I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет94/224
Дата25.09.2022
өлшемі5,47 Mb.
#40216
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   224
Бас миының функциональдық ассимитриясының қалыптасу
ерекшеліктері. 
Тұтықпа балалардың арасында солақайлар жиі кездеседі және сол 
қолды оң қолға қайта тәрбиелеу кезінде тұтықпа пайда болуы мүмкін. 
Тұтықпа балалардың ауызша сөйлеуін ұйымдастырудағы сол
жақ жарты шардың басқарушы ролінің бұзылатындығы
электрофизиологиялық зерттеулерде анықталған (И.В. Данилов, И.П. 
Черепанов, 1970) 
Бас миының симметриялық құрылымдарының арасындағы
байланыстың әлсіреуі алдымен сөйлеу функциясына әсерін тигізеді. 
Психиканың зақымдалуы. 
Көптеген авторлар тұтықпаның пайда болуы психикалық
зақымдалуымен байланыстырады. Психикалық зақымдалу әртүрлі болып
келеді. Көбінесе тұтықпаның алғашқы рет пайда болуы психиканың
зақымдалу кезімен сай келеді, оның қоздырушы себебі болып табылады. 
 
Генетикалық фактор. 
Әлемдік әдебиеттердің деректері бойынша тұтықпадағы ауыр
тұқым қуалаушылық бірнеше ұрпақта байқалуы мүмкін. Тұтықпасы бар
ата – аналарды қалыпты ата – аналарға қарағанда, балаларында
тұтықпаның байқалу мүмкіншілігі бірнеше рет көбірек болады. Шамасы, 
орталық сөйлеу механизмдерінің әлсіздігі тұқым қуалауы мүмкін. Кез
келген ауытқу генетикалық тұқым қуалаушылыққа қосымша зиянды
факторлар қосылғанда ғана байқалады. 
Тұтықпа қыздарға қарағанда, еркек балаларда үш есе жиі
кездеседі. Мұның механизмі әлі де түсініксіз. Қыздардың моторлық
функциялары: жүруі, сөйлеуі, ұсақ моторикасы ұлдарға қарағанда тезірек
қалыптасады деп болжамдайды. Бәлкім, соған байланысты қыздардың
сөйлеу қимыл механизмдері экзогенді зияндықтарға төтеп беру қабілеті
жоғары болуы мүмкін. 
Тұтықпаның белгілері 
Тұтықпа – сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу
салдарынан ауызша сөйлеу тілінің жылдамдығының, ырғақтылығының
бұзылуы. Тұтықпа көбінесе баланың сөйлеу функциясының қалыптасу
кезеңінде ( 2-6 жас аралығында) пайда болады. Арнайы әдебиеттерде
мектеп жасына дейінгі балаларда басталған тұтықпаны өз бетінше
сөйлеу ақаулығы деп қарастырады, ал бас миының әр түрлі органикалық
ауруларында немесе жүйке психикалық бұзылыстарында байқалатын
түрлерін симптоматикалық тұтықпа немесе екінші реттілік деп
есептейді. Тұтықпаның негізгі белгісі – ауызша сөйлеу процессінде сөйлеу
аппаратының бұлшық еттерінің тыртысуы. Тыртысу тек сөйлеу кезінде
немесе сөйлей бастағанда байқалады. 


204 
Тыртысу негізгі екі түрге бөлінеді: тоникалық және клоникалық, 
сонымен қатар кейде аралас түрге де бөледі. 
Сөйлеудегі тоникалық тыртысу бірнеше топтағы бұлшық еттердің 
(мысалы: еріннің, тілдің т.б.) тонусының қатаюымен сипатталады. 
Тұтығушы сөйлеу кезінде тоқтап, бөгеліп қалады (к – ітап). Ауыз бұл
кезде жартылай ашық немесе еріндер қосылып тұрады. 
Тырысудың клоникалық түрі сөйлеу аппаратының бұлшық
еттерінің біркелкі қайталанып қысқаруымен сипатталады. Көбінесе 
тұтықпада тыртысудың клоникалық және тоникалық түрлері бірдей
байқалады. 
Тыртысудың оқшаулануы (локализациясы
 
Тыртысу сөйлеу аппаратының барлық бөлімдерінде: 
артикуляциялық дауыс шығару және тыныс алу мүшелерінің бұлшық
еттерінде кездесуі мүмкін. Тұтықпаның асқынған түрінде тыртысудың
аралас түрлері жиі кездеседі: демалу – артикуляциялық, артикуляторлық – 
дауыс шығару т.б. 
Демалу аппаратының тыртысуы. Инспираторлық тыртысу. Кенеттен
шұғыл дем алудың салдарынан сөйлеудің әр кезеңінде пайда болатын
үзіліс немесе кідіріп қалуымен сипатталады. Мұндай тыртысулар
фонацияны, сонымен қатар сөйлеу артикуляциясын бұзады. 
Инспираторлық тыртысулардың күші әртүрлі болады. Көбінесе олар әлсіз
болып келеді, өте сирек жағдайда күшті және ұзақ болуы мүмкін. 
Экспираторлық тыртысу ауызша сөйлеу кезінде кенеттен шұғыл
дем шығарумен сипатталады. Оған қарынның көк етінің қатты қысқаруы
тән. Экспираторлық тыртысу кезінде артикуляция да, вокализацияда
тоқталады. Тұтығушыда кеудесі қысылған ауа жетпейтін сезім пайда
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет