I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет144/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   256
Байланысты:
Logopedia

диалогтік  сөйлеу  тілі  аса  шектеледі.  Орташа  түрінде  диалог  мүмкін,  бірақ 

жауаптар  әрқашан  хабарлатындыратын  сипатта  болмайды.  Жеңіл  түрі 

мағыналық  құрамы  күрделі  сұрақтарды  түсінуінде  жеке  қиындықтар 

туындайтынымен сипатталады.  

 

Жазбаша  сөйлеу  тілінің  өрескел  бұзылуында  оқу  процесінің 



ыдырауымен,  жеке  әріптерді  танып,  оқуын  білмеуі  сенсорлы  афазия  кезінде 

көрінеді.  Тек  өз  аты-жөнін  жаза  алатын  ғана  деңгейде  болады.  Орташа 




 

284 


деңгейде  дауыстап  оқуы  мүмкін,  бірақ  эксперессивті  сөйлеу  тілінде 

кездесетін  бұзылыстар  орын  алады.  Сөзді,  жай  фразаларды  көшіріп  жазуы 

сақтаулы,  дегенмен  диктант  жазғанда  көптеген  қателер  жібереді.  Жеңіл 

деңгейде фразаларды және мәтінді еркін оқиды. Дыбыстық және мағыналық 

құрылысы  күрделі  элементтерде  жеке  бұзылыстар  жібереді.  Жазуында 

өрескел қателер кездеспейді.   



 

Сенсорлы  акустикалық-гностикалық  афазияда  санақтың  өрескел 

бұзылулары  ең  алғашқы  сәтте  байқалады,  өйткені  санақ  операцияларына 

кіретін сөздерді қайталауды талап етеді. Науқастар нұсқауды түсінбей жатып 

есептермен  арифметикалық  операциялар  орындамай,  оларды  көшіріп 

жазады, сол кезде сандарды дұрыс жазбауы мүмкін.  Мысалы, 3 + 2 = 3 +2,3 + 

2 = 15, 5 + 2 = 3. 

 

Инсульттан  кейінгі  алғашқы  сәтте  өрескел  акустикалық-гностикалық 



афазияда  диктант  жазу  тұрмақ,  көшіріп  жазуы  да  бұзылады.  Науқастар 

сөйлеуінде өз ауытқуларын сезбейді, көшіретін сөздің образын көру арқылы 

қағып  алып,  бақылаусыз  жаза  бастайды.  Сөзді  бақылаусыз  көшіріп  жазған 

кезде  олар  артық  әріптерді  жазады.  Мысалы,  дыбыстардың    белгісіз 

құрамасын  үздіксіз  қайталай  отырып  бас  деген  сөзге  кіретін  үш  әріптердің 

орнына  сегіз-он  әріп  жазуы  мүмкін.  Сақтаулы  оптикалық  бақылауын  үнемі 

іске  тарту  сөздің  әріптік  құрамын  бірте-бірте  болжытпай  көшіруге  үйретеді, 

бірақ  есту  диктанттарында  әлі  ұзақ  мерзім  литеральді  параграфиялар 

байқалады. 

 

 



Акустикалық-гностикалық сенсорлы афазияны түзету-педагогикалық 

жұмысы 

 

Акустикалық-гностикалық  сенсорлы  және  акустикалық-мнестикалық 

афазияда  науқастың  жұмыс  істеуге  деген  жоғары  қабілеттілігі  байқалады 

және сөйлеу тілі бұзылыстарын түзетуге белсенді ұмтылады.   

 

Бұл кезде  науқастың саруайымға түсуі байқалады. Сондықтан логопед  



оған үнемі қайрат беріп отыруы керек, үйге бірілген тапсырмалар  ауырудың 

шамасына  лайық  болуы  қажет.  Логопед    науқастың  көңіл-күйі  туралы 

дәрігерге  уақытында  хабарлап  отыруы  тиіс.  Акустикалық-гностикалық 

сенсорлы  афазияда  түзету  –  педагогикалық  жұмыстың 



міндеті 

фонематикалық есту қабілетін және оқу мен жазуының, экспрессивті сөйлеу 

тілінің  екінші  реттік  бұзылуларын  қалпына  келтіру  болып  табылады. 

Логопед сақтаулы анализаторлардың оптикалық және кинетикалық жүйесіне 

және  маңдай  бөліктерінің  қызметіне  сүйенеді.  Бұлар  –  бұзылған  

акустикалық-гностикалық 

функцияларының 

компесаторлы 

қайта 

құрылуының алғы шарттары. 



 

Фонематикалық  қабылдауын  ерте  және  резедуальді  кезде  қалпына 

келтіру  бірыңғай  жоспармен  іске  асырылады.  Ерте  кезде  фонематикалық 

қабылдауының бұзылуы  тым айқын көрінуімен ерекшеленеді.  




 

285 


Сенсорлы  афазияның  өрескел  жағдайында  қалпына  келтіру 

жұмысының  бас  кезінде  сөзсіз  формалары  пайдаланылады.  Бұл  жұмыстың 

негізгі  мақсаты  –  науқаспен  қарым-қатынас  орнату,  ауыру  жайында 

түсіндіру,  науқастың  оқу  әрекетін  ұйымдастыру  (шамасына  лайық 

тапсырмаларды орындау), зейін қоюын арттыру. 

Суретке  қатысты  қысқа  сөздерді  көшіріп  жазып,  жеңіл  есептерді 

шығару тапсырмалары қолданылады. Көбінесе науқас көшіріп жазуға бірден 

кіріседі,  бірақ  көру  есінде  сөздің  бірінші  әріпін  ғана  сақтап  қалады.  Содан 

кейін жазып жатқан сөзге қатысы жоқ  бірқатар әріптердің жинағын жазады. 

Науқасқа  қатесін  көрсетіп,  әр  әріпті  тор  көздерге  бөліп  отырып,    көшіріп 

жазу  түрі  ұсынылады.  Тапсырманы  орындау  барысында  науқас  өз  ауыруын 

жартылай  сезе  бастайды  және  қатты  қайғырады.  Кейін  логопедтің  барлық 

тапсырмаларын ұқыпты орындайды. Науқаспен жүргізілетін сөзсіз кезеңдегі 

жұмыс бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. 

 

Фонематикалық  қабылдауын  қалпына  келтіру  жұмысы  келесі 



кезеңдерден  турады:  бірінші  кезең  —  ұзындығының,  дыбыстық  және 

ритмикалық 

бейнесінің 

қарама-қарсылығы 

бойынша 

сөзді 


дифференциациялау  (жіктеу).  Мысалы,    (доп  —  балапан,  көз  —  велосипед, 

тас  —  қалақай).  Әр  сөз  жұбына  суреттер  іріктеліп  алынады,  ал  жеке  қағаз 

жолақшасына сөздер анық, түсінікті жазылуы тиіс.  Науқас сөздің дыбыстық 

бейнесін суретпен және жазылуымен сәйкестендіреді. Оған біресе бір суретті 

алып,  біресе  екінші  суретті  алып,  соған  сәйкес  келетін  жазуды,  керісінше 

жазуды  сәйкес  келетін  суретті  табу  ұсынылады.  Сонымен  қатар,  жеке 

сөздерді    қабылдауын  бекіту    сөздерді  көшіріп  жазу,  көшіріп  жазу  кезінде 

сөздерді  қайталап  айту  және  есту  арқылы  бақылауын  дамыту  барысында 

басталады.  Ол  үшін  бір-екі  буыннан  туратын  қысқа  сөздер  алынады. 

Науқастың  акустикалық  зейінін  дамыту,  оның  оптикалық  зейінін 

жандандырудан басталады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет