282
Афазия кезінде жеке және топтық логопедиялық сабақтар жүргізіледі.
Жұмыстың жеке түрі негізгі болып саналады, өйткені науқаспен тығыз
қатынас орнатуға, психотерапиялық ықпал етуге, барынша сөйлеу тілі
ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік береді. Инсульттан кейін ерте кезеңде әр
сабақ орташа 10-15 минуттан, күніне 2 рет, кейін – 30-40 минуттан, аптасына
3 реттен кем емес өткізіледі. Топтық сабақтар (3-5 адамнан) сөйлеу
бұзылыстары және қалыптасу сатысы бір түрлі науқастармен 45-50 минут
жүргізіледі. Логопед науқастың туыстарына, оның тұлға ерекшеліктерін
түсіндіріп, нақты мысалдар арқылы науқастың отбасы өміріне міндетті түрде
шамасына лайық араласу керек екенін жеткізеді. Сөйлеу тілін қалпына
келтіру бойынша нұсқаулар беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: