I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет141/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   230
Байланысты:
Логопедия

а
— кең ашық ауызға ұқсас, шеңбер;
у
— жіңішке шеңбер; 
м
— жұмылған 
ерін, кейін жай түзу сызық; 
ы
— алдыға шығып тұрған иек;
m
— тілдің 
тісаралық калпында тіл қимылының бағытын көрсететін солдан оңға қарай 
сызылған көрсеткіш сызғыш; 
и
— жымиған күйдегі ауыз; 
о
— тік сопақша; в 
— төменгі ерінді тістеу; 
с
— көлденең орналасқан ысқырық, кейін екі 
паралель сызық; 
э
— тіл астыңғы тістерге тіреліп, ауыз кең ашық; 
н
— мұрын 
қанаттарының суреті; 
е
— ауыздың көлденең сопақша; 
ш
— шаршы; 
к
— тіл 
қимылының бағытын көрсететін оңнан солға қарай сызылған көрсеткіш 
сызықша; 
п
— үрленген ұртқа ұқсайтын бір біріне қарама-қарсы орналасқан 
екі жақша жұмылған және кенеттен ажыраған еріндерді еліктейтін олардың 
ортасындағы сызықша; 
л
— жоғарыға бағытталған көрсеткіш сызығы; 
р
— 
ирек сызықша; 
ц
және 
ч
— сызықша (т), екі параллель сызықшаның (с) және 
шаршының (ш) тіркесуі арқылы көрсетіледі; йотты дауысты дыбыстар жол 
үсті белгілерінің «қосындысы» ретінде белгіленеді 
я = и + а; ю = и + у
, т.с.с. 
Ұяң дауыссыздарды 
б, д, г, ж, з
анықтау үшін дәл сол белгілер леп 
белгісімен қолданылады. Афферентті моторлы афазияда жол үсті белгілерін 
қолдануды А. Р. Лурия (1948) ұсынған. Оларды қолдану науқасқа дыбыстың 
артикуляциялық қалпын көріп қабылдауынан жеңіл сөздерді, фразаларды
оқуға көшуін жеңілдетеді.
Бұл афазияның ең ауыр түрі. 2-3 жыл аралығында 
толығынан түзетіліп, науқастар жұмыстарына қайта оралады. Логопед науқас 
саруайымға түспеу үшін, түзету жұмысы ұзақ мерзімге созылатынын 
айтпайды. 
Жаңа дыбыстарды менгеру кезінде артикуляциялық дағдыларын бекіту 
мақсатымен логопед алдында өткен материалды қайта-қайта қайталауы тиіс. 
Науқастың артикуляциялық аппараттының апраксиясы жойылғанына қарай 
жол үсті таңбаларын азайта отырады. Оны толығынан жою үшін өтілген 
материалдардың бәрін 2-3 рет қайталау қажет. 
Науқастың артикуляциялық аппараттының апраксиясы жойылғанына 
қарай, сурет бойынша күнделікті әрекеттегі тұрмыстық сипаттағы 
фразаларды логопедпен қоса және одан кейін өзі айтуға көшеді. Науқасты өз 
бетінше сөйлеуге ынталандырады. Түзету-педагогикалық жұмыстың 
алғашқы кезінде және афференті моторлы афазияның ауырлығының орташа 
дәрежесінде бірінші кезектегі міндеттердің бірі – ситуативті, ауызекі 
сөйлеуін қалпына келтіру. Қалпына келтірілген дыбыстар қатынас кезінде 
керекті сөздер мен фразаларға енгізіледі (жақсы, ертең, бүгін, кешке, түсте, 
мен тамақтандым, маған дәрігер келді, т.с.с.) 


296 
Сөйлеу тілінің ситуативті диалог түрі пайда болғанына қарай тілдің 
монолог түрін қалпына келтіру жұмысы басталады. Бұл кезде негізгі мақсат 
науқастың сөздік қорын молайту, аграмматизмдерден сақтандыру, толық 
ауызша және жазбаша сөйлеуін дамыту, еркін диалогтік сөзге дайындау. 
Науқасты сөздің дыбыстық-буындық талдауы қалпына келуіне қарай сурет 
бойынша фразаларды ауызша құруынан жазбашаға ауыстырады. Бұл 
науқастың жетістіктерін білдіреді. Жазбаша сөйлеу тілі ауызша сөйлеуін 
қалпына келірудің сүйеніші болады. Оқу мен жазуын қалпына келтіруде көру 
диктанттардың маңызы зор.
Афферентті моторлы афазияда сөз құрамын талдауын қалпына келтіру 
үшін кеспелі әліппе, сөз және фраза ішінде тастап кеткен әріптерді жазу 
пайдаланылады. Афазияның бұл түрінде артикуляциялық бұзылыстарды 
жою өте күрделі, ұзақ мерзімді процесс (үш айдан бір жылға дейін). Дыбыс 
айтуының бұзылуы афферентті моторлы афазияның ауырлығының орташа 
және жеңіл дәрежесінде де сақталады. 
Афферентті моторлы афазияның ауырлығының орташа дәрежесінде 
аграфия мен аграмматиздерді жоюға ерекше көңіл бөлінеді. Науқасқа есту, 
көру диктанттары ұсынылады. Дауыссыз дыбыстардың тоғысуы кездесетін 
сөздерге, сөзде тастап кеткен буындарды, сөйлем ішінде тастап кеткен 
сөздерді коюға аса назар аударылады. Аграмматиздерді түзетуде көмекші 
сөздердің, зат есімнің жалғауларының үлгілері (схемасы) пайдаланылады. 
Афферентті моторлы афазияның жеңіл дәрежесінде аффрикаттарды, 
дауыссыз дыбыстардың тоғысуын, Р дыбысын айтуындағы артикуляторлы 
қиындықтары түзетіледі. Науқастың өз сөйлеуін есту бойынша бақылауы 
бекітіледі, біртіндеп мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айту, оқыған 
әңгімелердің мазмұнын айту беру, сюжетті сурет бойынша әңгімелеп беру 
арқылы сөзінің қарқыны жылдамтылады. Науқас сурет бойынша мәтін 
құрастырып, ашық хат толтырып, жазады. Экспрессивті сөйлеуінің ауыр 
түрде бұзылуында фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіруіне, 
кеңістікте бағдарлауына, антоним, синонимдерді түсінуіне аса назар 
аударылады. 
Соңғы кезеңдерінде, оқу мен жазуға сүйенуге мүмкіндік болғанда, 
импрессивті аграмматизмді жоюға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет