166
көмей бездерінің ісіуі сияқты патологиялық өзгерістер байқалады. Бұл
баланың мұрынының ісіп қызаруы жиі болып тұрады. Ісіп қызару барысы
мұрынның шырышты қабығына, жұтқыншақтың евстахиев түтікшелеріне
ауысып және орта құлақтың қабынуын қоздыруы мүмкін. Жиі ісулер
созылмалы бағытқа айналады, есту қабілетінің нашарлауына себепші болады.
Туа біткен жарығы бар балалар туғаннан бастап өз ауытқуларына
бейімделуіне мәжбүр болады. Бұл ауыз қуысында тілдің ерекше
орналасуымен сипатталады. Бала тілін рефлекторлы артқа қарай тартады,
соның арқасында тілдің көлденең бұлшық еті жиырылып, тілдің түбірін
жоғары көтереді. Сонымен, тыныс алу жолдары жіңішкередіде
жұтқыншақтың керегелерін суықтан қорғайды. Ауыз қуысында тілдің
осындай ерекше орналасуы бірте-бірте қалыптасады. Туа біткен жарығы бар
балалар шалқасынан жатып ұйықтағанды ұнатады, өйткені бұл тілдің ауызда
тереңірек болғанын жеңілдетеді.
Тілдің бұндай қалпы сөйлеу кезінде мұрындық ренк пайда болуына әсерін
тигізеді.
Сонымен, туа біткен таңдай және ерін жарықтары баланың
тамақтануын, оның физиологиялық және сөйлеу кезіндегі тыныс алуын
бұзады, бет бұлшық еттері жұмысының сипатын өзгертеді, ауыз қуысында
тіл дұрыс орналаспайды. Осының бәрі баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына
әсерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: