I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет72/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   230
Байланысты:
Логопедия

9 БӨЛІМ. РИНОЛАЛИЯ 
 
Ринолалия
(грекше «rhinos» - мұрын, «lalia» - сөйлеу) – бұл сөйлеу 
аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің 
салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылуы. Дыбыстың 
бұзылуы мен дауыс әуенінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалиядан 
дислалия мен ринофонияны ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда 
артикуляция, дыбыс шығару /фонация/, дауыс пайда болу механизмдерінің 
мөлшерден ауытқуы байқалады. Оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын 
резонаторының қатынастарының бұзылуы. 
Адамның фонациясы қалыпты жағдайда барлық дыбыстарды айтқан 
кезде мұрын - жұтқыншақ пен мұрын қуысы, жұтқыншақ және ауыз 
қуыстарынан ажырайды. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың 
жанындағы және артқы бойының бұлшық еттерінің жиырылуының әсерінен 
таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың 
айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылы мен жұтқыншақтың артқы 
жағының (Пассаван валигі) қалыңдауы пайда болады. Ол жұмсақ таңдай мен 
жұтқыншақтың бір - бірімен қабысуына мүмкіндік туғызады. Сөйлеп тұрған 
уақытта дыбыстың айтылуы мен сөздің шапшаңдылығына қарай жұмсақ 
таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әр түрлі биіктікке жоғары көтеріліп 
тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылған дыбысқа 
байланысты және ол дауыссыз дыбыстарға қарағанда дауыстыларда аз 


152 
қабысады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың 
артқы қабырғасының арасындағы 6 мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда 
дауысты дыбыстарды мұрыннан естілетін үн пайда болады. Таңдай мен 
жұтқыншақтың ең нашар қабысуы дауыссыз «в» дыбысында, ал ең мықты 
қабысуы «с» дыбысын айтқан кезде болады. Бұл қабысуы дауысты «а» 
дыбысын айтқандағыға қарағанда алты-жеті мәрте күштірек десе болады. 
«М», «н», «ң» мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағыны мұрын резонатарының 
кеңістігіне емін еркін кіріп кетеді. 
Таңдай мен жұтқыншақтың қабысу қызметтері бұзылуының 
ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады: ашық, жабық 
(бітеу), аралас. Ал этиологиясына байланысты органикалық және 
функционалды деп бөлінеді. 
Ринолалияның барлық түрлерінің негізі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет