I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет122/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   230
Байланысты:
Логопедия

Моторлы алалияның сөзсіз симптоматикасы. 
Алалиясы бар балаларда сөйлеу әрекетінің қалыптаспауымен қатар 
моторлы және психикалық функциялардың жетілмеуі байқалады.
Моторлы алалияда ауырлығы әртүрлі: ми дисфункциясының көмескі 
түрімен орталық жүйке жүйесі бұзылуының бірең- саран белгілерінен
неврологиялық бұзылыстардың күрделісіне (парездер) дейінгі, әсіресе
пирамидалық және экстрапирамидалық жүйелердің бұзылуы сияқты 
неврологиялық симптоматика байқалады. Оральды апраксия, Н. Н. Трауготт 
бойынша, алалиясы бар балалардың 10%-да кездеседі. Оларда физикалық 
жетіспеушілік, соматикалық әлсіздік байқалады. 
Балаларда жалпы моторлық икемсіздік, ебедейсіздік, қимылдардың 
дискоординациясы, қозғалыстардың баяулығы мен тежелуі байқалады. 
Моторлы белсенділігінің төмендеуі, ырғағының жеткіліксіздігі, динамикалық 
және статикалық тепе тендігінің бұзылуы (бір аяғында тұру, секіру, аяқ
ұшымен немесе өкшесімен жүру, допты лақтырып қағып алу, бөренемен 
жүру сияқты қимылдарды жасай алмау) байқалады. Әсіресе қолдың ұсақ 
моторикасы баяу. Моторлы алалиясы бар балаларда солақайлық пен 
амбидекстрия көп кездесетіні туралы ақпараттар бар. Бір балалар қозғыш, 
импульсивті, әрекеттері ретсіз, гипербелсенді, басқалары керісінше, 
әлсіз,тежелгіш, инертті. 
Балаларда жоғарғы психикалық функциялардың көбінің (есте сақтауы, 
зейіні, ойлауы т.б.) әсіресе еріктілік пен саналылық деңгейіндегі дамымауы 
байқалады.
Алалияда есте сақтауының ерекшеліктері байқалады: оның көлемінің 
азаюы,пайда болған іздердің тез сөнуі, сөз тітіргендіргіштерін ұстап тұрудың 
шектеулігі т.б. Әсіресе вербальды есте сақтауы зақымдалған — еркін, 
жанама есте сақтауы; сөз,фраза, тұтас мәтіндерді есте сақтауы. Вербальды 
есте сақтауы қимыл, образды, эмоциональдымен салыстырғанда адамға тән 
есте сақтау болып табылады. Көрнекілікпен бекіткенде балалар материалды 


262 
тез, жеңіл қабылдап, сөзді ажаратып есте сақтауы дамыған болып келеді. 
Балалар сөздерді ұмытып, сөздерді іріктеуде қиналады, сөздің құрылымын
қайталағанда қиналуы салдарынан баланың ойын ерікті түрде айту 
мүмкіндіктері шектеліп қалады. Сюжеттің бағытын, жағдайлардың 
кезектілігін есіне түсіру процесінде белсенді бағыттылығының төмендеуі, 
бақылау белсенділігінің жеткіліксіздігі байқалады. Балалар суретті жай 
шолып шығып, нағыз маңыздысын байқамайды. 
Кейбір жағдайларда балаларда тұлғаның патологиялық қасиеттері, 
мінезінің невротикалық белгілері дамиды. Сөйлеу тілі кемістігіне деген 
реакция ретінде балалар тұйық, негативизмді, өз-өзіне сенімсіз, қобалжулы, 
аса ашуланшақ, ренжігіш, жылауық болып келеді. Кейде балалар сөйлеу 
тілін тек эмоциональды жағынан бай жағдайда ғана қолданады. Қателесіп 
күлкі боламын деген ойда олар сөйлеу қиындықтарын айналып өтіп, сөз 
арқылы қатынас жасаудан бас тартып, ым-ишараны қуана қолданады.
Гнозиспен праксистің, сөзге байланысты кеңістік пен уақыт синтезінің 
қалыптасуындағы 
қиындықтар; 
қабылдауы, 
зейіні,өнімді 
әрекеттің 
тұрақсыздығы мен шектеулігі байқалады. Алалиясы бар балалардың заттық-
практикалық әрекеттерінің дамуындағы ерекшеліктер мазмұны, әрекет 
тәсілдерінің деңгейі, орындау деңгейі бойынша әртүрлі. И. Т. Власенко, В. В. 
Юртайкин (1981), мұндай балалардың мектеп бағдарламасын меңгерудегі 
үлгермеушіліктерін атай отырып, оларда жалпылау қалыптаспаған, сөйлеу 
тілінің жоспарлаушы және реттеуші функциясының қалыптаспауы туралы 
айтады.
Алалиясы бар балалардың интеллектісі туралы мәселені зерттеушілер 
әртүрлі қарастырады. М. В. Богданов-Березовский (1909), Р. А. Белова-Давид 
(1972) және басқаларының ойынша, мұндай балалардың ойлауы біріншілік 
ретте бұзылған. Осының арқасында баланың сөйлеу тілі дамымаған болады. 
М. В. Богданов-Березовскийдің ойынша, балалар афазиясы (алалия) бас 
миының жеке бөліктерінің бұзылысымен ғана байланысты емес (оның 
салдарынан барлық сөйлеу функциясы бұзылады), ол міндетті түрде 
интеллектісінің жалпы аясында да өз белгісін табады. 
Н. Н. Трауготт (1940, 1965), Р. Е. Левина (1951), М. Е. Хватцев, С. С. 
Ляпидевский, Н. А. Никашина және басқалары: «балалардың интеллектісі 
(зияты) сөйлеу тілінің жағдайына байланысты екінші реттілік өзгерген, 
алайда интеллект пен сөйлеу тілі дамымауының деңгейі арасындағы оңды 
корреляция орнатылмайды» -дейді. Балаларда таным қызығушылығы бар, 
заттық-тәжірибелік және еңбек әрекеттері жеткілікті дамыған, алайда ойлау 
процестерінің баяулығы, түсініктердің қалыптаспауын баяулатады. 
Алалияда сөйлеп ойлауы өзінше қалыптасады. Оған толыққанды сөздік 
жалпыламалар қажет. 
Әрекеттердегі импульсивтілік, ретсіздік, енжарлық, шаршағыштық, 
заттық-тәжірибелік әрекет ерекшеліктері мынада байқалады: балаларға 
ұсынылған тапсырма сөз жоспары, сөздік нұсқау бойынша емес, көрнекі 
түрде берілсе қиналмай орындайды. Балаларда кеңістік-уақыттық 
қатынастарды қалыптастырғанда қиындықтар байқалады, заттардың 


263 
ерекшеліктерін қабылдауы мен уақытты және кеңістік ерекшеліктерін сөзбен 
белгілеуі бұзылған, есте сақтауы, қабылдауы, ойлау операциялары (талдау, 
жинақтау салыстыру, жалпылау), логикалық абстрактілі ойлауының
жеткілікті деңгейі қалыптаспаған, алайда балалар пайымдаудың берілген 
тәсілін тура сақтайды, жұмыста көмекті қолданады. Зерттеушілер (Н. М. 
Уманская, Л. Р. Давидович) алалиясы бар балалардың интеллектісінің 
біріншілік сақтаулы екені және оңда динамикасы, әлеуметтік-еңбекпен 
бейімделу мүмкіндіктері туралы айтады. 
Балаларда психофизикалық бостық немесе тежелгіштік, байқампаздығының, 
мотивациялық және эмоциональды-ерік аясының жеткіліксіздігі байқалады.
Балалар көпке дейін тапсырманы орындауға кірісе алмайды, проблемалық 
жағдайды үстіртін бағалап, сөйлеу тәжірибесінің жоқтығымен таным 
әрекетінің шектеулігімен байланысты қызығушылықтары тұрақсыз, 
интеллектуальды енжарлық, білімдерінің терең еместігі, тәртібінің 
ерекшеліктері және басқа ерекшеліктерімен сипатталады. Сөйлеу тілінің 
белсенділігінің төмендігі жалпы түсініктерің шектейді. Алайда көп 
жағдайларда алалиясы бар балалардың жоғарғы жүйке жүйесінің көрінісінде 
интеллектуальды бұзылыстар екіншілік болып табылады.
Алалиясы бар балалардың ойлауы туралы мәселе дифференциалды түрде 
шешілуі тиіс, себебі сөйлеу тілі дамымауының көп түрі кездеседі, онда 
интеллектуалды жеткіліксіздіктің әр түрі байқалады: ақыл ой дамуының 
жеңіл екіншілік тежелуінен ақыл ойының кемістігіне дейін. Алалиясы бар 
балалармен ақыл ойы кем балалардың дифференциальды диагностикасы өте 
күрделі, әсіресе бала бір рет қана ерте жаста тексерілсе. Практикалық 
бақылауларда алалиясы бар балаларда мағлұматтардың, түсініктердің 
көптігін; ым-ишараны, сөзсіз жағдайларды, нұсқауларды түсінуін, қоршаған 
ортада бағдарлау дағдысының барын байқауға болады; балалар жағдайдың 
өзгергенін ескереді, өз сөйлеу тіліне сыншыл, оның дамымағандығын 
уайымдайды, ақыл ойы кем балаларға қарағанда жұмыста көмекті жақсы 
қолданады. Н. И. Жинкиннің пікірі бойынша олигофрениямен алалияның
арасында ойлаумен сөйлеу тілі арасындағы көпғасырлық проблема жатыр. 
Ақыл ойының кемістігі ретінде соматикалық ақаулар болған жағдайда да, 
сөйлеу тілінің тежеліп дамуын қабылдауға болмайды. Алалиядағы 
синдромның сипаты әртүрлі факторлардың күрделі кешенімен негізделген: 
сөйлеу тілі дамымауының деңгейі, процестің сипатымен шоғырлануы, 
баланың жалпы жағдайы, оның жасы, жоғарғы жүйке жүйесінің типі, 
интеллектісінің жағдайы, медициналы-педагогикалық әсер ету жүйесімен. 
Барлық жағдайда алалияда қатынас дағдыларының қалыптаспауы, сөйлеу тілі 
дамуындағы кемшіліктер, сөздік және сөзсіз әрекеттердегі бұзылыстар 
болады. 
Әрбір зерттеуші алалияның ауырлығы бойынша әр түрлі деңгейлерін атайды. 
Р. Е. Левина сөйлеу тілі дамымауының 3 деңгейін бөліп отыр (жалпы 
қолданбалы сөйлеу тілінің жоқтығы, жалпы қолданбалы сөйлеу тілінің 
басталуы және барлық сөйлеу жүйесіндегі сөйлеу тілінің дамымау 


264 
элементтері бар байланыстырып сөйлеу тілі), Н. Н. Трауготт, Л. В. Мелехова 
алалиясы бар баланың сөйлеу тілінің қалыптасуында 4 кезеңді атайды.
О. В. Правдина 4 кезеңмен қоса басқа кезеңдерді атайды.
Бұл жөнінде принциптік кері көзқарастар жоқ: бірінші аталған авторлар өте 
тиянақты түрде баланың мүлдем сөйлемеуінен бастап жеке былдыр 
сөздеріне дейін және эмоцияларын атап, сөйлеу тілінің қалыптасу кезеңдерін 
қарастырған. О. В. Правдина балада ең алғаш фразаның пайда болуын атап 
өткен маңызды деп есептейді. 
Аталған деңгейлерді баланың жасы мен интеллектісімен сәйкестіруге 
болмайды: бала ересек болса да, сөйлеу тілі нашар болуы мүмкін.
Деңгейлерге бөлу әрдайым нақты бола бермейді, себебі, олардың арасында 
нақты шекара жоқ, кейде баланы осы деңгейлердің біріне мөлшерлеп 
жатқызуға болады. Мүлдем сөйлемейтін балалар — өте сирек кездесетін 
құбылыс, ал сөйлеу тілі дамымауының әртүрлі деңгейіндегі балалар жиі 
кездеседі. Моторлы алалияда сөйлеу тілі дамуының нақты кезеңділігі жоқ, 
сөйлеу тілінің кешеуілдеп дамуы, сөйлеу тілінің жеке компоненттерінің 
қалыптасуындағы біркелкіліктің жоқтығы, қателердің тұрақты қайталануы
алалияның негізгі сипаты болып табылады. 
Бұзылыстың ерекшелігі былдыр кезінде көрінеді: ол мүлдем жоқ немесе 
біртүрлі, былдырлары кедей болады. Алғашқы сөздер мен фразалар кешігіп 
пайда болады, және алалияда сөйлеу тілі дамуының барлық кезеңдерінде 
оның барлық жағының бұзылысы айқындалады. 
Алалиясы бар балалардың сөйлеу тілінің даму процесінде белгілі 
жағымды динамика байқалады: олар сөйлеу тілі жағдайы бойынша бір 
деңгейден екінші – жоғары деңгейге өтеді. Олар кейбір сөйлеу дағдылары 
мен біліктерін меңгереді, сөйлемеушілік білдірмейді, алайда сөйлеу тілі 
дамымаған болып қала береді. Осының салдарынан бағытталған түзету 
жұмысын жүргізу қиынға түседі. Алалияның барлық формаларына тән 
жалпы ақауы: сөздердің мағына жүйесінің қалыптаспауы, грамматикалық 
құрылымының кемшіліктері, семантикалық ақаулар. Балаларда жеке 
сөздермен қатар байланыстырып сөйлеуіндегі ойын айтудың құрылымдық-
семантикалық жағынан өңделуі бұзылған.
Мектепте оқыту барысында жазу біліктері мен дағдыларының 
қалыптасуындағы көптеген қиындықтары байқалады; сөйлеу тәжірибесінің 
аздығынан, тілдік жалпылауының дамымауынан балаларда сауат ашуды 
меңгеруге дайындығы қалыптаспайды.
Моторлы алалияға тән ақаулықтармен қатар оның белгілі бір формасына тән 
кемістіктер байқалады. Дәл осы кемістіктер сөйлеу тілінің бастапқы 
кезеңдерінде көріне бермейтін (себебі олар бірлескен кемістіктер арқасында 
көрінбей қалады) бұзылыстардың ядросын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет