I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет157/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   256
Байланысты:
Logopedia

Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  дауыс  аппараты  үшін  нәрестелік  шақ 

қиын-қыстау кезеңі болып табылады. Сәбидің айқайы – алғашқы автономдық 

тыныс  алудың  маңызды  белгісі  деп  білеміз.  Айқай  –  адам  затына  өмірмен 

берілген  түпті  рефлекторлы-шарттсыз  актісі.  Бұның  іске  асуына  жүйке, 

тыныс алу, эндокринды жүйелері  қатысады. Ауыру сезгіш, температуралық,  

тактильді қоздырғыштардың және қанда көмірқышқыл газының артылуынан 

тыныс  алу  орталығының  қызынуы  пайда  болады,  өкпе  ашылып,  дауыс 

перделері алғаш рет қабысады.  

 

Сәбидің  дауыс  жиілігі  орташа  есеппен  425  Гц  құрайды.  Дауысының 



тембрі  жоқ,  сондықтан  есту  арқылы  сәбидің  жынысын  ажыратуға  мүмкін 

емес.  


 

Сәбилік шақта (туылғаннан 28 күнге дейін) көмейдін жүйке-бұлшық ет 

аппаратының 

жетік 


дамымауынан 

және 


тыныс 

алуының 


тұрақтылықсыздығынан    айқай  интонациясын  өзгерту  мүмкіндіктері 

шектеулі  болады.  Балалрда    тұрақты  интонацияларын  өзгерту  қабілеті  2-3 

айынан  қалыптаса бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың фонациясы 

көмей  бұлшық  еттерінің  әлсіздігінен  дауыс  перделерінің  шеттерінің 

керілуінің  нәтижесінде  мүмкін  болады.  Дыбыстауының  диапазоны  5-6 

нотаны құрайды. 

 

Мутацияға  дейін  кезеңінде  дауыс  аппаратының  динамикалық  дамуы 

байқалады.  Бұл  кезде  дауыс  шығару  және  дауысты  өңдеу  бөлігінің 

мүшелерінің  көлемі  ұлғая  бастайды.  Мектепке  дейінгі  және  кіші  мектеп 

жасындағы  балалардың  дауысы  өзіндік  акустикалық  параметрлерге  ие 

болады  («бала  дауысы»).  Дауыс  шығару  мүшелерінің  анатомиялық 

жетілуімен    қатар  көмейдің  рецепторлы  аппаратының  дамуы  аяқталады,  12 

жаста  оның  морфологиялық  құрылуы  мен  орналасуы  ересек  адамның 

рецепторлы  аппаратына  сай  болады.  Бала  дауысы  бірте-бірте  дамиды,  оның 

диапазоны 11-12 нотаға дейін кеңиді. 



 

306 


 

Келесі қиын-қыстау кезеңі - мутация кезеңі. Дауыс мутациясы  (лат. т. 

mutatio  —  өзгеру,  өзгерту)  жас  ерекшелігіне  байланысты  эндокринді 

өзгерістерінің  салдарынан  дауыс  аппаратындағы  өзгерістерінің  нәтижесінде  

пайда  болады.  Бұндай  өзгерістер  физиологиялық  деп  есептеледі  және  

жыныстық жетілу (13-15 жаста) кезінде байқалады. 

 

Ер  балалардың  дауыс  аппараты  бұл  кезде  тез  өскенімен,  бір  қалыпты 



өспейді,  ал  қыздарда  баяу  дамиды.  Қыздарда  37  %  мутацияның  белгілері 

байқалады, бірақ көп жағдайда айқын көрінетін бұзылыстар байқалмайды. 

Жыныстық  жетілу  кезінде  еркек  және  әйелдің  көмейі  анық  ерекше 

өзгешеліктеріне  ие  болады.  Мутация  кезеңі  жыныстық  жетілу  кезіне 

байланысты алты айдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. Мысалы, солтүстік 

тұрғындарына қарағанда, оңтүстіктерде мутация ерте басталып, күшті  түрде 

өтеді.   

 

Мутацияның үш кезеңін ажыратады: алғашқы, негізгі, соңғы. 



Алғашқы  кезеңде  дауыс  перделерінің  болымсыз  қызаруы  (гиперемиясы) 

байқалады.  Негізгі  кезеңде  бүкіл  көмейдің  гиперемиясы,  кейбір  жағдайда 

дауыс  перделерінің  артқы  үш  бөлігінің  тең  бүйірлі  үшбұрыш  тәрізді 

(«мутациялық  үшбұрыш»)  қабыспауы    байқалады.    Дауыс  перделерінің 

синхрондық  және  асинхрондық  тербелістері  байқалады.  Бұл  көмейдің 

сыртқы  және  ішкі  бұлшық  ет  қызметтерінің,  тыныс  алудың  және  дауыс 

шығаруының үйлесімінің бұзылуын көрсетеді.   

Мутацияның  соңғы  кезеңі  ересек  адамның  дауыс  шығару  механизмін 

бекітеді.  

Мутациядан 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет