428
2) «Кім кімнен кейін тұр?»
3) «Менің соңымнан тақпақты қайтала»
4) «Демалыс күнін қалай өткізгенін туралы айтып бер»
5) «Жұмбақты шеш»
8-тапсырма
Жазуды тексеруге қай тапсырманы алған тиімді:
1) «Әріптерді ата»
2) «Берілген буындардан сөз құра»
3) «Кеспе әліппе әріптерінен сөз құрастыр»
4) «Мәтінді көшіріп жаз»
5) «Қас-қаш, тар-тал сөздеріндегі айырмашылық неде?»
9-тапсырма
Оқуды тексеруге арналған тапсырманы ата:
1) «Ш» дыбысынан басталатын сөзді ата»
2) «Мал-бал сөздерін салыстыр»
3) «Ш» дыбысы бар сөзді тап»
4) «Мәтінді айтып бер»
5) «Алғашқы түрінде берілген сөздерден сөйлем құрастыр»
10-тапсырма
Сөзжасам дағдыларын тексеруге қай суреттерді алуға болады:
1) Ай, сүт, қас
2) Инелік, таңқурай, велосипед
3) Тауық, қаз, үйрек, балапан
4) Көрпеше, тостағанша, жастықша
5) Үй-үйлер, бас-бастар, қалам-қаламдар
11-апсырма
Тексеру барысында бала «балапан» сөзінің орнына «бабапан» дейді.
Сөздің
буындық құрамы қай тип бойынша бұзылған:
1) қысқарту
2) ұқсасу
3)
орнын ауыстыру
4) қосып айту
5)
контаминация
12-тапсырма
Тексерген кезде бала «шағала» сөзін «шалаға» деп айтады. Сөздің буындық
құрамы қай тип бойынша бұзылған:
1) ұқсасу
2) қысқарту
3) қосып айту
429
4) орнын ауыстыру
5) контаминация
13-тапсырма
Талдаудың қарапайым түрін айқындауға қай тапсырманы алуға болады:
1) «Схемаға сәйкес суретті тап»
2) «Ошақ» сөзінде «ш» дыбысы сөздің қай жерінде тұр?
3) «Берілген әріптерден сөз құра: (ш,а,р)»
4) «Ш» дыбысы бар сөз естісең, қолыңды көтер»
5) «Ш» дыбысы бар сөз ойла
14-тапсырма
Сөзжасам дағдыларын тексеруге қай ойын жарамды:
1) «Төртінші артық»
2) «Керісінше айт:
мен бір затты айтамын, сен көп зат болса қалай дейсің?»
ойыны
3) «Дыбыстың сөздегі орнын тап»
4) «Қатарды есіңе сақта да, ата»
5) «Киім тігетін адамды қалай атаймыз?»
15-апсырма
4 жасқа дейінгі баланың логикалық ойлауын тексеруге қай тапсырманы алуға
болады:
1) «тас-бас» сөздерінің айырмашылығы неде
2) Мәтінді айтып бер
3) 4 бөлшектен тұратын кесілген затты құрастыр
4) бір сөзбен ата
5) 8 бөлшектен тұратын кесілген затты құрастыр.
25. Базалық мектепке бару. Баланың сөйлеу тілін тексеруді
төмендегідей
бағыттарда бақылау:
а) тексеру өтіп жатқан бөлменің қойылған талаптарға сәйкестігі;
ә) логопедтің тексеруге дайындығы:
- тексеру әдістемелерінің бар-жоғы, олардың қойылған талаптарға
сәйкестігі;
- баламен қарым-қатынасы;
- логопедтің балаға берген инструкциялары, олардың балаға түсініктілігі;
- тексерудің толықтылығы;
- логопедиялық тексеру қағидаларының іске асырылуы;
- алынған мәліметтердің тіркеліп жазылуы.
26. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды өз бетінше тексеру,
сөйлеу
қортындысын анықтау, сөйлеу картасын толтыру.