401
Балаларды қабылдау жыл сайын 1 тамыздан 1-ші қыркүйекке дейін өтеді.
Жеті жасқа толған балалар, медициналық-психологиялық-педагогикалық
комиссия шешіміне сәйкес қажетті мектеп түріне жіберіледі.
Ұстаз-логопед балалардың зиятын дамыту, дұрыс сөйлеуге үйрету,
дыбыстарды дұрыс айту бойынша барлық оқу-түзету жұмысын жүргізеді.
Логопед психоневрологпен, топ тәрбиешілерімен тығыз байланыста болып,
топтық , шағын топтық және жеке сабақтарды жүргізіп, сәйкес құжаттарды
толтырумен айналысады.
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі
мекемедегі логопедтің қызметі
Зияты зақымдалған
балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің
негізгі үлгісі балалар бақшасы (балалар үйі) болып табылады. Топтар жас
ерекшеліктерін ескеріп топтастырылады: кішкентайлар тобы – 3-4 жастан – 4
-5 жасқа дейінгі балалар; ортаңғы топ – 4-5 жастан – 5-6 жасқа дейінгі
балалар; ересектер тобы – 5-6 жас , мектепке дейінгі – 6-7 жас. Топтағы
балалар саны зияттың бұзылу деңгейіне байланысты емес – 10-12 адам.
Ақыл-ойы кем мектепке дейінгі балалардың көпшілігінде күрделі
ақаулықтары бар, сондықтан түзете оқытудың жалпы жүйесінде жүйелі
логопедиялық жұмыс көзделеді. Ол тіл дамыту топтық сабақтарында іске
асырылады, сабақ кестесі бойынша аптасына 2 рет әр топта (оқытудың 1-3
жылдығында топ шағын топтарға бөлінеді, 4 жылда топтық сабақтар барлық
балалармен өткізіледі). Жеке логопедиялық сабақтар әр баламен аптасына 3
реттен кем емес ұйымдастырылады.
Түзете оқыту мазмұнына дыбыстарды қою, машықтандыру, сөйлеу тілі
әуезділігі бойынша, тыныс алу, екпінділікті дамыту бойынша, сөз қорын
молайту, грамматикалық құрылымдарды тәжірибе жүзінде қолдану,
байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру қосылады. Күнделікті тіл
дамыту жұмысын арнайы мектепке дейінгі мекеменің барлық ұжымы
жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: