I теоретические основы логопедии


АЛАЛИЯНЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ КЕМІСТІКТЕРІНІҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІНЕН



Pdf көрінісі
бет122/224
Дата25.09.2022
өлшемі5,47 Mb.
#40216
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   224
 
АЛАЛИЯНЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІ КЕМІСТІКТЕРІНІҢ БАСҚА ТҮРЛЕРІНЕН 
АЖЫРАТУ 
 
Алалиясы бар балаларды есту қабілеті зақымдалған балалардан ажырату. 
Сенсорлы алалиясы бар (айтылған сөзді түсінбейтіндер) балаларды есту 
қабілеті зақымдалған (айтылған сөзді ажырата алмайтындар) балалардан 
ажыратуда диагностикалық көрсеткіштердің бір қатарын атап айтуға 
болады): 
1) нашар еститін балада естіп қабылдаудың тұрақты шегі болады, (тәуліктің 
әрбір кезінде әр түрлі жағдайда оның естуі бірқалыпты), ал сенсорлы
алалиясы бар балада есту функциясының тұрақсыздығы байқалады ( ол әлсіз 
дыбысталуды бірде естіп, бірде естімейді, кейде қатты дыбысты қабылдай 
алмайды). Алалиясы бар баламен аудиометриялық зерттеу жүргізу 
барысында алынған көрсеткіштерінің тұрақсыздығы, жұмыс жасау 


272 
қабілетінің төмендігі, тез шаршағыштығы, тежелу мен қозу процестерінің 
дисгармониялығын дәлелдейді әрі оның салдарынан жоғарғы акустикалық 
талдау мен жинақтауы өзгереді. 
2) Дыбыстаудың дауысын жоғарылату нашар еститін баланың қабылдауын 
жақсартады. Сенсорлы алалиясы бар бала қатты дыбыстарға мән 
бермейді, керісінше, қорғаушы тежелудің пайда болуына себепші болатын 
жәй айтылған дыбыстарды жақсы қабылдайды. Баланың бас миы өзін 
қорғайтындай болып, жұмыстан босатылады, нашар еститін бала естуді 
күшейткіш аппаратты қолданғанда, жақсы естиді. Сенсорлы алалиясы бар 
бала естуді күшейтетін аппаратты қолдана білмейді: құлағының, басының 
ауырғанына шағымданады, дыбыстардың күшейуі оған жағымсыз
тітіркендіргіш ретінде әсер етеді. Сенсорлы алалиясы бар кейбір балалар, 
қоршаған адамдар мән бермейтін, ақырын айтылған дыбыстарға (кітап 
беттерін ашқандағы дыбыстар, шүмектен аққан судың дыбысы) ерекше 
сезгіштіктерін білдіреді, яғни, олардың есту қабілеттерінің сақталғандығына 
көз жеткізуге болады; 
3) нашар еститін баланың дауыс дыбысталуы нашар, ол ақырын, баяу 
шығады, ал сенсорлы алалияда дауыс қалыпты күшімен дыбысталуын 
сақтайды;
4) нашар еститін баламен қарым-қатынасты (сенсорлы алалиясы бар балаға 
қарағанда) тез арада орнатуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет