Буындық талдау мен жинақтауын дамыту
Буындық талдауды дамыту процесінде сөздегі дауысты дыбысты анықтауға және буынға бөлудің негізгі ережесін (сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады) меңгеруге көңіл бөлу керек.
Алдымен дауысты дыбыстың буындағы, сосын бір буынды сөздердегі орнын анықтайды ( басында, ортасында, соңында) белгілейді. Ол үшін әр түрлі тәсілдер пайдаланады, текшемен, дөңгелекпнен, түсті «қағаздармен белгілеу сияқты.
О , О , О ,
Жұмыс барысында төмендегідей тапсырмаларды қолдану тиімді:
сөздегі дауысты дыбыстарды жазу.
. ( қора – о – а)
буындық құрамына байланысты суреттерді іріктеу немесе цифрді көрсету.
суретті пайдаланып сөздің түсіп қалған буынын табу: ба – пан, бал -, - шина
суреттегі заттардың атын атап, бірінші буынын бөліп сөз (сөйлем құрау). Мысалы: « сабын » « қалам » (сақс)
ретсіз берілген буындардан сөз құрау ( қу, шаң, ыр; ла, ба, пан)
сөйлемнен белгілі буынды сөздерді табу (2-3 буынды сөздер)
Сөз деңгейіндегі түзету жұмысы
Бұл деңгейдегі түзету жұмысының негізгі міндеттері:
жаңа сөздерді, олардың мағынасын меңгеру негізінде сөз қорын молайту;
сөз қорын сапалы молайту (сөздің, сөз мағынасын, астарын түсіну негізінде).
сөз қорын дөрекі, жаргонды сөздерден тазарту.
Бұл кезеңде оқушылар сөзді буындық және морфемдік талдауға, жинақтауға, сөздің мағынасын, синонимін, антонимін және амоним сөздерді бақылауға жаттығады.
Түзету жұмысы мынандай бағыттарда жүргізіледі:
оқушылардың белсенді сөз қорын тексеру;
сөз қорын анықтауға және байыту (синоним, антоним, амоним, жаңа сөздер пайдалану арқылы);
сөздің буындық құрамын талдау және жинақтау;
буын түрлері (ашық, жабық);
екпін;
сөз құрамы (сөз түбірі, түбірлес сөздер, күрделі сөздер, жалғау, жұрнақтау).
Лексикалық деңгейде қолданылатын кейбір жұмыс тәсілдеріне тоқталайық.
Сөздің буындық құрамын талдау және жинақтау
Лексикалық деңгейдегі түзету жұмысының алгоритімі
Буынның түрлері
Екпін түсетін буын
Синтаксистік деңгейдегі түзету жұмысы
Бұл деңгейдегі түзету жұмысының негізгі бағыттары:
Оқушылардың сөйлеу тіліндегі кездесетін қате тіркестерін түзету, сақтандыру, саналы түрде сөйлем құрауын игеру.
Синоним, амоним, антоним сөздермен синтаксистік құрылымдармен таныстыра отырып оқушылардың байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Логопедиялық жұмыс барысында сұрақ қою арқылы сөйлемдегі сөздердің байланысын, септік жалғаулар мен жұрнақтардың мағынасын түсініп дұрыс меңгеруіне көңіл бөлу қажет. Түзету жұмысының негізгі бағыттары:
сөз тіркестері мен сөйлем құрау;
көпшіл жалғаудар арқылы сөз өзгерту;
септік жалғаулар;
сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы анықтау;
жалғау және жұрнақтар мағынасын анықтау, дұрыс пайдалану.
Грамматикалық деңгейдегі түзету жұмысы
Дисграфияның әр түрінің логопедиялық түзету жұмыс бағыттары
Дисграфияның әр түрлері әртүрлі себептермен ерекшеленеді, сондықтан түзету жұмысында да ерекшеліктері болады. И. Н. Садовникова (1997), Р. И. Лалаева «2001), Л. В. Венедиктова (2001), т.б. жазбаша сөйлеу тілін түзету логопедиялық жұмысы ақаулықтың түріне, механизміне байланысты жүргізілетінін негіздеген.
Акустикалық сипаттағы жазудың бұзылуын түзету жұмысында балалардың фонематикалық қабылдауын және де дыбыстық талдау мен жинақтауын дамытуға бағытталған тәсілдерді қолдану қажет. Л. Г. Парамонованың (2004) пайымдауынша, артикуляторлы-акустикалық дисграфияны түзету жұмысы дыбыс айтуын түзету мен осы дыбыстарды анық естіп ажыратудан бастау керек. Сонымен қатар, ғалым фонематикалық талдау, жинақтауын қалыптастыруға көңіл бөлу қажет деп есептейді. Ал, аграмматикалық дисграфияны түзету жұмысында жазбаша жаттығуларды кеңінен қолдану арқылы баланың сөйлеу тілінің грамматикалық жағын қалыптастыру қажет деп санайды.
Дисграфияның түріне байланысты түзету жұмысында біршама өзгешеліктер болғанымен, дисграфияның барлық түрінде ортақ бірқатар маңызды жағдайларды ескеру қажет. Біріншіден, алдымен жазу процесіне қажет операцияларды қалыптастыру қажет. Мысалы, акустикалық дисграфияда бала ұқсас дыбыстарды ажырата алмайды, сол себептен ол
әріптерді алмастырады. Бұл жағдайда алдымен дыбыстарды ажыратуын дамыту қажет. Бұл жұмыс бағыты дисграфияның барлық түрінде қолданылады. Екіншеден, жұмыс барысында сақталған анализаторға сүйену қажет. Мысалы, бала С-Ш дыбыстарын ажырата алмайды, өйткені есту анализаторының функциясы жеткілікті дамымаған, онда алдымен баланың көңілін артикуляциялық аппараттың қалпына, қимылына аудару керек. Яғни, мұнда көру, қимыл, сезім анализаторын жұмысқа қосу тиімді.
Дисграфияның әр түріне қатысты түзету әдістемелеріне кеңінен тоқталайық.
Достарыңызбен бөлісу: |