I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет211/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   256
 

 

IV ТАРАУ 

 

   

ҚАЗАҚСТАНДА ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ 

 

Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі 

 

Қазақстанда  балалар  мен  ересектерге    логопедиялық көмек  білім  және 

ғылым,  денсаулық  сақтау    және  халықты  әлеуметтік  қорғау  министрліктері 

тұрғысынан көрсетіледі. 

Білім және ғылым министрлігі жүйесіне келесі мекемелер жатады: 

-  Мектепке  дейінгі  сөйлеу  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  арналған 

білім беру мекемелері. 

-  Мектепке дейінгі көруі, естуі, зияты, тірек-қимылы бұзылған балаларға 

арналған білім беру мекемелері. 

-  Сөйлеу  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  арналған  мектепке  дейінгі 

мекемелердегі арнайы топтар. 

-  Оңалту орталықтары. 

-  Арнайы мектеп-интернаттары. 

-  Арнайы балалар үйлері. 

-  Жалпы білім беру мектептеріндегі логопедиялық пункттер. 



 

394 


-  Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері. 

-  Әлеуметтік бейімдеу еңбекпен оңалту орталықтары (ӘБЕО). 

   

Денсаулық  сақтау  жүйесінде  логопедиялық  көмек  амбулатория, 



стационарлық  жағдайда  көрсетіледі.  Балалар  емханасындағы  логопедиялық 

кабинеттер  мен  психоневрологиялық  диспансерлердің  негізгі  міндеттері: 

сөйлеу тілі бұзылған балалармен жасөспірімдерді ерте анықтап, диспансерлік 

бақылауға  алып,  уақытында  кеңес  беріп,  арнайы  көмек  көрсететін 

мекемелерге  бағыттау  болып  табылады.  Сонымен  қатар  арнайы 

логопедиялық  көмек  ауруханалардың  психоневрологиялық,  неврологиялық, 

нейрохирургиялық, отоларингологиялық бөлімдерінде ұйымдастырылады. 

Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты мекемелер: 

-  Мүгедек балаларға арналған интернаттар. 

-  Психоневрологиялық интернаттар. 

-  Әлеуметтік орталықтар. 

 Барлық арнайы мекемелерде логопедиялық көмекті «логопедия» мамандығы 

бойынша  арнайы  жоғары  білімі  бар  мамандар  көрсете  алады.  Ал  дәрігерлер 

сөйлеу  мүмкіндіктері  шектеулі  тұлғаларды  анықтап,  диспансерлік  тізімге 

алып, арнайы көмекті уақытында алу үшін логопед мамандарға жібереді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет