I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет96/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   256
Э  дыбысынан,  ауыз  ұрттарын  тартып  ауыз  қуысын  жіңішкерту  арқылы  и  

дыбысын  жасаймыз.  И  дыбысын    пи-пи  буындарын  айтқызу  арқылы 

еріндерді жылжытып  ы  дыбысын жасаймыз. 

Л  дыбысын    ы   дыбысынан  қою  үшін  тілдің  ұшын  тістер  артына  тығып,  Ль 

дыбысын  –  й    дыбысынан,  тілдің  ұшын  тістер  артында  ұстап  айтқызуға 

болады. 

Дауыстылардан  м,  н  дыбыстарын айтқызуға болады. Себебі, жұмсақ таңдай 

оларды  айтқан  кезде  төмен  түсіріледі  де  ,  мұрын  арқылы  айтылады.  Кез 

келген дауыстыны айтқан және сол кезде жұмсақ таңдай төмен түсіп, еріндер 

қосылуы  дауысталған  ауа  ағының  мұрыннан  жібереді;  бұл  айтылуды 

тактильді  сезіну  арқылы  түзеткенде  М    дыбысына  қол  жеткіземіз,  ал    м 

дыбысынан    дыбыс  айту  мүшелерінің қалпын  өзгертіп  (тілдің  ұшы  жоғарғы 

күрек тістерге тіреледі) н  дыбысына қол жеткізуге болады. 

 Осыған  сәйкес    и  дыбысынан  мь,  нь  дыбыстары  жасалады.  Й    дыбысы  зь 

дыбысынан,    тілдің  артқа  қарай  жылжыту  арқылы  қойылады,  және    и 

дыбысынан аи,  ои  буындарын  и  дыбысын қысқа айту арқылы қоямыз. 

Барлық  айтылғандар  №1  сызбаға  жазылады  (20  сурет).  (үзіліссіз  сызық 

дыбыс  айту  ұзақтығын,  пунктир  сызық  –  қысқалығын  көрсетеді).  №2  сызба 

(21  сурет)  екі  бөлімнен  тұрады:  жоғарғы  және  төменгі.  Жоғарғы  бөлімде 

барлық қатаң дауыссыздар, ал төменгіде  барлық  ұяң дыбыстар көрсетілген. 

Бұл  бөлімдердің  әрқайсысы  4  көлденең  қатардан  тұрады.  Жоғарғы  екеуі  – 

артикуляцияның  күрделену  қағидасы  бойынша  орналасқан  барлық  қатаң 

фрикативті дыбыстардан құралады.  

Бастапқы      ф,  ф’  дыбыстары  созылып  айтылады.  Басқа  екі  қатар  сол  қағида 

бойынша барлық  үзілмелі қатаң дыбыстардан құралады; бастапқы дыбыстар 



ф, ф’ қысқа айтылуынан. Сызбаның төменгі  бөлімінде ( бастапқы с’, с)  ұяң 

дауыссыздар. 

 Ф  және  в    дыбыстары  мен  олардың  жіңішке  жұптары  бастапқы  (сүйеніш)  

ретінде  төмендегідей  себептермен  пайдаланылады:  олардың  артикуляциясы 

оңай,  көріп  қабылдауға  түсінікті;  оларды  айтқанда  ауа  ағының  тактилбді 

түрде  оңай  сезуге  болады;  тіл  бұл  дыбыстарды  айтқанда  енжар  қалыпта. 

Одан  басқа,  бұл  дыбыстардың  артикуляциясы  көбінесе  бұзылмаған  болып 

келеді. 


 Ұсынылған  сызба  бойынша  дыбыстарды  айтқызудың  мынадай  тәсілдерін 

қолдануға болады: 



Ф  дыбысынан (созып айтқанда) мынадай дыбыстарға қол жеткізуге болады: 

а)  «с»  дыбысынын  тіс  аралық  айтылуын    ф  дыбысын  тілді  шығарып 

айтқызып; 

ә) Ф  дыбысын айтқан кезде механикалық түрде артқа қарай жылжытып  –Х

дыбысын; 

б) Ш дыбысы -өз артикуляция мүшелерінде немесе  механикалық  көмекпен 

тілдің ұшын жоғары көтеріп. 



 

185 


 Ұяң  дыбыстар  «в»  дыбысынан  жоғарыдағыдай  қойылады:  «с»  дыбысынан 

мыналарға қол жеткізуге болады: 

а) «ш» дыбысы- тілдің ұшын жоғары көтеру арқылы; 

ә) «х» дыбысы – тілдің ұшын артқа қарай итеріу арқылы. 

 «С»  дыбысынан,  еріндерді  сәл  алға  қарай  жылжыту  арқылы  механикалық 

тәсіл арқылы тілді артқа қарай қозғалтып х’, щ дыбыстарын қоюға болады. 



«З» дыбысынан «ж» дыбысын да, осылай қоюға болады. 

Ф,  ф’  дыбыстарын  қысқа    айту  арқылы  төиендегідей  дыбыстар  қатарын 

қоюға болады: 



Ф дыбысынан ---: 

а)  артикуляцияны  көріп  бақылау  немесе  механикалық  түрде  төменгі  ерінді 

жоғарғы тістерге тигізбей, еріндерді жақындатып  п  дыбысын қоямыз; 

ә) ф --- дыбысын тілді шығарып қысқа   созып көп айтып  «т»  дыбысының 

тіс аралық айтылуына қол жеткіземіз. 

Жоғарыдағыдай:  «в» --- және  «в’» дыбыстарынан ұяң «б, б’», «д, д’», «в, в’» 

дыбыстарын қоямыз. 

«Т,  т’,  д,  д’»  дыбыстарынан  «к,  к’,  г,  г’»  дыбыстарын  тілдің  ұшын 

шпательмен басып артқа қарай жылжыту арқылы қоюға болады. 

«Т’» дыбысынан – «ч» дыбысын тілді артқа қарай жылжытып, еріндерді алға 

қарай созу арқылы қоюға болады. 

Басқа  дыбыстар    Ф.А.Рау  ұсынған  әдістеме  бойынша  қойылады.  Сонымен, 

балалардың  дыбыстарын  қойғанда  логопедиялық жұмыста  әртүрлі  бастапқы 

артикуляцияларды пайдалануға болады. Сондай-ақ жаңа артикуляция ертерек 

дайындалады, да, жұмыстағы қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. 

Ұсынылып  отырған  дыбыстарды  қалыптастыруда  логопедиядағы  жалпы 

қолданылатын  ызың,  ысқырық,  сонорлы  дыбыстар  топтары  бойынша 

дыбыстарды  меңгеру  кезектілігі  жоқ  .  Дыбыс  бойынша  жұмыс  кезектілігі 

ринолалиясы    бар    баланың  артикуляциялық  аппаратының  дамуының 

мүмкіндіктерімен  белгіленеді  де,  жұмыс  басында  сөйлеу  кезіндегі  дұрыс 

тыныс  алуды  дамытуға  арналады.  Дыбыстау  бойынша  жұмыстың  басында 

сабақтардың  алғашқы  кезеңдерінде  енжар  болған  сөйлеу  аппаратының  орта 

бөлімі белсендіріледі. 

Ринолалиясы  бар  баламен  атқарылатын  жұмыстың  негізгі  міндеті  іске 

асырылады,  яғни    бұл  бала  үйренген  дыбыстарды  айтқанда    мұрын  арқылы 

дем шығармай, ауыз арқылы дем шығаруға баланы үйрету. Бұл міндет жұмыс 

барысында  үнемі  ескеріледі:  ауыз  арқылы  дем  шығару  ұзақ    созылып  (дем 

толық  шыққанға  дейін)  артикуляция  мүшелерін  кинестетикалық  сезінуге 

үйретуде, дауыссыз, дауысты дыбыстар артикулемалары бойынша жұмыста; 

ауызбен  дем  толық  шығару  сақталған  фрикативті  қатаң  дауыссыз  дыбыстар 

артикуляциясын  кинестетикалық  сезінуге    үйретуде;  ауызбен  қысқа  дем 

шығарудағы қатаң фрикативті дыбыстар артикулемаларын қалыптастыруда. 

 Нәтижелер  кестелерде  белгіленеді  де,  біртіндеп  өңделеді.  Оларды  толтыру 

балалармен жұмыс кезеңіне сәйкес жүргізіледі. 

 Сабақтардың  басында  кестеге  тек  –  қойылған  дыбысты  әріппен  белгілемей, 

дыбыстардың сыртқы артикуляциясының сызбасы еңгізіледі. 




 

186 


 Фрикативті  дыбыстың  сыртқы  артикуляциясының  суреті;  жаттығуды  толық 

дем  шығаруға  дейін  жасауға  болатынын  белгілейтін  сызықшамен 

белгіленеді. 

Үзілмелі  дыбыстың  суреті,  дем  шығару  шапшан,  үзілмелі  болатынын 

белгілейтін нүктемен толықтырылады. 

Анық  айтылатын  дыбыс  кестеде  әріппен  белгіленеді.  Әріп  таңбасы 

еңгізілгенде  баланың  назары    тағы  да  фрикативті,  үзілмелі  дыбыстардың 

айтылу  ерекшеліктеріне  аударылады.  Балаға  қойылмаған  дыбыстар 

әріптермен  белгіленбейді.  Дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды  айтқызу 

барысында  баланың  назары  тілдің  қалпына  және  ауыз  арқылы  дем 

шығаруына    аударылады  (дыбысталуына  назар  аударылмайды).  Бұл  баланы 

артикуляциядағы  ескі  динамикалық  стереотиптерден  аулақ  болуына  себеп 

болып,  логопедтің  жаңа  артикулеманы  қалыптастырылуын    қадағалауға 

мүмкіндік береді. Бала дұрыс артикуляцияны көру үлгісі бойынша,   сипаттау 

бойынша    және  қалыптыдан  ауытқу  жағдайларда  үнемі  түзетіледі. 

Алғашында  жаңа  дыбыс  артикуляциясының  негізінен    бұлшық  еттерін 

сезінуге  үйрету  қажет.  Оларды  баланың  санасында  бекіткен  соң, 

дыбысталуды    дыбысты  естіп,  қабылдап,  сезінуге  үйрету  жұмысына  көшуге 

болады.  Әріпті  еңгізу  баланың  дыбыс  айтуын  қадағалауын  белсендіріп, 

дисграфияның алдын алуға қызмет етеді. 

 Дыбыстарды қалыптастыру кезінде баланың артикуляциялық жаттығуларды 

зорлықсыз  және  артикуляцияда  бет  және  мимикалық    бұлшық  еттерінің 

қатысынсыз  орындауын    қадағалаймыз.  Баламен  сабақтарды  жүргізуге 

қойылатын негізгі талаптарды орындау және аталмыш жүйе бойынша жұмыс 

кезектілігін  сақтау  нәтижесінде  операцияға  дейінгі  кезеңдегі  логопедиялық 

әсердің  жоғары  тиімділігін  қамтамасыз  етеді  де,  анық  сөйлеу  тілін 

қалыптастыруға мүмкіндік береді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет