120
-
гемипаретикалық түрі;
-
гиперкинетикалық түрі;
-
атоникалық-астатикалық түрі;
-
аралас түрі.
1.
Қос (екіжақты) гемиплегияда
аяқ-қол функциялары бірдей бұзылады,
яғни тетрапарез байқалады. Ондай балаларда көпке шейін патологиялық
рефлестері сақталады: тоникалық рефлекстер мүлдем жойылмайды, тік тұру
рефлексі дамымайды. Соның салдарынан баланың ерікті моторикасы
дамымайды. Мұндай балалардың көбінде олигофрения байқалады, сөйлеу
тілі дизартрия немесе анартриямен сипатталады.
2.
Спастикалық диплегияда
қолдары аяғына қарағанда аз зақымдалады.
БЦСА-ң бұл түрі Литтл ауруы деген атпен белгілі болатын. Параличтің бұл
түрінде психикалық дамудың кешеуілдеуі көп байқалады.
3.
Гемипаретикалық түрінде
біржақ қол мен аяқ зақымдалады. 80%
балаларда БЦСА-ң бұл түрі ерте постнатальді кезеңде дамиды. 25-30%
балаларда ақыл-ойының бұзылуының жеңіл түрі, 45-50% балаларда ПКД, 25-
35% балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы, жиі псевдобульбарлы (жалған
сопақша ми) дизартрия байқалады.
4.
Гиперкинетикалық түрінде
артикуляциялық және қаңқаның бұлшық
еттерінде 4-6 айдан бастап гиперкинездер байқалады. Психикалық дамуында,
қалыпты балаларға қарағанда, біраз кешеуідеуі байқалады, ойлау қабілеті
қалыпты дамиды. Бұлшық еттердің дистониясы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: