай да барлық адамгершілік мұраттарды, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды, гуманистік идеяларды көпшіліктің меңгеруінің, қабылдауының ең пәрменді тәсілі болып қызмет ете бермек.
Имандылық тәлімдері негізінен діни тағылымдар мен халықтық педагогика арқылы жүргізіледі. Иман дегеніміз – арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Дін – ізгілік көзі дейтін болсақ, дінге сенім ізгілікке, жақсылыққа бойсұну болып табылады. Бұл ұғым – халық арасында адами игі қасиеттердің мәнін беретін ұлы ұғыммен ұштасып, әлеуметтік биік мағынаға ұласып жатқандай.
Міне, осы жоғарыда айтылған жайларға орай қазіргі әлемдік жаһандану, жаңару кезеңінде жастарды бүгінгі күн талабына сай халқының қамқоршы азамат, Отан-анасын қорғаушы, ел табиғатын аялаушы ұрпақ ретінде тәрбиелеуге назар аударған абзал. Ал қазақстандық патриотизм – республиканың кез келген азаматы өзін осы елдің төл перзенті, өз азаматы ретінде сезінгенде, тәуелсіз Қазақстанды өзінің туған елі, өсіп-өнген Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптаспақ. Сол себептен біздер бүгінгі жас өскіндерге тәлім-тәрбие беру жүйесінде ұлттық тарихымыздағы шапқыншылық – жаугершілік, сұрапыл шайқастарда ел қорғаны бола білген алып тұлғалардың ерлік дәстүрлерін мазмұндық арқау еткеніміз мақұл.
Тәлім-тәрбие жұмысымен айналысатын ата-аналардың, мамандардың, педагог-ғалымдардың, мектеп мұғалімдерінің кәдесіне асатын осындай аса құнды пікірлердің, ұлағатты сөздердің мән-мағынасы ешуақытта ескірмек емес. Бұл жайлар – оқу орындарында болсын, отбасы тәрбиесінде болсын тәлімдік-тәрбиелік мақсатқа жаратылатын маңызды арналар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет