123
негізінде орталық спастикалық паралич жатыр.
2. Спастикалық-паралитикалық түрі мидың әр түрлі құрылымдарының
зақымдалуына байланысты үш түрге бөлінеді:
- спастикалық;
- спастикалық-паретикалық;
- спастикалық - гиперкинетикалық.
3. Алдымен артикуляциясы күрделі дыбыстар бұзылады.
4. Дауысты, дауыссыз дыбыстар мұрыннан айтылады.
5. Дауыс әуезділігі бұзылған, қырылдақ.
6. Просодикасы бұзылған.
7. Сөйлеу тілінің дамуы кешеуілдейді, фонетикалық-фонематикалық
жетілмеуі байқалады.
Гиперкинетикалық дизартрия
Дизартрияның
гиперкинетикалық
түрі
(ми
қыртысы
асты,
экстропирамидалық) стриополидарлық жүйесінің және оның мидың басқа
құрылымдарымен байланысының бұзылу салдарынан болады. Орталық нерв
жүйесінің зақымдалуында экстропирамидалық жүйесінің функциясының
бұзылу симптомдары: бұлшық еттердің тонусының тұрақсыздығы (дистония)
және дене қалпын сақтай алмауы. Дизартрияның бұл түрінде естудің
нашарлауы кездеседі, соның салдарынан фонематикалық қабылдау
процесінің дамуында қиындықтар туындайды. Ұқсас фонемаларды ажырату
қиыншылықтары, сөздің мағынасын түсінуін қиындатады.
Сонымен
қатар
ауызша
сөйлеу
тілінің
жылдамдығы
мен
ырғақтылығының ерекше бұзылуы, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының
қалыптаспауы,
артикуляциялық,
мимикалық,
бұлшық
еттердің
гиперкинездері байқалады. Аталған симптомдардың баланың көңіл күйіне
байланыстылығы дизартрияның бұл түрін тұтықпаға ұқсатады.
Достарыңызбен бөлісу: