І. Тыңдап-түсінуге үйрету


ІІ. Сөзді тыңдап-түсінудегі қиындықтар



бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі37,04 Kb.
#20134
1   2   3
Байланысты:
Тыңдап түсінуге үйрету

ІІ. Сөзді тыңдап-түсінудегі қиындықтар

Тыңдап-түсінугеүйретубарысындаоқушылар көптеген қиындықтарға кездеседі. Тыңдап-түсінуге ‰йретуді дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім бұл қиындықтарды және оларды жеңу жолдорын жақсы білуге тиіс.

Тыңдап-түсіну дағдыларын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар негізінен екі топқа бөлінеді: а) қай тілде болмасын тыңдап-түсінуге үйретуде кездесетін жалпыға бірдей ортақ қиындықтар; ә) тек белгілі бір тілде тыңдап үйренуде кездесетін, арнайы қиындықтар. Ағылшын тілінде айтылған ауызша сөзді тыңдап-түсінуге үйрету үшін жалпыға бірдей, ортақ қиындықтарды жане қазақ оқушылары ағылшын тілінде тыңдап үйрену барысында кездесетін қиыңдықтарды білу керек.

Төменде аталатын қиындықтар кез келген тілде тыңдап-түсінуге үйрену барысьнда кездеседі.Олар қазақ оқушылары аѓылшын тілінде айтылған ауызша сөзді тьңдап-түсінуге үйренгенде де кездеседі. Бұл қиындықтар тобына мыналар жатады:



  1. Белгілі біройды, мазмұндыайтыпжеткізуүшін сөйлеушініңқолданғантілматериалыменоқушылар меңгерген тіл материалының арасьшдағы алшақтық. Тіл материалын таңдауда, оны қолдануда сөйлеуші оқушының меңгергентілматериалынескермейді. Ол өзіайтып жеткізгісі келген мазмұнды неғұрлым жан-жақты ашатын тіл материалын қолданады. Сондықтан сөйлеуші қолданған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін. Тыңдап отырған мәтінде кездескен таныс емес сездер, оқылмаған грамматикалық құбылыстар оқушыға тыңдаған мәтінінің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұлқиындықтыжеңудіңжолы — оқушылардьң пассивтік және потенциалдық сөздік қорын байыту. Бұл жолда мынаны естен шығармаған жөн. Мәтінде таныс емес сөздер шамадан тыс көпдеген жалған әсер жиі кездесіп отырады. Оған себеп — жеке айтылғанда тьњдаушы сөздерді оп-оңай танығанмен, дәл сол сөздерді тұтас сөз құрамында кездестіргенде, сол тыњдаушытани алмай қалады. Сондықтан таныс сөздердің өзі таныс емес сөз болып көрінеді де, оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Қиындықты жеңу үшін оқушылырдың пассивтікжәнепотенциалдық сөздікқорын байытумен қатар мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағынасынболжауғаұсақтекстерде өткенлексиканы тануғадағдыландыратынжаттығулардыорындауқажет, сондықтаноќушылардыкейбіртанысемессөздерібар мәтіннің мазмұнын түсінуге де дағдыландыру керек.

  2. 2Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Олай болса, аѓылшын тілі мұғалімінін де өз ерекшеліктері мен интонациясы бар. Оқушылар мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне әбден дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінбеуі мүмкін. Осыған байланысты шетел тілі м±ғалімдері мен єдіскерлері ,мынадай сұрақ қояды: неге жеті жыл бойы шетел тілін оқыған оқушы мұғалімнің қойған сұрақтарын тусінеді де, дәл сол сұрақтарды шетелдік адам қойса, түсінбейді? Бұл жерде сөйлеушінің дауыс ерекшеліктері де түсінуге ықпал етеді. Мысалы, ер адамның жұмсақ қоңыр даусын тусіну жеңілірек те, әйел адамның дауысы, әсіресе жіңішке, ащы дауысты түсіну қиындық келтіреді. Бұл қиындықты жеңудің жолы — сабақта техникалық құралдарды, әсіресе магнитофонды жиі қолдану. Магнитофонға ер адамның да, әйел адамның да, баланың да сөзін жазып алып, оны оқушыларға тыңдату керек. Сонда әр түрлі тембрлі дауыстарды тыңдап, дағдыланған оқушы өз м±ғалімінен басқа сөйлеушілердің де сөзін тыңдап-түсіне алады.

  3. Әдетте мұғалім сабақта аѓылшынша сөйлегенде, өте баяу ырғақпен сөйлейді. Мұндағы мақсат — мұғалімнің аѓылшынша айтқанын барлық оқушылар түсінсін дегендік, баяу сөйлесе, оқушьшың түсінуіне жеңіл болады деп ойлағандық. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, одан тезірек сөйлегенде, түсінбей қалады. Оқушылар үшін мұндай жағдайда қалыпты ырғақпен айтылған сөз тым тез көрінеді де, ілесе алмай қалады. Соның салдарынан олар қалыпты ырғақпен айтылған сөзді түсіне алмайды.

  4. Мұғалім сабақта аѓылшынша сөйлегенде, тағы мынадай бір қателік жасайды. Айтқанымды оқушылар түгел түсінсін деген мақсатпен ол аѓылшынша бір айтқанын бірнеше рет қайталапайтады(әдетте3-4рет).Осығанәбден дағдыланып алған оқушылар мұғалім сөйлей бастағанда ауелде оныңсөзіне,мүлдем құлақ аспайды. Айтќанын екінші,үшінші рет қайталауын күтіп отырады. Шынайы коммуникацияда сөйлеушіайтқанынқайталамайды,тек бір-ақ рет айтады. Қайталап тыңдауға дағдыланған оқушылар алғашқыда айтылған сөзді тыңдамай, оны естімей қалады да, түсінбейді. Мұндай жағдай оқушылардың тыңдап-түсінуіне үлкен қиындық келтіреді.

Осықиындыққабайланыстышетелтілі мұғалімдер мен єдіскерлеріоқушыларғамазмұнындұрыстүсіну үшін мәтінді неше рет тыңдату керек деген мәселені қойып, соны шешуге күш жұмсап жүр. Бұл салада єдіскерлер мынандай қорытындыға келді. Тыңдаған мәтінінің мазмұнын түсіну үшін оны оқушыларға бір-ақ рет тыңдату керек. Ал сол түсінген мазмұндықайталап айтып берукерек болған жағдайда оны екінші рет тыңдатуға болады. Олай болса, аѓылшын тілін оқыта бастағаннан ақ мұғалім өз сөзін қайталамауға тырысуы тиіс, сөйтіп оқушыларды бір айт-қаннан тусінуге дағдыландыру керек.

  1. 5Жалпыға ортақ келесі қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет-әлпетін көріп, оңың сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді. Мысалы, үлкен аудиторияда соңғы қатарда отырған адам баяндаманы нашар түсінуінің себебі оның нашар естуіне байланысты емес, онын баяндамашыны нашар көруіне байланысты.

Нағыз коммуникация барысында тыњдаушы сөйлеушіні көре алмайтын жағдайлар кездесуі ғажап емес. Мысалы, сөйлеуші көрші бөлмеде болуы мүмкін. Сондай-ақ телефонмен сейлескенде де тыңдаушы сөйлеушіні көре алмайды. Радиохабарларды тыңдағанда да дикторды көріп, оның бет-әлпетін, сөйлеу органдарының қимыл-қозғалысын бақылау мүмкін емес. Бұл жағдайлар тыңдап отырған сөзді түсінуді ауырлатып, көп қиындықтар келтіреді.

Аталған қиындықты жеңу үшін мұғалім сабақта магнитофонды жиі қолдануға тиіс. Магнитофонға жазылған мәтіндердітыңдауғадағдыланунәтижесіидеоқушылар сөйлеушінікөрмей, оның сөзін тусінуте үйренеді.

Сондықтан аудитивтік іскерліктермендағдылардыдамытуда магнитофонның қызметі ерекше.


  1. Жалпыға ортақ қиындықтардың келесі түрі аудитивтік мәтіннің ұзақтығына байланысты. Ұзақ уакыт тек басқа адамның сөзін тындағанда, тыңдаушы шаршап, жалығады, сондықтан тыңдағанын түсіне алмайды. Сөйтіп, методикада аудитивтік мәтіннің ұзақтығы, оның көлемі қандай болу керектігін анықтап алу қажеттігі туады. Оқушылардың алғашқы сатыда тез шаршайтынын ескере отырып, 1,5—2 минут ұзақтық дұрыс деуге болады. Одан артық болса, оқушылар шаршайды да, тыңдай алмайды, түсінбейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет