I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет214/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   230
Байланысты:
Логопедия

16-тапсырма 
«Кесе» артикуляциялық жаттығуын алдымен ауыз қуысынан тыс, сосын
ауыз қуысында жасау қай дыбысты қоюда қолданылады: 
1)
з 
2)
ц 
3)
к 
4)
ш 
5)
л 
17- тапсырма 
Балаға «Саңырауқұлақ» жаттығуын жасатып, кейіннен жасалған түйісуді
күшті ауа ағынымен үземіз. Қай дыбыс бойынша жұмыс жасап отырмыз: 
1)
ж 
2)
з 
3)
р 
4)
ш 
5)
б 
18-тапсырма 
Дыбысты дұрыс айтудың орнына бала тілдің фонетикалық жүйесінде жоқ 
дыбысты айтса, қандай бұзылыс болып есептеледі: 


438 
1)
ауыстыру 
2)
дыбысты айтпау 
3)
бұрмалап айту 
4)
еліктеу 
5)
жетілмеу 
 
19- тапсырма 
Балаға мынандай артикуляциялық жаттығуларды жасатады: «қайық», 
«дауылпазшы», «ат шабады». Артикуляциялық аппаратты қай дыбысты 
қоюға дайындап жатыр 
1)
ж 
2)
з 
3)
д 
4)
р 
5)
г 
20- тапсырма 
Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар. 
Күфігім 
Өві адамға үйірфек, 
Өліп-өфіп ойнайды. 
Қиқулафып вүгірфек, 
Қафып вүр деп ойлайды. 
 
21-тапсырма 
Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар. 
Әде 
Дұмтағанда барамыд 
Тілін дәйім аламыд. 
Әде бідің панамыд, 
Әде үлкен анамыд. 
22-тапсырма 
Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар. 
Әкем менің - қауынсы, 
Сесем менің - сауынсы, 
Ағам менің - егінсі, 
Зеңгем менің - тігінсі. 
23-тапсырма 
Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар. 
Кеште 
Тұлымшағы титтей, 
Қарындашым беште. 
Ойын қуып кетпей, 
Отыр тігіп кеште. 
 
24-тапсырма 


439 
Тіс аралық сигматизмінде мына өлең қалай айтылар еді? 
Пеш қасында мысық отыр, 
Екі көзін қысып отыр. 
Тышқан етін жегісі кеп, 
Тісі оның қышып отыр. 
 
25-тапсырма 
«Р» дыбысының бұзылып айту үлгісін жасаңдар (фонологиялық бұзылу 
түрін). 
Көл бойында 
Көк құс отыр. 
Көк құстың маңайында 
Көп құс отыр. 
20. 
Дыбыс 
айтуды 
түзетуде 
қолданылатын 
бірнеше 
тәсілдер 
ойластырыңыздар. Сол тапсырмалар мен тәсілдерге түзетушілік негіз 
беріңіздер. 
21. Сөйлеу тілінің дыбыстарын балалардың жас ерекшеліктерін, бағдарлама 
талаптарын ескеріп түзетуге арналған тапсырмаларды студенттердің өздік 
жұмысында төмендегідей схема бойынша құрауы: 
а) тапсырма атауы 
ә) түзетушілік негізі 
б) қай жастағы балаларға арналған 
в) тапсырма сипаттамасы 
Іскер ойын ретінде тапсырмаларды орындау. 
Студенттердің ұсынған тапсырмаларын талдау. 
22. Базалық мектепке барып, дислалиясы бар баламен әр кезеңдегі 
логопедиялық сабақтарды көру. Сабақтардың стенограммаларын жазу. 
23. Қатысқан сабақтарды схема бойынша талдау.
Логопедиялық топтық сабақты талдау үлгісі 
1.Жұмыс кезеңдеріне және сөйлеу тілі қорытындысына сәйкес сабақтың
тақырыбы, мақсаттарының, құрылуы 
2. Тақырыбы бойынша сабақтар жүйесіндегі осы сабақтың орны, алдыңғы 
және кейінгі сабақтармен байланысы. 
3. Сабақтың көрнекі құралдары: 
а) сабаққа көрнекіліктің дайындығы және оның бар-жоғы. 
ә) балалардың даму ерекшеліктеріне және сабақ мақсатына 
көрнекіліктің сәйкес келуі, оларды осы сабаққа іріктеудің 
орындылығы. 
б) көрнекі құралдардың жалпы дидактикалық және эстетикалық 
талаптарға сәйкес келуі. 


440 
в) сабақтың оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталуы және 
олардың лайықтылығы.
4. Сабақ кезеңдерінің бір бірімен байланысы, ақталғандығы.
Сабақтың білімділік, түзетушілік және тәрбиелік мақсаттарының бір-
біріне бағыныңқылығы және байланысы. Ой әрекетін белсендіру тәсілдері. 
5. Сабаққа сөйлеу материалының іріктеліп алынуы. 
а) сөйлеу материалдарының сабақтың фонетика, лексика,
грамматикалық тақырыбына сәйкестігі;
ә) сөйлеу материалының қолжетерлігі. 

6. Сөйлеу әрекетінің түрлері: 


а) еліктеу, оқу, суреттерді атау, сұрақтарға жауап беру,өзіндік сөйлеу: 
ә) сабақта сөйлеу белсенділігі. 

7. Грамматикалық құрылысын қалыптастыруда сөздік қорын байыту, 


байланыстырып сөйлеуін белсендіру әдістері. 
8. Топтық және жеке жұмыстың үйлесімділігі. 
9. Пәнаралық және пәнішілік байланыстың жүзеге асырылуы. 
10
.
Сабақта өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы.(көмек түрлері және 
сипаттары). 
11. Мұғалімнің сабаққа дайындығы: 
а) теориялық білімі, әр түрлі тәсілдерді қолдану біліктілігі және жұмыс 
түрлері, сабақты жүргізу техникасын білуі. 
ә) арнайы әдебиеттерді қолдана білуі. 
б) сабақ барысында әр баланың тұлғалық ерекшелігіне сәйкес мақтау- 
мадақтау және ұялту әдістерін қолдану біліктілігі. 
в) мұғалімнің сөйлеуі: анықтылығы, нақтылығы, эмоционалдығы. 
12. Оқушылардың сабаққа қатысуы: 
а) қызығушылығы; 
ә) белсенділігі; 
б) инициативтілігі; 
13. Сабақтың тұтастығы және аяқталуы. Логопедиялық сабақ барысында 
оқушылардың алған білімі, дағдылары. 
14. Қорытынды және ұсыныстар: 
а) сабақты өткізу кезіндегі қиындықтар; 
ә) сабақты жалпы бағалау, негізгі жетістіктері, шығармашылық 
ізденістері; 
б) негізгі кемшіліктер мен ескертулер; 
24. Логопедиялық сабақтардың конспектілерін талдау негізінде сабақтың, 
өңделуіне, мазмұнына қойылатын талаптарды атау. Жұмыс дәптеріне жазу. 
25. Төмендегі үлгі бойынша дислалиясы бар балалармен өткізілген 
логопедиялық сабақтың толық конспектісін құрастыру: 
- сөйлеу тілінің қорытындысын шығару, 
- балалардың жасын көрсету; 
- дыбыс бойынша жұмыстың кезеңін,тақырыбын белгілеу; 
- сабақтың мақсаттарын белгілеу (білімділік, түзетушілік) 


441 
- дыбыс бойынша жұмыстың кезеңіне байланысты түзету немесе
дыбысты машықтандыру тәсілдерін белгіле; 
- сөйлеу тілі, көрнекілік, дидактикалық материал іріктеп алу; 
- балаларға берілетін тапсырмалардың кезектіліген белгілеу; 
- сабақтың бөлімдерін нақты сипаттау. 
26. Сабақтардың үзінділерін ойын түрінде өткізу. Талдау. 
1-тапсырма 
Дыбысты түзету жұмысының алгоритмімен танысыңыздар. 
1.
Дыбысты қою кезеңіндегі жұмыс алгоритмі: 
- дыбыстың қалыпты артикуляциясын айту (ДҚА); 
- дыбыс айтуының бұзылуының түрін анықтау (ДАБТ); 
- артикуляциялық жаттығулар кешенін анықтау (АЖ); 
- дыбысты қою тәсілін анықтау (ДҚТ); 
- дыбысты жеке айтуы (ДЖА). 
2.
Дыбысты машықтандыру кезеңіндегі жұмыс алгоритмі: 
- дыбыстың қалыпты артикуляциясын айту (ДҚА); 
- дыбысты жеке айтуын бекіту (ДЖА); 
- дыбысты буынға кіргізу (ДБК); 
- дыбысты сөйлемге кіргізу (ДСК). 
3.
Дыбысты ажырату кезеңіндегі жұмыс алгоритмі: 
- дыбыстардың қалыпты артикуляциясын салыстыру (ДҚАС); 
- дыбыстардың жеке айтуын ажыратуға үйрету (ДЖА); 
- дыбыстарды буында ажырату (ДБА); 
- дыбыстарды сөзде ажырату (ДСөз.А); 
- дыбыстарды сөйлемде ажырату (ДСА) 
- дыбыстарды өз бетінше сөйлеуінде ажырату (Д.өз б.СА). 
 
 
 
 
Дыбысты қою кезеңіндегі жұмыс алгоритмінің үлгісі 
 
ДҚА (дыбыстың қалыпты артикуляциясы) 
ДАБТ (дыбыс айтуының бұзылуының түрі) 
АЖ (артикуляциялық жаттығулар) 
ДҚТ (дыбысты қою тәсілі) 


442 
ДЖА (дыбысты жеке айтуы) 
 
Дыбысты қою кезеңінде берілетін тапсырмалар 
ДҚА: - Дыбыс артикуляциясының профилін сызу. 
- Дыбысқа сипаттама беру. 
ДАБТ: - бұзылған дыбыстың артикуляциясын сызу. 
- ақаулыққа бейімдейтін факторларды атап беру. 
- профильде ақаулыққа тән белгілерін көрсету. 
- дыбыстың бұзылуын анықтау (магнитофон, бейне таспаға 
жазылған үлгілер бойынша, дыбыс бұзылуын модельдеу). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет