I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет147/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   230
Байланысты:
Логопедия

Дауыс аппаратының қалыптасуы мен қызметінің биологиялық негіздері. 
 


305 
Дауыс өмір әрекетінің интегралды биоәлеуметтік өнімі ретінде 
адамның биологиялық дамуының кезеңдерімен тығыз байланысты. Бұл 
категоряларды сәйкестендіре отырып, дауыс функциясының дамуында жеті 
кезең ажыратуға болады: 
- мектепке дейінгі (туылғаннан жеті жасқа дейін) кезең. Бұл кезең 
үшінде нәрестелік, ерте жас (3 жасқа дейін), мектепке дейінгі ересек жас 
кезеңі деп бөлінеді; 
- мутацияға дейін (жеті жастан он үш жасқа дейін) кезеңі; 
- мутация кезеңі (13 жастан 15 жасқа дейін); 
- мутациядан кейінгі (15-тен 17-ге дейін) кезең; 
- қарастырып отырған қызмет пен адам организмінің қалыптасу кезеңі 
(18 ден 35 жасқа дейін); 
- сенімді қызмет атқару кезеңі (35-тен 60 жасқа дейін); 
- басылу кезеңі – кәрілік дауыс (60 жастан кейін). 
Дауыстың дамуында қиын-қыстау кезеңі – нәрестелік, мутация және 
басылу кезеңі болып есептеледі. 
Мектеп жасына дейінгі кезеңде
дауыс аппараты үшін нәрестелік шақ 
қиын-қыстау кезеңі болып табылады. Сәбидің айқайы – алғашқы автономдық 
тыныс алудың маңызды белгісі деп білеміз. Айқай – адам затына өмірмен 
берілген түпті рефлекторлы-шарттсыз актісі. Бұның іске асуына жүйке, 
тыныс алу, эндокринды жүйелері қатысады. Ауыру сезгіш, температуралық,
тактильді қоздырғыштардың және қанда көмірқышқыл газының артылуынан 
тыныс алу орталығының қызынуы пайда болады, өкпе ашылып, дауыс 
перделері алғаш рет қабысады.
Сәбидің дауыс жиілігі орташа есеппен 425 Гц құрайды. Дауысының 
тембрі жоқ, сондықтан есту арқылы сәбидің жынысын ажыратуға мүмкін 
емес.
Сәбилік шақта (туылғаннан 28 күнге дейін) көмейдін жүйке-бұлшық ет 
аппаратының 
жетік 
дамымауынан 
және 
тыныс 
алуының 
тұрақтылықсыздығынан айқай интонациясын өзгерту мүмкіндіктері 
шектеулі болады. Балалрда тұрақты интонацияларын өзгерту қабілеті 2-3 
айынан қалыптаса бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың фонациясы 
көмей бұлшық еттерінің әлсіздігінен дауыс перделерінің шеттерінің 
керілуінің нәтижесінде мүмкін болады. Дыбыстауының диапазоны 5-6 
нотаны құрайды. 
Мутацияға дейін кезеңінде 
дауыс аппаратының динамикалық дамуы 
байқалады. Бұл кезде дауыс шығару және дауысты өңдеу бөлігінің 
мүшелерінің көлемі ұлғая бастайды. Мектепке дейінгі және кіші мектеп 
жасындағы балалардың дауысы өзіндік акустикалық параметрлерге ие 
болады («бала дауысы»). Дауыс шығару мүшелерінің анатомиялық 
жетілуімен қатар көмейдің рецепторлы аппаратының дамуы аяқталады, 12 
жаста оның морфологиялық құрылуы мен орналасуы ересек адамның 
рецепторлы аппаратына сай болады. Бала дауысы бірте-бірте дамиды, оның 
диапазоны 11-12 нотаға дейін кеңиді. 


306 
Келесі қиын-қыстау кезеңі - 
мутация кезеңі
. Дауыс мутациясы (лат. т. 
mutatio — өзгеру, өзгерту) жас ерекшелігіне байланысты эндокринді 
өзгерістерінің салдарынан дауыс аппаратындағы өзгерістерінің нәтижесінде
пайда болады. Бұндай өзгерістер 
физиологиялық
деп есептеледі және
жыныстық жетілу (13-15 жаста) кезінде байқалады. 
Ер балалардың дауыс аппараты бұл кезде тез өскенімен, бір қалыпты 
өспейді, ал қыздарда баяу дамиды. Қыздарда 37 % мутацияның белгілері 
байқалады, бірақ көп жағдайда айқын көрінетін бұзылыстар байқалмайды. 
Жыныстық жетілу кезінде еркек және әйелдің көмейі анық ерекше 
өзгешеліктеріне ие болады. Мутация кезеңі жыныстық жетілу кезіне 
байланысты алты айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Мысалы, солтүстік 
тұрғындарына қарағанда, оңтүстіктерде мутация ерте басталып, күшті түрде 
өтеді.
Мутацияның үш кезеңін ажыратады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет