192
айтқан кезде өзін қадағалаудан алдандырады; дыбысты машықтандырғаннан
кейін саналы түрде естіп қадағалау қосылады. Операцияға дейінгі жұмыста
дыбыс айтуды қалыптастырудан басқа, өте үлкен көңіл бала тұлғасын
түзетуге бөлінеді.
Бар логопедиялық жұмыс максимальді түрде көрнекі, балаға эмоциональді
болуы керек.
Уранопластикадан соң науқастармен жұмыс опреацияға дейінгі сөйлеуге
дайындық болған–болмағанына, оның деңгейіне және операцияның
нәтижелеріне байланысты болады. Логопедтің операциядан кейінгі жұмысы
дыбыс айту дағдыларын жаңа жағдайда бекітуге бағытталады.
Уранопластикадан кейін науқастың назары өз сөйлеуін естіп
қадағалауға аударылады. Егер баланың сөйлеуі сәл де мұрын арқылы
айтылса, операциядан кейінгі жұмыс толығымен, операцияға дейінгі жұмыс
сияқты жүргізілуі қажет. Таңдай жарықшағы болған жағдайда сөйлеу тілі
ақаулығының алдын алу медициналық және педагогикалық құрал арқылы
жасалуы мүмкін.
Педагогикалық жағынан алдын алудың мақсаты – баланың назарын
артикуляцияға аударып, арнайы жаттығулар арқылы ауыз қуысындағы тілдің
ақаулы қалпының болмауын қадағалап, ауыз арқылы дұрыс дем шығаруды
қалыптастыру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: