327
Дислексия түрлі патогенездегі психикалық дамуы тежелген балаларда
байқалады (В. А. Ковшиков, Ю. Г. Мемьянов, А. Н. Корнев). Авторлар
оларда бұзылыстардың жиынтығын белгілейді: сөйлеу тілі, оған қоса оқудың
бұзылысы, қабылдау мен дыбыс айту қиыншылықтары, фонематикалық
талдаудың
қалыптасуындағы
қиыншылықтар,
дыбысты
әріппен
сәйкестендіру қиыншылықтары.
Балалар құрылымы бойынша күрделі буындар және сөздерді қатемен
оқиды, жазылуы бойынша ұқсас әріптерді шатастырады. Оқудың түрліше
бұзылыстары, авторлардың пікірлері бойынша, ауызша сөйлеу тілінің
бұзылыстарымен ғана емес, психикалық функциялардың жетіспеушілігі
қатарымен (зейін, есте сақтау, көру гнозисі, сукцессивті және симультаттық )
шартталған.
Оқу бұзылысы механизмдерінің психологиялық аспектісі
Дислексия
қалыпта
оқу
үрдісін
іске
асыратын,
психикалық
функциялардың қалыптаспауынан пайда болады (көріп талдау мен
жинақтауы,
кеңістіктік
түсініктері,
фонематикалық
қабылдау,
фонематикалық талдау мен жинақтау, сөйлеу тілінің лексикалық-
грамматикалық жетілмеуі).
Дислексия және кеңістіктік түсініктерінің бұзылысы
Оқуы бұзылған балада барлық кеңістіктік түсініктерінің қиындықтары, оң
және сол, жоғары және төменді анықтаудағы қиындықтар, түрді, көлемді
анықтаудағы нақты еместік байқалады. Оптико-кеңістіктіктің қалыптаспауы
сурет салуда, бөліктерден тұтасты құрастыруда, берілген форманы жасай
алмауымен белгіленеді.
Дененің оң мен солын ажыратуда тежелу, кеш латерализация және оның
бұзылысы (солақайлық т.б.) байқалады.
Солақайлық пен дислексияның арасын сәйкестендіру түзу емес, күрделі,
кезектілі. Көп жағдайда әсіресе солақайларды оңмен жазуды үйретуде,
балаларда кеңістіктік түсініктерінің қалыптаспауының қиындықтары, оң
және сол жақтарын шатастыру байқалады. Қалыпта оң және солды ажырату
алты жаста қалыптасады. Кеңістіктік түсініктерінің жеткілікті қалыптасуы
баламен әріпті ажырату мен менгерудегі алғы шарт болып табылады.
Солақайларда оқудың бұзылуысыз, латеральды дискоординацияның орнын
басатын эволюция үдерісінде механизмдер пайда болады, дислексиясы бар
солақайларда бұл орын басу жүйелері баяу, кеш ұйымдастырылады.
Сонымен, солақайлықтың өзі емес, үйретілген солақайларда кеңістіктік
түсініктерінің
қалыптаспағандығы
салдарынан,
оқудың
бұзылысы
байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: