143
қимылының әлсіз қалпын ширату, дыбыс шығару әрекетін жақсарту,
жаратылысында табиғи кемістігі бар жақтарын мүмкіндігінше түзету.
Зонд арқылы массаж бастамас бұрын маман қолына 7-8 рет әзірлеу массажын
жасап, біраз икемге келтіргені жөн. Массаж жасау әдіс-тәсілдеріне қысу,
сырғанату, үйкелеу, бұрау, тілдің бұлшық еті үшін жасалынатын созу түрі
жатады.
Баланың менгеру қабілетіне байланысты әр сылау жасау уақыты 20-25
минут көлемінде орындалады. Логопедтік массаж жасау кезінде бір-біріне
себін тигізіп, сабақтасатын басқа да жаттығулар жасауды енгізген дұрыс:
- жақтың массажынан 2-3 жаттығу;
- бет ұшы массажынан 2-3 жаттығу;
- ауыз қуыс айналасының бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын
2-3 жаттығу;
- тілдің бұлшық еттеріне зонд, қол арқылы жасалатын 2-3 жаттығу;
Келесі жаттығуларда «Жұмсақ таңдай массажы» жаттығуын қосуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: