70
Сөйлеу тілінің сыртқы (фонациялық) өңдеуінің бұзылуы бұзылған бөлігіне
қарай төменгідегідей топтарға бөлінеді: а) дауыс шығару, ә) сөйлеудің
жылдамдығы мен ырғақтылығының ұйымдастырылуы, б) интонациялық-
әуенді, в) дыбыс айтуының ұйымдастырылуы. Бұл бұзылыстар жеке немесе
әр түрлі комбинацияларда кездесуі мүмкін. Осыған байланысты логопедияда
дәстүрлі бекітілген терминдермен аталған келесі сөйлеу тілі бұзылыстары
ажыратылады:
а)
Дауыстың бұзылуы (афония, дисфония, фонестения).
Дауыстың бұзылуы дауыс аппаратының патологиялық өзгерістерінің
салдарынан болуы мүмкін. Бұл кемістіктің әртүрлі белгілері болады:
фонацияның мүлдем болмауы (афония), дауыс күшінің, тембрінің,
биіктілігінің бұзылуы (дисфония), дауыстың шаршағыштығының, оның
қырылдап, сырылдап, бәсең шығуы (фонестения).
Дауыстың бұзылуы дауыстың пайда болатын механизмінің органикалық
немесе функционалды бұзылыстардың салдарынан орталық немесе шеткі
болады. Ол бала дамуының кез-келген кезеңінде болуы мүмкін. Дауыстың
бұзылуы өз бетінше жеке немесе басқа сөйлеу тілінің бұзылуы мен бірге
кездеседі (ринолалия, дизартрия).
ә)
Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы (тахилалаия,
Достарыңызбен бөлісу: