Ыбырай алтынсарин



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата06.03.2017
өлшемі154,66 Kb.
#8273
  1   2   3

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН 

(1841-1889) 

азақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазу-

шыныц бірі — Ыбырай Алтынсарин. Ол — за-

манының ірі ңоғам қайраткері, түңғыш педагог жазушы, 

қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын 

т ү ң ғ ы ш қазақ мектебін ашушы. Болыстық бастауыш мек-

тептер мен училищелерді йымдастырушы. Ңазақ елін ңа-

раңғылық бүғауынан алып шығып, козін ашып, көкірегін 

оятуды көздеген халық қамқоршысы. Жастарға өмірлік 

оқудың есігін айқара ашып, болашағын меңзеген өнер-бі-

лімнің жалынды жаршысы. Б қарашыл көзқарастағы оқу 

жүйесін негіздеуші. Озық ойлы, шқыр қиялды, шешен 

тілді өперпаз. Жаңалық пен жақсылыққа бастаған ізгі 

ниетті азамат. Өз өмірін халқы үшін еңбек етуге түгел 

ж мсаған адал жанды, зор жүректі, шын мәніндегі адам. 

Тереңнен толғап, жүрек тебіренте жыр шерткен кемеңгер 

ақын. Ңазақтың рвалистік жаңа әдебиетін негіздеушінің 

бірі. Жан-жақты білімі бар талантты зерттеуші — ғалым. 

Ыбырай Алтынсарин ңазақ қоғамының тым мешеу ке-

зеңінде, қазақ аулының үстіне төнген қара түнектің жиегі 

котерілмей түрған кезде өмір сүрді. 

Ел үстемдерінің халықты езіп-жаншуына патша өкіме-

тінің қанауы қосылып, қайғысы арта түсті. Патшаның қа-

рулы күшіне сүйенген жергілікті әкімдер мен феодалдар 

халық ңанын сүліктей сорып, буынын 

босатып, діңкесін 

қ ртып жатқан кез болды. Осындай қайғысы мен ңасіреті 

мол кезеңде өмірге келген азаматтың мақсаты мен міндеті 

ңандай? Ол міндеттГтүсініп, қолынан келген септігін тигі-

зуге талаптанбаған адам қапдай адам? Міне, осындай зама-

зы сынған талаптардан тартынбай күрес майданына ат-

ханып, өмір тауқыметін тартқан халық лының бірі — 

к 

277 


Ыбырай Алтынсарин еді. Ақынньщ осынау бір ауыр 

кезеңде өмір сүріп, жасымай, талмай елі үшін еңбек еткені 

келешек үшін қымбат, ең ардақты іс. 

«Ірі ағартушы, озық саналы әлеумет қайраткері, өнер-

лі ақьшның артында қалдырған ізіне, қадірлі жолына, қа 

рап отырсақ, заманына бақсақ,— дейді М. 0. Әусзов.— кө-

ңілге үлкен-үлкен алғыеқа толы ойлар келеді. Сонда. оз 

омірінің, еңбегіпің барлық қисынсыз қиын шалғайлыкта-

рының бәрін елеместен, жасымастап батыл басып, дайы 

зап бара жатқан шын зор қайратты танисың. М ндай іс 

пен т рақты аинымас мінез тек қана халықшыл, азамат-

тық санасы айқын жаннан шығады. Ыбырайда сол күш те-

рец еді, мол еді. Ол сананың үлкен оты мүның ізгі жүре • 

гінде мол уақыт берік орнаған»

Революцияға дейін-ақ белгілі галымдар Ыбырайга на-



зар аударып, оның ағартушылың қызметіне тілектестік 

білдірді. Әсіресе, Қазан университетінің профессорлары 

мен Орынбор оқымыстылары, қала интеллигенциясының 

көрнекті өкілдері оган ақылшы болып, сарқылмас талапты 

мен қажырлы жігеріне назар салды. 

Ыбырай т стастарының бірі Ф. Д. Соколов 1889 жылы 

ақын өліміне қаііғырьш жазғап хатында былай деген бо-

латын: «Қазақ халқы оны өте қүрметтейтін. Орыс посе-

лендері де оны қайырымды және әділ адам ден танитыи. 

Ңостанай интеллигенциясын ол жоқ жерде көңілсіздік 

басатын, сол қоғамға жан беретін адамдай және көңілді, 

сүйкімді кеңесші ретінде барлық жерде де оны өзгеше бір 

қуанышпен қарсы алатыи»

2



Ыбырайдың қоғамдық ролін сол кездің баспасөзі де жо-

ғары бағалады. «Оренбургской листок» газетінде жария-

ланған қаралы хабарда: «...Алтынсарин қазақ арасына 

әуелі Европаның білім-ғылымының көзін ашқан бір аяулы 

жан болды»

3

,— деген-ді. 



Н. Ильминский — Ыбырай тураяы т ңғыш естелік  е ң -

бек жазып қалдырған адам. Ол «Ы. Алтынсаринді еске 

алу» деген көлемді кітабып 1891 жылы Қазан қаласында 

бастырған. Б л кітап — Ыбырай творчествосын тануда 

маңызы зор, алғашқы биографиялық естелік, әрі қазак жа-

1

М у х т а р  Ә у е з о в . Ыбырай Алтынсарин — қазақ әдебиеті-



нің зор қайраткері. «Соц. Қааақстан» газеті. ІІ/ІV—1950 ж. 

2

 Н. ІГ.  И л ь м и н с к и й . «Воспоминания об И. Алтынсарине». 



Казань. 1891. с. 368—388. 

3

 «Оренбургский листок» газеті, 1889. Б л некролог «Дала 



уолаяты газетінде» «М ханиб» деген атпен қазақша да басылған-н 

ды (1889 жылғы 33-санынан қарацыз). 

278 


зушысы туралы жарияланған т ңғыш еңбектердің бірі ре-

тінде қүнды. Ильминский Ыбырайдың хаттарын, оған қоса 

кейбір адамдардың жазған жауаптарын жариялады. Бірақ 

Н. Ильминский ақын шығармаларып талдауды мақсат ет-

кен жоқ. Нақ осы сияқты революцинға деііін Ыбыраіі ту-

ралы жазылған басқа ецбектер де тек әркімнің естеліктері, 

хаттары пе мақалалары дәрежесіндегі туындылар. Олар 

ақьш туралы кейбір деректер гана бере алады. Ңазақ ға-

лымдары ғана Ыбырай творчествосын жан-жақты, терең 

зерттеуді қолға алды. Б л салада елеулі табыстарымыз да 

жоқ емес. Ең алдымен жазушы шығармаларын түгөл жи-

нап бастырып, оны халық игілігіне айналдыру ісі жүзеге 

астът. Ыбырай еңбектері өз алдына жеке жинақ болып он 

шақты рет басылды. Оның академиялық жинағы шықты. 

Дүниеге көзқарасы, педагогтық, қоғамдық қызметі өз ал-

дьгаа бөлек зерттелді. 

Ыбырай шығармаларын талдау орта мектеп оқулықта-

рыяда басталған-ды. Оның педагогтық ңызметі мен ағар-

тушылық идеялары туралы Ә. Садықов, Т. Тәжібаевтың 

кітаптары бар. Ңоғамдық әлеуметтік көзқарасы туралы 

Ң. Бисембиев пен Б. Сүлейменов, М. Ақынжанов зерттеу-

лер жүргізді. Ал шығармалары туралы М. Әуезов, С. Мү-

қанов, Ә. Ңоңыратбаев, Ә. Дербісәлиндер еңбектер жазды. 

Б ларға қоса, орта мектепке арнап оқулық жазған автор-

лардың бәрі де Ыбырай творчествосыпа талдау жасап, 

оның еңбектеріне тиісті бағаларын беріп келеді. Ңазіргі 

белгілі әдебиетшілеріміз ішінде Ыбырай туралы мақала 

жазып, пікір айтпағандары кемде-кем. Сөйтсе де, Ыбырай 

твортествосы түгел зерттеліп болды деп тоқмейілсугө бол-

мас еді. Жазушының творчествосын жан-жақты агаа түсу-

дің маңызы қашанда алда т ра бермек. 

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостапай облысы, За-

тобол ауданында (б рынғы Арақарағай болысы) туып өсті. 

Болашақ ақынның балалық  ш а ғ ы р у басы, ірі феодал Бал-

ғожа бидің семьясында отті. Балғожа — қазақтың белді 

биінің бірі. Ол оз кезіндегі билерге тәп шешендік өнерді 

де меңгерген, сөзге орамды, тілге үста адам ретінде айна-

ласындағыларға әмірін жүргізіп отырған-ды. 

Ыбырай, ең алдымен, м сылманша оқып сауатын аша-

дьі. Ол 2—3 жылдай ел молдасының алдын көреді. Осы 

сәби кезінде-ақ Ыбырай өзінің қыпты жас екенін таныта-

ды. Атасы Балғожаның т жырымды сөздөріне көңіл қо-

йып, ел ішіндегі шешендер сөздерін көңіл қоя тыңдайды. 

279 


Бойына біткен байқағыштық пен қыптылық Ыбыраіі 

болашағын белгілегендей еді. Зерек те зерделі, сергек те. 

сезімтал жастың тәрбнесіне коңіл аудармай, оның бойын-

дағы жалын шқынын танымаіі өтер Балғожа би емес-ті 

Ол басқа балаларына, не ж рағаттарына тоқтамастан, 

Ыбырайды қолға алын, оз орнын басар, болашағының үмі-

тін артар м рагері санауы — жас бойындағы жасырын қа-

білеттің шығын көріп, оныц шырқау шыңын танығандық 

болатын. Көпті көрген көне бидің зердесі жас Ыбырай 

бойындагы шымырлап жатқан талап пен таланттың көзін 

табуга жетсе де оның бой созар шынары меп болашағьша 

сеніңкіремеген еді. 1850 жылы 9 жастағы Ыбырайды 

Орынборда қазақ балаларына арналып ашылып жатқап 

жеті жылдық мектеш;р апарып берген Балғожаның ойы 

мен сыры осы т рғыдан шыққап-ды. 

Мектеп сабағы орыс, татар тілдерінде жүрсе де Ыбы-

рай оқуда аса ыждағаттылық көрсетеді. Өзі қатарлас 30 

баланың алды болып көзге түседі. Мектеп оқуындағы дін-

шілдік пен патшашылдық тәрбиенің басымдылығына 

қарамастан, Ыбырай ғылымға қ гатар жасболып шығады. 

Орыс тілін жақсы меңгеріп, сол тілде жазылған окулық-

тарды түсініп оқиды. Ғылым негіздерін тануға біраз мүм-

кіндік алады. Оқығап сайын қ марлығы арта түскен іздеп-

гіш жастың өміріне азық боларлық бай әдебиет табылып, 

одан жаңалық жолының жетер жерін тап басқандай әсер 

алады. Мектеп жылдарында Ыбырайдың орыс халқы мен 

Батыс, Орта Азия мен Шығыстың аты-шулы аңын-жазу-

гаыларының шығармаларын оқуға қолы жетеді. Пушкин, 

Лермонтов, Гоголь сияқты данышпан жазушылардың шы-

ғармалары қолға түскенде бейне бір іздегені табылғандай 

қуана кірісіп, қызыға, қ ныға оқиды. М сылман қауымы-

на көп тараған Фердауси, Низами, Науаи шаығармалары 

мен арабтың «Мың бір түні» сияқты ертегілері мен қис-

салары, араб, иран әдебиеті классиктерінің ецбектері мсн 

«М хтасар» кітаптары Ыбырай қолына түспеді деуге бол-

мас еді. Б лардың кейбіреуін оқушы кезінде оқыса, кейбі-

реуін кейінірек өз бетімен іздену жолында тауып оқығаны 

сезсіз. Батыс Европа әдебиетін ол кейінірек оқыса керек:. 

Әсіресе. Орынбордағы 7 жылдық мектепті бітіріп шыққан-

нан кейін, кеңсе қызметінде жүрген кезінде оқыған болуға 

тиіс. Себебі, осы жылдары Ыбырай В. Григорьевпен жа-

қын араласып, осы ғалымның бай кітапханасын пайдала-

нады. Ал, В. Григорьевтің кітапханасында орыстың ірі 

жазушыларымен қоса Европа әдебиеті өкілдерінің еңбек-

тері болған. Француздың, немістің әдебиеті ол кездегі орыс 

280 


интеллигенциясының қолдарынан түспейтін, көп оқитын 

кітаптары болғаны мәлім. Ыбырай ғалым достарымен үз-

діксіз байланыс жасап, кітап алдырып оқиды. Кітапты 

Ыбырай «аіірылмас серігім» деп босқа атаған жоқ. Ол 

Ильминскийден почта арқылы да үздіксіз кітаптар алды-

рады. 


Ыбырайдың Орынбор сияқты қалада оқуы, өз бетімен 

ізденуі. орыс интеллигенциясымен араласуы оның ой-өрісі-

ніц осуіне, өмірге козқарасының қалыптасуына көп жағ-

дай жасайды. Осындай зақ та, т рақты ізденіп оқу арқы-

лы ол оз мақсатын айқындай алады. Тілмаш болып, кеңсе 

қызметінде қалып қоймай, халқына қызмет етуді арман 

етті. Сол арманының алғашқы қадамы 1861 жылы Торғай-

дан мектеп ашуға р қсат алып аттанған сапарынан баста-

лады. Ыбырай б л мектепті тек 1864 жылы ғана аша 

алды. Оған дейін өз үйінде 4—5 баланы жинап оқытып, бо-

лашақ мектеп оқуының негізін сала берді. Өзінің тәжіри-

бесін арттырды. Осылайша 1864 жылы салынып біткен 

т ңғыш мектепке үлкен даярлықпен жеткен Ыбырай оқы-

ту ж мысына қ лшыпа кірісті. 

«Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, 

оте қызу кірістім»',— деп жазды ол өзінің досы Н. И. Иль-

минскийге. Осы хатында өзінің қалай оқытатыны туралы 

да айтып, оқыту әдісіне жетілген шебер педатог екенін та-

нытады. Б л ретте жас педагогтің грамматика сабағын 

жургізу әдісі өте тартымды және қызық. Ол сабағын белгі-

лі жүйемен жүргізіп, бірте-біртёілгерілеп, тереңдей береді. 

Ыбырдйдың бала оқыту ж мысы бірыңғай жүре берген 

жоқ. Ол Торғайдағы уездік басқармада әр түрлі ңызмет 

атқарып т руға тиіс болды. Іс жүргізуші, уезд бастығының 

аға көмекшісі, уездік судья қызметін атқарады. Б л ж -

мыстарын тындырып істесе де. бәріне де көңілі толып қа-

наға.ттанған емес. Қайта ол әкімшілік ж мыстардан жалы-

ғып, амалсыздан істеп, босқа кеткен уақытына өкінеді, 

ңалайда өз жүфегі қалаған творчестволық ж мыспен 

ш ғылдануды арман етумен болады. Б л пікірлерін Иль-

минскинге жазған бір хатында ашық айтады. «Менің қыз-

метіме бастықтарым өте риза, бірақ міндетті қызмет мені 

мүлде тойғызып барады. Ендігі барлық ойым б рынғыша 

ғылымда және ресми жағдайдан тыс қоғамға араласуда ға-

1

 Ы.  А л т ы н с а р и н . Таңдамалы шығармалары. А., 1955, 273-



бст. 

281 


на больш жүр»

1

,— дейді. Ыбырай әкімдер ортасыпда болу-



дан жалығады. Ол әкімдермен өткізген мағынасыз күнде-

ріне өкініп, Ильминскийге шағынады. Торғай лықтары, 

майор мырзалардың ертеден қара кешкедейін бос өткізетін 

көңілсіз өміріне жирене қарайды. Менменсіген топас ма-

йордың мінез-қ лқын келемеж етеді. Ол «өзінің майор 

екенін есімізге салып, еркелік те істейді»; карта ойнаудан 

басқа кәсібі жоқ, арақ ішіп, аузына келгенді қыза сөйлеп 

отырады деп,— олармен өткізген түгел бір күнін бастан-

аяқ суреттейді. Тіиті, олардың әцгімелерінің өзі көңілсіз. 

өрісі тар, уақ адамдар екенін дәлелдерлік мәнсіз сөздерін 

келтіреді (Сонда, 275—276-беттер). 

Ыбырай, осындай, «ат төбеліндей мырзалар тобының» 

жалқау ортасынан жиренеді. Ол білімді адамдар ортасын-

да болуға әр уақытта қ марланады. 

«Қазанда болсам, жақсы адамдарды көрсем, олардың 

ақылын тыңдап, тәлім алсам деген менің әлдеқашанғы ті-

легім...»— дейді ол Ильмпнскийге (282-6). 

Ыбырай кеңсе жүмысында пайдасыз өткізген он жы-

льш еске алып. «Ақырында, осы өзім т рған ортада акы-

лым да топастана бастады» деп, Ильминскийден өзін сол 

жағдайдан қүтқаруды с райды. «Адамшылық істің бәріне 

әділ қарайтын, түпкірде тығылып жатқан бейшара мүсә-

пірді... жақсы адәмдармен ашық кеңесіп, таза ауа ж туы-

ма мүмкіндік беріңіз»,— деп өтінеді (285-6.). 

Ыбырай әкімдер жанында Жүріп, олардың айтканын 

ғана орындап жүруді өзіне қорлық санайды. Ол өз бетімеп 

іс қылатын еркін еңбекті арман етеді. Дәреже мен шенге 

қүмартпайды, халыққа пайдалы іс қылуға қ мартады. 

Адамгершілік үшін қызмет істеп өту,— оның ең жогары 

мүрат-арманы. Әкімдерге оныц бүл мінездері үнай бермей-

ді. Сондықтан, Ыбырай қаладан аулақ елге, қашық түпкір-

ге кетіп, тыныштықта ж мыс жасауға мтылады. Б л пі-

кірін: 

«...Мен сірә бастықтармен істесе алмаспын, сондыктан 



бастықтардың жанында бағынышты болғандыңтан. өз 

ойымша ешнәрсе істей алмаіітың жерде болғанымнан гөрі 

шет түпкірде қызмет еткенімді тәуір көремін»,— деп ашық 

айтады (289—290-6.). 

Ыбырай істеп журген жүмысына қанағат қылмай, ха-

лық ағарту ісімен тікелей ш ғылдануды, ғалымдар орта-

сында жүруді үнемі мақсат етіп отырды. Өзінің бүл ойын 

1

 Ы.  А л т ы н с а р и н . Таңдамалы шығармалары. А., 1955, 



283-6. 

282 


достарына жазған хаттарында кіші пейілділікпен білдіре-

ді. «Бүл сияқты жүмысқа, ілкі кезінде, мен сияқты білімі 

шамалы, бірақ халыққа деген сүйіспеншілігі мол қазақтың 

араласуы қажет те ғой» (290-б.) деп, өзінің семинария-

ға, оқыту ісіне, ғылыми жүмысқа ауысуын орынды са-

пайды. 


Ыбырай оқытушылық, ағартутпылық жүмысты өзіндік 

жеке мақсат деп есептеген емес. Оның қоғамдық мәніне 

тереңнен түсініп, сол игілік үшін өзін қүрбан етуге даяр 

болған адам. Қазақ еліндегі қараңғылықтың торын б зып, 

ел көзін агау, тағылық зардабын тартқан халықтың ая-

пышты тағдырына аз да болса көмек ету азаматтық боры-

шым деп білді. Ағарту ісін өзінің адамгершілік м раты 

санаған Ыбырай сол жолға басын тігіп, қандай қиындыққа 

да көнді. Сөйтіп ол оқу-ағарту ісінің үгітшісі ғана болып 

қойған жоқ, соның қажырлы күрескері саналды. Бір адам-

пың қолынан келмейтін осынша ауыр істі өз мойнына 

алып, ерлік еңбек етті. Әкімдердің орынсыз ңуғынына да, 

ескіліктің керенау кесапатына да шыдап бақты. Алған бе-

тіпен қайтпай, дамылсыз ізденіп, дегеніне жету үшін соң-

ғы демі біткенге дейін таижылмай қызмет етті. Мүндай 

қауырт ж мыс, оның денсаулығын әлсіретіп, ауруға шал-

дықтырды. Бірақ оның ерлік жігерін еш нәрсе тежей ал-

мады. Өзінің бір хатында: «...аса көп оқып, көп жазам деп, 

бірнегае күннен бері басым ауырып жүр, оған қосымша, екі 

қүлағым бірдеіі бітіп қалды: сондықтан әрбір сөйлеген 

адамға қүлағының біреуін тоса қоятын Попечительдің сек-

ретары сияқты болып отырмын (ғылыми дүниенің шын 

соңына түскен адамның осылай болуы да керек ңой)»,— 

деп жазады (293-бет). Ыбырайдың бүл сөздерінен оның 

ғылым жолына, ізденуге түгел берілгендігі айқын сезіледі. 

БІбырайдың мектеп ашу жолындағы қоғамдық қызметі 

ерекше ескерерлік. Ол — алпысынгаы жылдардан бастап, 

өле-өлгенше оқу-ағарту ісімен үздіксіз ш ғылданған жа-

лынды педагог. Б рын ж қанасы жоқ жерден жаңа үлгіде 

мектеп ашу, оның барлық ісін жолға қою оп-оңай іс емес. 

Оның үстіне кертартпа феодалдық  к ү ш т е халық арасын-

дағы мәдениеттің тым төмендігі де, діни түсініктердің өріс 

алуы да прогрестік идеяның кең қанат жаюына кесірін 

тигізді. Өкімет, дін иелерінің өршітіп жатқан лт наразы-

лықтары да екі халықтың мәдени араласуына кедергі жа-

сады. Адал ниетті Ыбырайдың халқына деген ізгі ниетте-

рінің іске асуы осындай қатал қарсылықтарға килікті. Ба-

лалар тәрбиесін өз қолдарында қалдырмақ болған елдегі 

молдалар Ыбырай ісінің қауіпті жауы еді. Бүлар халық 

283 


қараңгылығын пайдаланып, Ыбырай ісін теріс түсіндіріп, 

дін жолымен «айыптай» түсті. Бірақ қалың копшілік дін 

иелерінің зорлық зардабын ғасырлар бойына шегіп, олар-

дың жақсылыққа бастамайтынын бірте-бірте түсіне берді. 

Сондықтан олар Ыбырайға қарсы қаншама әрекет істеген-

мен, б қара халыңты Ыбырайдан үркіте алМады. Ыбырай-

ды жақтаушылар тобы еңбекші елдің ішінде көбейе 

түсті. Олардың көкейіне Ыбырай сөздері берік ялады. 

Ыбырай кейбір молдалардың «Адам басын қатыратын 

зарар қасиеттерінен» жас үрпақты сақтап қалуды ойлады. 

Олар оқытып жүрген кітаптардың адамшылықңа зиянды 

екенін ашық аіітады. 

«Молдалар оқытыи жүрген татар, араб, парсы кітапта-

ры адам баласын дүрыс ойдан адастырады, кері кетіреді» 

(270-б.) деп жазады. 

Ильминскийдің қазақ туралы пікірлеріп қостай келіп, 

Ыбырай оған: «Сіз — қазақ халқы ғымтал, ақылды, да-

рынды, бірақ оңымаған халың дейтініңізге мен сенемін. 

Қазақтарды оқыту жөнінде бастықтарымыз бекіністердің 

жанынан мектеп салудан гөрі, үйлерінің онсыз да кызыл 

тобелерін боятқанды, онсыз да ақ қабырғаларын ақтай 

түскенді тәуір көреді...»,— деп, қазақ балаларып оқытуга 

ңырсыз болып отырғанын аТгтады (268-бет). 

Міне, осындай ортаның наразылықтарына қарсы күресе 

жүріп, Ыбырай қазақ балаларын оқыту, оларға мектсп 

ашу ж мыстарын қажырлылықпен ілгері бастыра берді. 

Орынборға қарасты қазақ өлкелерінің көп жерінен болыс-

тың бастауыш мектеп ашып, қалалардағы орыс мектепте-

ріне қазақ балаларып орналастыруға күш салды. Мектеп-

тер арқылы қазақ балаларын оқуға тартып, олардын білім-

ді, мәдениетті болып шығуына және солар арқылы караң-

ғы қазақ еліне әсер етуді негізгі мақсатынан санады. Сон-

дықтан. сол ашылатын жаңа мектептердің қандай негізде 

ңай жерде, қандай мақсатта ашылуы керек деген с раңтар-

ға жауап береді. 

Ол мектептер сыртқы, ішкі жабдығымен де, білім бе-

рерлік бағытымен де тартымды болуға тиіс деп біледі. 

«Мектеп — қазақтарга білім берудің басты қүралы. 

Олар қазақ даласының кез келген жеріне ретсіз орната са-

лынатын болса, ешбір пайда келтіре алмайды. Ал біздің 

барлық үмітіміз, ңазақ халқының келешегі осы, тск қана 

осьт мектептерде. Сондыңтан мектептерде жақсы (бір 

жөн — тәуір) білім беретін болсын, артта қалған халықты 

мектепке қызықтырып тарту үшін мектеп бітіргендерге 

қай жөнінен болса да бір артыңшылық берілетін болсын. 

284 


сонда гана оқушылардың саны ешбір күмәнсыз өте тез 

өседі. Осылай еткенде ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге 

д рыс козқарасы бар адамдар қазақ арасъшда көбейіп, бү-

кіл халыққа әсер ете алады, сонда татар фанатизмінің де 

күлі көкке үшады» (280—281-б.) деп жазады. 

Осындай алдына айқын мақсат қойған Ыбырай бала-

ларды тәрбиелеу ісіне де ерекше мән берді. Ол оқушыла-

рын адамгершілігі зор, білімді, халқына жаны ашып. оған 

аянбай қызмет еткендей мәдениеті жоғары адам етіп шы-

ғаруға тырысты. Мектептен алған азын-аулақ білімін жа-

уыздық жолына жүмсай ма деген қауіп оның ойынан кет-

кен емес. Ол: «Кейін парақор болып шықпаулары үшін 

оларға адамгершілік жағынап әсер етуге бар күшімді са-

лып отырмын» (274-б.) дей келіп, балама заң-законды үй-

рет деп талап қойған қазақтарды іштей сөгеді. Достарына 

жазган хаттарында б л талаптардың негізі даукестік, на-

рақорлық, арызқойлық сияқты жүғымсыз әдеттердің шы-

ғуына әкеліп соғатынын айтады. 

«Орысша екі, үш созді ғана біліп... мектепте оқудан 

жөнді білім алмай, д рыс түсінік алмай, олар адам болған-

сып, қазақ арасына барады да, өздерін көп білетін адам 

етіп, әсіресе закончик етіп көрсетеді. Бүған қазақтар сене 

қалады. Сойтіп, олар өздерінің азғантай білімін жауыздық-

қа ж мсайды, қазақтардың өздерін аяусыз жәбірлейтін бо-

лып шығады» (262—263-6.). 

Ыбырайдың педагогтық жүмысының ілгері басып, қыза 

түскен кезі оның Торғай облыстық мектептерінің инспек-

торы болып тағайындалған (1879) жылдардан басталады. 

Әрбір уездік қалалардан орыс-қазақ балалары бірге оңи-

тьш училищелер ашуды да қолға алады. Ол үшін елдев 

қаражат жиып, ақыры, бірнеше алты жылдық уездік учи-

лищелерді ашады. Инспектор кезінде мектеп оқуының әр 

саласына коңіл аударып, оның ж мысын жөнге қояды. Әр 

мектептің сырты тартымды, әсем, іші таза болуын қамта-

масыз етуге күш салады. Ол өзінің хаттарында б л пікір-

лерін былай білдіреді: «Мектептің шаруашылық жағдайла-

ры жаман болса, оның ісі ешуақытта да оңға баспайды

г 

пайдалы еш нәрсе бермейді, оның оқушылары да, оқыту-



шылары да істен күдер зіп кетеді. Бүған менің әбден кө-

зім жетті» (311-б.). Әсіресе, әр уезден апттырған екі клас-

ты мектептердің алдына қойған талабы осындай. 

Ыбырай мектеп тәрбиесін жоғары бағалап, оның оқы-

тушыларының сапасына да ерекше көңіл аударды. Жақсы 

мүғалімді дүниедегі ең қымбат көретін адамы санайды. Ол: 

«Өзімнің оқытушыларымды мен туысқанымдай көрем, біз-

28Ь 


діц барлық ісіміз де, ақыл-ойымыз да, тілегіміз де, мате-

риалдық кушіміз де бір, басқаша болуы мүмкіп де емес» 

(311-б.) дейді. Оқу ж мысында негізгі рольді оқытушыға 

артып. сол ролін жақсы атқара алатын м ғалімдерді жоға-

ры бағалады. М ғалімдерінің білімі, тәжірибесіне қоса, үс-

таған бағытына — идеясына да көңіл аударады. Ильмин-

скийден іскер оқытугаылар жіберуін с рап жазған бір ха-

тында ол б рын жіберген екі оқытушысының стаған ба-

іыттарына, адамшылықтары мен іскерліктеріне риза 

скенін айтады. 

«Сіз тәрбиелеп осірген Семен Меркулович пен Иван 

Григорьевпч, шынында да, өте жақсы жігіттер екен; ста-

ған бағыттары да, адамгершіліктері де жақсы екен...» 

(312-б.) дейді. Ыбырай м ғалімдерін бақылап, олардың 

сабақ беру қабілеттеріне дейін баға беріп, жөн сілтөйді. 

Олардың жалқаусынуына жол бермей, өнерін өсіре беруге 

көмектеседі. Балалар мен оқытушы арасының жақсы бо-

луын да ерекше ескертеді. М ғалім беделін, оны оқушы 

сыйлауы керек екенін және оқытушы да оқушысын өз 

баласындай көруге тиіс екенін айтады. Бірақ балалардьг 

б зықтық жасағанда жазғырып, тәртіпке шақырмаса бол-

майтынын да өз тәжірибесі арқылы түсіндіреді. 

Балаларды тәрбиелеуде тағы бір қажет пәрсе — оқу к -

ралы. Ол оқу қ ралдарымен қамтамасыз ету жолында да 

біраз еңбек етеді. Мектеп кітапханасын йымдаетырып, 

оқулықтар алдырып, орыс тіліндегі қ ралдарды аударъш, 

қазақ тілінде оқулық жазып, б л салада да тынымсыз іс 

қылады. Ол Ильминскийден кітаптар с рағанда сол кездегі 

б қарашыл педагогтар жазған оқулықтарды жіберуін 

отінеді. Өзі сол кітапты аудара бастағанын да айтады. 

Оқуды балалардың озіне түсінікті тілде жүргізу пайдалы 

деп білген Ыбырай: «Басқа халықтар сияқты қазақтарға 

да олардың өздеріне түсінікті тілде жазылған, оқығанда 

ақыл беріп ой түсіретін кітаптар керек» (271-6.) деп жаз-

ды., Осы мақсатпен ол қазақ тілінде т ңғыш оқу қ ралын 

жазды. 1879 жылы Ыбырайдың хрестоматиясы шықты. 

Б л кітаптың қазаң мәдениеті тарихында ерекше орны бар. 

Ол — б қарашыл идеядағы т ңғыш оқулық еді. Ыбырай-

дың б л хрестоматиясынан қазақтың көп балалары тәр-

биеленді. 

Ыбырайдың оқыту әдісінде де контеген жақсы бастама-

лар болды. Ол оқупшсьш өз тілінде сауаттандырып, одан 

кеііін орыс тілін үйретуде де жемісті істер атқарып отыр-

,ды. Тек кітаптағы сөздерді жаттатып, көшіртіп қоймай, 

286 


сөйлеу тіліне баулып, тәжірибеге штастырды. Б л істе 

м ғалімдердің ролі де ерекше деп білді. 

«Шәкірттерім аздап орысша сөйлей біле бастаған кезде 

мен оларды осындағы орыс балаларымен араластырып жі-

беремін» (274-бет.) дейді. Б ған қарағанда тілді үйрену 

үшін сөйлейтін орта керек екенін үққан. 

Ыбырай балаларға орыс тілі мен қазақ тілін бірдей үй-

ретті. Мектеп тәрбиесінің негізгі нысанасы қазақ өміріне 

әсер ету, халық т рмысын жаңғырту деп біледі. Өз еліне 

оқушылардың әсері шаруашылық жағынан да болуға тиіс 

деп ойлайды. 

«Мен қазақ балаларын қыптылыққа, тазалыққа, оты-

рыңшылық т рмыстың артықшылығына, мысалы, қ рғақ. 

жылы бөлмелерде т руға үйретудің өзі қазақ даласында 

тәрбиелік мәні бар ж мыс деп білем» (315-6.) деген сөаде-

ріне қарағанда, Ыбырай мектептің мақсаты тек білім беру 

гана емес, соған ңоса, елді мәдениетті т рмысқа баулу, 

жақсылыққа жетелеу деп зор үміт артқан. 

Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай — белгілі 

озіпдік жүйе-әдісі бар педагог. Ол ңазақтың т ңғыш б -

қарашыл педагогикасын, халықтың мектептерін негіздеу-

ші. Өзінің дидактикалық көзқарасы жағынан ол — лы 

ағартушылардың озық идеяларына сүйенген, б қарашыл 

педагогикасын жаңа жағдайда іске асырған ізгі ниетті 

адам. Белинский, Добролюбов, Чернышевскийлердің озық. 

идеялары, ағартушылық педагогтік оқулары Ыбырай жү-

регінен нық орын тепті. Ушинский, Толстой, Бунаков 

Паульсон сияқты даңқты педагогтерді стаз т тты. Ыбы-

рай осындай лы адамдардан тәлім алып өсті. Өзінің педа-

гогтік қызметтерінде солардың ңағидаларына сүйенді. Оны 

қазақ жағдайына, жаңа ортаға қолдану жолын ңарастыр-

ды. Сойтіп, басқа жағдай оны өзінше бөлек жүйесі, тәсілі 

бар үлттық қоғам қайраткері — қазақ педагогі етіп шы-

ғарды. Ыбырай осы стаздарының педагогикасын ілгері 

бастырғап — жаңашыл адам. Б ңарашыл педагогика үлгі-

сінде ол қазақ балаларына ыңғайлы ауыл мектебін — көш-

пелі жоие т рақты болыстық мектептерді ашты. М ғалім-

дер даярлайтын училище, шеберлікке үйрететін, қолөнері-

не баулитын әйелдер пансионы, қыздар мектебі, интернат-

тар ашты. Б лар қазақ балалары үшін ашылған т ңғыш 

оқу орындары болды, халықтық мақсат көздеген, жүйелі 

білім орны-саналады. 

Ыбырайдың педагогтік қызметі осы айтылғандармен 

ғана шектелмейді. Ол қазақ мектебін керекті қ ралдармен 

жабдықтаіі білді. Мектеп шаруашылығына ерекше коңіл 

287 


аударды.І К. Д. Ушинскийдің педагогикалық пікірлерін 

басшылыққа ала отырып, балаларды жаңаша тәрбиеледі. 

Еңбекті сүііе білу, өз ецбегімен күнелтерлік адал жан, аб-

зал азамат етіп шығаруға күш салды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет